Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

рационал бөлшектерді қысқарту
Пән мұғалімі: Ермагамбетова Салтанат Ондасыновна
Қызметі: Математика пәні мұғалімі
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қысқарту
Сабақтың мақсаты:
Рационал бөлшектерді қысқарту, теңбе-теңдік, теңбе-тең түрлендіруді үйрету, алған білімдерін жүйелі қолдануға, сұрақтардың жауабын табуға дағдыландыру, шығармашылық жұмыс жасау арқылы пайдалануды үйрету
Оқушыларды логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру
Оқушыларды өзін – өзі басқаруға, дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ептілікке, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сыныбы: 7 класс (13-14жас)
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар, суреттер.
Күтілетін нәтиже:
Топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Оқушылар бірін – бірі сынау арқылы жаңа тақырып пысықталады.
Берілген тапсырмаларды жұпта орындай алады.
Оқушылар өздерін және достарын бағалауға дағдыланады.
Есеп шығаруда ережелерді қолдана біледі.
Бағалау критерийлері:
Миға шабуыл сұрақтарына жауап беруі.
Топтағы белсенділігі.
Берілген тапсырмаларды анықтау.
Есептерді шығару барысында формуланы қолдануы туралы айтып беруі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру.
- Бүгінгі біздің сабағымыз детектив-шоу ойыны түрінде өтеді. Оған үш команда қатысады. Бұл командалардың әрқайсысы қылмыстың ізін ашуға көмектеседі. Мен сіздердің келісімдерің бойынша жетекші із кесуші боламын, ал басты із кесушілер:
__________
__________
__________
Эксперт болып __________ жұмыс жасайды.
Кез келген детективтегі сияқты, бізде де жәбірленуші бар, ол ________.
Сабағымыздың эпиграфын шығарып алу үшін мынадай тренинг өткізіп жіберелік.
Қандай өрнекті бөлшек өрнек деп атайды?
Айнымалының мүмкін мәндері деп нені айтады?
Қандай өрнекті бүтін өрнек деп атайды?
Көпмүшені көбейткішке жіктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
Ал, енді жәбірленушіні тыңдайық.
-Жәбірленуші, не болғанын басынан бастап айтыңыз.
Жәбірленуші:
-Осыдан бір сағат бұрын менімен өзімнің бастығым хабарласып, менің фирманың жұмысымен тез арада Астанаға ұшуым қажеттігін айтты. Маған ұшаққа билетке тапсырыс беріліп қойылған. Келіссөзге қажетті құжаттар бастықтың кабинетіндегі папкада екен. Менің құзырымда екі сағат уақыт болды. Мен таксиге отырып, офиске келдім. Бастықтың кабинетіне кірсем, кабинетте менен бұрын да біреулер болған, барлық заттар шашылған, папка жоқ. Маған осы құнды құжаттарды тезірек табуға көмектессеңіздер екен, себебі мен іссапарға үлгере алмауым мүмкін, әрі келіссөз де үзіліп қалу қаупі бар. Бірақ мен папка үстел үстінде немесе сейфте болдыма білмеймін.
-Жәбірленушіге сұрақ бар ма?
Оқушылар:
Сейфтің шифрын білесіз бе?
Басқа қызметкерлерден тағы кімдердің бастықтың кабинетіне кіретіндей беделі бар?
Жәбірленуші:
Сейфтің шифрын білмеймін.
Тергеу жұмысын жүргізуге кімде қандай ұсыныстар бар?
Оқушылар:
Қылмыскерлердің санын анықтау қажет;
Сейфтің шифрын анықтау қажет;
Саусақтың ізін анықтау қажет;
Куәгерлерді табу керек.
-Олай болса, іздестіру жоспарын құрып, сабақ барысында осы оқиғаның мәнісін талдар көрелік:
Саусақ ізін анықтау;
Қылмыскерлер санын анықтау;
Сейфтің шифрын анықтау;
Куәгерлерді табу.
-Енді жоспарымыздың бірінші бөліміне кірісейік. Саусақ ізін анықтау үшін үй тапсырмасын тексеру.
№ 482
a∶7= a/7. 5∶a= 5/a. x∶y= x/y. (a+b):5=(a+b)/5.
-Сонымен саусақ іздерін түсіріп алып, экспертке жібердік. Енді қылмыскерлер санын анықтайық.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз рационал бөлшектерді қысқарту.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
a , b, c рационал өрнектері үшін a/b=(a*c)/(b*c) теңбе-теңдігі орындалады. Мұнда b ≠0, c≠0 . Бұл теңбе-теңдік ac/bc өрнегін оған теңбе-тең a/b өрнегімен алмастыруға мүмкіндік береді, яғни осы теңбе-теңдікті пайдаланып, ac/bc бөлшегін c көбейткішіне қысқартуымызға болады.
Анықтама. Құрамындағы барлық айнымалылардың мүмкін мәндері жиынында ақиқат болатын теңдікті теңбе-теңдік деп атайды. Өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды теңбе-тең түрлендіру деп атайды.
Мысал. a) 21y/(3y^2 )= (3y*7)/(3y*y)=7/y b) (a^2-9)/(ab+3b)=((a-3)(a+3))/(b(a+3))=(a-3)/b.
-Енді өз беттеріңізбен мына мысалды шығарып, қылмыскерлер санын таба қойыңыздар.
Мысал.
1топ: (36nm^2)/18mn=2m 2 топ: (4a^2 b^2)/(2a^4 b^2 )=2/a^2 3топ: (48p^4 q^2)/(24p^4 q^4 )=2/q^2

-Сонымен қылмыскерлер саны 2 болды. Енді сейфтің шифрын тауып көрелік. Ол үшін мынадай есептерді шығарайық.
Жаңа тақырыпқа есептер шығару. Командалардың шығарған есебінің жауаптары сейфтің шифры болады.
1 топ: a) (10a^2 b(x-y)^2)/(15a^4 b(x-y)^3 ) ; б) (2a^3-2b^3)/(5a^2-5b^2 )
2 топ: а) (7a^3 b^3 (a+b))/(21a^2 b^3 〖(a+b)〗^3 ) ; б) (3p^2-〖3q〗^2)/(6p^3+〖6q〗^3 )
3 топ: а) (3(a-b)〖(a-c)〗^2)/(6(a-b)(a-c)) ; б) (2a+4)/(a^3+8)
-Сонымен сейфтің шифрын таптық 332521. Сейфті ашып көрелік, бірақ өкінішті, оның ішіндегі қажетті құжаттар болмай шықты. Енді куәгерлерді іздестіріп көрелік.
Әр команданың із кесушісі келіп, карточка алып тақтаға шығарады. Ал қалған оқушылар жазып отырады. Қиналған детективке өз тобының оқушылары көмекке келуге болады.
Деңгейлік тапсырма: Теңбе-теңдікті дәлелдеңдер:
1 топ: (ac+bx+ax+bc)/(ay+2bx+2ax+by)=(x+c)/(2x+y)
2 топ: (x-xy+z-zy)/(1-3y+3y^2-y^3 )=(x+z)/〖(1-y)〗^2
3 топ: (3a^3+ab^2-6a^2 b-2b^3)/(9a^5-ab^4-18a^4 b+2b^5 )=1/(3a^2-b^2 )
-Өкінішке орай біздің куәгеріміздің тергеу жұмысын жүргізуге еш көмектері болмады. Енді соңғы тәсіл қалды. Жетекші детектив өзіміз болғандықтан менде бір ой болып тұр, егер мына тапсырманы орындасаңыздар, біз жәбірленушінің құжаттарын табамыз ба деп ойлаймын.
1 топ: (a^2-8a+16)/(ax-4x) , a=-5,x=-2 Жауабы: 4,5
2 топ: (3x^2-xy)/(9x^2-6xy+y^2 ), x= 3/4, y= -2/3 Жауабы: 9/35
3 топ: (x^3+x^2 y)/(x^2+2xy+y^(2 ) ) ,x=3, y=-2 Жауабы: 9
-Жарайсыңдар бұл есептіде дұрыс шығардыңыздар. Енді шыққан жауаптағы 9 санына ба йланысты, өзің тұрған жерден 9м қашықтықта құжаттарымен папка бар екен. Құрметті жәбірленуші, мынау сіздің құжаттарыңыз ба?
Жәбірленуші: - Жоғалған құжаттарымды тауып бергеніңіз үшін сіздерге көп рахмет.
-Сонымен, бүгінгі біздің сабағымызда өз мәресіне жетті. Сабаққа өте жақсы қатысқан топ ________
Жаңа сабақты тест арқылы бекіту.
Бағалау (топ жетекшілерінің топты бағалауы).
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу
Үйге тапсырма: №488, 489
Категория: Математика | Добавил: marykay290993 (2016-11-20) | Автор: Ермагамбетова Салтанат Ондасыновна E
Просмотров: 861 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru