Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта
1. Ұйымдастыру.
1-жүргізуші
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында – дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.
Топтарымызды таныстырып өтейік. Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.
І топ 5 «А»
ІІ топ 5 «Ә»
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Кім тапқыр?
ІІ. Қас-қағым сәт
ІІІ. Топ басшы сайысы
ІV. Ойымды жалғастыр
V. Ойлан тап!
2-жүргізуші
Oсы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.



1-жүргізуші
І кезең «Кім тапқыр?»
Мұнда әр ұяшықта тақырыпқа байланысты тапсырмалар берілген, әр топ кезекпен кезек ұяшықтарды тандап сол тапсырманы орындау керек. Егер дұрыс жауап берсе сол тандаған ұяшықтағы сан ұпай болып есептеледі, ал егерде дұрыс жауап бере алмаса ұпай берілмейді.
Логикалық
10 - 1 жұмыртқа 10 минутта піссе 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (10 минутта)
20 - 1т мақта ауыр ма, 1т күріш ауыр ма? (тең)
30 - Ағаш үстінде 20 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды? (1 торғай)
40 - Бірлігі мен ондығының санының қосындысы 2 - ге тең болатын санды ата. (11, 20)
50 -

Теориялық
10 – Санауда қолданылатын сандар калай аталады? (Натурал сандар)
20 – Өрнектің неше түрі бар? (2)
30 – S=ab? (Тіктөртбұрыштың ауданы)
40 – Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер не деп аталады? (Қысқартылмайтын бөлшектер)
50 – Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні калай атайды? ( Диаметр)

Қызықты есептер
10 – Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
20 – 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
30 – 84:Х=7 теңдеуін шеш
40 – 1 минут 1 сағаттан неше минут кем (59 минут)
50 – Шеңбердің радиусы 6 см. Диаметрі неге тең? (12 см)

ІІ кезең «Қас-қағым сәт» сайысы (әр топ тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан? (Аралас сан)
2. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар? (Жай сандар)
3. Ұшбұрыштың периметрі? ( P=a+b+c)
4. Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек калай аталыды? (Дұрыс бөлшек)
5. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды калай атайды? (Өзара кері сандар)
6. Тіктөртбұрыштың ауданы? (S=ab)
7. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін? (Бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек)
8. Санды нешеге бөлуге болмайды? ( 0-ге)
9. Натурал сандар дегеніміз? (Санауда қолданылатын сандар)
10. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандарды калай атайды? (Құрама сандар)
ІІІ кезең «Топ басшы сайысы»
Әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі сол тапсырманы қай топ басшы дұрыс орындайды соған 20 ұпай беріледі.
І топ ІІ топ
5/9+1 5/7∙(4 2/3-2 5/8):1 3/4 (2 4/9+1 1/6)∙1 4/5-3 1/9:2 1/3
ІV кезең «Ойымды жалғастыр»
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Жүзден жүйрік, (мыңнан тұлпар)
V кезең «Ойлан тап!»

І топ ІІ топ

1-жүргізуші
Cайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды.

2- жүргізуші
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Категория: Математика | Добавил: tukai76 (2016-02-16)
Просмотров: 924 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:44 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru