Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

Шығыс Қазақстан аймағында өндірілетін қоңыр көмірдің өсімдік майын тазалауда қолданылуын тиімділігін зерттеу
Жұмыстың өзектілігі: Елімізде, өсімдік майының құрамындағы қоспалар, яғни азық-түліктік сапасын және технологиялық құрамын бұзатын заттарды тазалау мақсатында тиімді сорбенттердің жаңа түрлерін алу бүгінгі таңда өзекті мәсселердің біріне айналып отыр. Айтылған мақсатты табиғи қоңыр көмірді пайдалану арқылы шешуге болады. Бұл сорбентке біздің аймақ бай, атап өтсек Қаражыра, Кендірлік , Күршім жерлерінде қоңыр көмірдің мол қоры бар. Қазақстанда қоңыр көмірдің шикізат ресурстары бола тұрып, қазірде шетелден əкелінетін қымбат органикалық тыңайтқыштар пайдалануда. Шикізат көзі болып табылатын отандық шикізаттарды сорбент ретінде қолдансақ ол арзан, сонымен бірге экологияны да тазартуға да өз үлесімізді қосқан болар едік. Сонымен, айтылған мәселелерге байланысты, қоңыр көмірдің адсорбциялық қасиетін зерттеу бұл жұмыстың өзекті міндеті болып саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Шығыс Қазақстан аймағында өндірілетін қоңыр көмірді сорбент ретінде қолданып , оның құрамы мен қасиеттерін қарастырып , өсімдік майын тазалауда қолданылу тиімділігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1. Қоңыр көмірді сорбент ретінде қолдану мүмкіндігі жайлы әдеби шолу.
2. Негізгі обьект болып табылатын қоңыр көмірдің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу
3. Қоңыр көмірдің сорбциялық сипаттамасын анықтау
4. Өсімдік майларының қасиеті мен құндылығы зерттеу. Өсімдік майларының тазартудың әдістері қарастыру
5. Алынған сорбенттер арқылы өсімдік майын тазарту мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Кендірлік кен орнынан алынған қоңыр көмірд сорбент ретінде қолданып,өсімдік майын тазарту елімізде әлі зерттелмеген мәселлердің бірі. Сондықтан қоңыр көмірден сорбенттің құрамы мен қасиеттерін және олардың өсімдік майын тазалау мүмкіндігінің зерттелуі жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Зерттеу пәні: Қоңыр көмірдің өсімдік майын сорбциялау процесі
Зерттеу болжамы: Егер түрлендірілген қоңыр көмірді сорбент ретінде өсімдік майын тазалауға қолдансақ ,оның сорбциялаушылық қасиеті жоғары болады.
Зерттеу объектісі: Кендірлік кен орнынан алынған қоңыр көмір және өсімдік майы.
Зерттеу әдістері: Теориялық , эмпирикалық ( визуальды , титриметрлік ) , математикалық өңдеу әдістері.

1.1 КӨМІРДІҢ ТЕГІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Көмірді жанғыш тас, мұздай ағаш көмірі, жылтыр тас деп әр ел әр түрлі атағымен, ертеден шаруашылығында пайдаланғанымен, адамзат оның неден және қалай пайда болғанын білген жоқ. Кейбіреулер көмір қоюланған ауа десе,екіншілері көмір судан пайда болған деген пікір айтқан. Осы күнгі ғылыми мәліметтерге қарағанда көмір геологиялық ерте заманда өсіп өнген өсімдік қалдықтарынан түзілген. Көмір - жанатын қатты шегінді таужыныс, ол солған өсімдік қалдықтарының биохимиялық, физикалық-химиялық, химиялық және физикалық өзгерістері нәтижесінде қалыптасады. Көмірде органикалық құрамдастармен қатар ұдайы минералдық қоспалар болады, олардың мөлшері 1-2%-дан 50 %-ға дейін өзгереді. Жанғыш шөгінді жаралымдардың құрамында минералдық заттардың мөлшері 50%-дан асса, оларды көмірлі таужыныстарға немесе жанғыш тақтатасқа жатқызады. Қазба көмір заттың құрамы мен физикалық қасиеттерінің әр түрлілігімен сипатталып, бастапқы өсімдік материалының әркелкі табиғатымен, көмір жаралудың бірінші кезеңі мен өту жағдайларының ерекшеліктерімен, қалыптасу үдерісінде көмірлі алаптар температурасы мен қысымының өзара әрекетімен байланысты болады . Тас көмір бұдан жүз миллиондаған жылдар бұрын жер бетінің көпшілік бөлігін батпақ басып жатқан кезде пайда болған. Ондай жерлерде биіктігі он метрден астам ағаш тәрізді шаңжапырақ пен қырықбуындар өскен. Жапырыла құлаған өсімдік қалдықтары батпаққа батып жинала берген. Іркілген су ауаны өткізбейтіндіктен олар шірімей бара бара шымтезек қабатын құраған. Балшық пен құмның астына көміліп қалған шымтезек миллиондаған жылдар ішінде бірте бірте көмірге айналады. Тас көмірдің өсімдік қалдықтарына пайда болғандығын , оның қабаттарында кездесетін көмірге айналған ағаш діңі мен бұтағы, жапырақ таңбалары дәлелдейді. Адам тас көмірді ертеден өндіріп келеді. Көмір өндірудің екі әдісі бар. Олар ашық және жабық түрде алынады.Қойнауында көмір сиякты алуан асыл қазынасы бар жерде, оның қазыналары да бір күнде жарала қалған жоқ. Бұлардың әрқайсысының ұзақ тарихы бар. Жер тарихын ғалымда геологиялық уақытпен өлшейді. Геологиялық уақыт эраға, эралар дәуірілерге, дәуірлер замандарға, ал замандар ғасырларға бөлінеді. Осы күні ғылым жер құйқасын жер шежіресі деп атайды. Өйткені оны зерттей отырып жердің өзіне , оның көмір сиякты асыл заттарының, тарихын, пайда болу жағдайларын білуге болады. Ғылымда биологиялық эраларды әдетте грек тілінде атайды . Мысалы , ұзақтығы 1500-2000 млн. Жылдық ең ерте эраны эозой эрасы деп аталады. Бұл эраны жер жыныстарында көмір түзілу белгісі жоқ. Ол кезде өсімдік болмаған. Көмір түзулудің ең алғашқы белгілері одан кейінгі эрада полеазойда байқалады. Полеазой эрасы бес дәуірге бөлінеді: Кембрий, Силурий, Девон және Перм. Кембрий дәуірінде табиғатта көмір түзілу белгілері кездеспейді. Демек, бұл дәуірлерде өсімдік өсін кемеліне жетпеген. Силурий дәуіріндегі су балдырлары өсіп өнуге қолайлы жағдайлар тұған. Силурий 85 млн. жылға созылған ұзақ дәуір. Сондықтан онда бір жағынан су балдырлары өсіп өніп жатса, сондай ұзақ уақыт ішінде, олар қырылып, өздері өскен су түбіне бата беретіндей жағдайлар болған. Суға батып кеткен тұңбалар кейін көмір заттас жанатын сланецтер түзілген негізгі негізгі органикалық заттарға айналған.
Шымтезек құрамындағы қүрделі қосылыстар әр түрлі жағдайларының әсерінен химиялық өзгеріске ұшырап , бірте бірте оттекті жаңа қосылыстар бөліп шығарады. Осының нәтижесінде , шымтезекке қарағанда көміртегі бай, құрамы одан қарапайым, тығыз, қара қоңыр қатты зат қоңыр көмір түзіледі. Қоңыр көмір шымтезектей емес, жай көзбен қарағанда бір текті зат. Оның құрамындағы жапырақ,сабақ,тамыр тәрізді өсімдік қалдықтары күшті микроскоп арқылы ғана көрінеді. Қоңыр көмір сілтілердің, соданың ерітінділерінде шамалы ериді. Қоңыр көмір құрамындағы негізгі химиялық қосылыс гумин қыщқылдары , ал кейбір турлерінде битумдар да болады. Қоңыр көмір құрамындағы 45-78 % органикалық заттар, 8-15% су, 10-40% , минералдық 45% астам келеді.
Кендірлік көмір – жанғыш тақтатас орны , Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында , Зайсан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50–65 км жерде орналасқан. Кен орны 1874 жылы ашылған. 1920 ж. барлау жұмыстары жүргізілді. Кен орны солтүстік-батыс бағытта синклиналь қатпар жасай орналасқан. Геологиялық құрылымы палеозой , мезозой , кайнозой шөгінділерінен түзілген. Көмір қабаттары ортаңғы-жоғарғы тас көмір (Кендірлік шоғыры), жоғарғы пермь (Аққалқан шоғыры) және жоғарғы триас (Толағай шоғыры) кезеңдері түзілімдерімен байланысты. Жанғыш тақтатастар Кендірлік, Қараүңгір және Тараншы (Сайқан) шоғырларында пайда болған. Кендірлік шоғырында бір көмір (қалыңдығы 2,1 – 2,7 м) және екі жанғыш тақтатас қабаттары анықталған. Аққалқан шоғырында 50 шақты көмір қабаттары (жиынтық қалыңдығы 19м) анықталған, олардың ірілерінің қалыңдығы 0,6 – 1,6 м-ден 5,1 м-ге дейін. Толағай шоғыры синклинальдың орталық бөлігін толтырады, оның құрамында 48 қоңыр көмір қабаты бар, олардың 16-сының қалыңдығы 0,6 – 7,2 м. Тас көмірдің күлділігі жоғары (45%-ға дейін), күкірті аз (0,4 – 0,9%). Жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 7,7 мың ккал/кг-ға дейін. Толағай шоғырының көмірі қоңыр, күлділігі 10 – 55%, күкірті аз. Қазір кен орнындағы шағын ашық кеніштерде жергілікті тұтынушылардың қажетін өтейтін мөлшерде отын өндірілуде.
Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған. Қаражыра қоңыр көмір кенорны - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында, Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Оның солтүстік жағынан 50 км жерде Семей-Конечное теміржолы мен кеме жүзетін Ертіс өзені өтеді. Алгаш құрамында қалың көмір қабаты бар юра көмірлі түзілімдері 1967 жылы анықталды. 1968-69 жылдары жүргізілген карталау және бүрғылау жүмыстары көмірлі түзілімдерінің таралу шекаралары мен өнімділігін нақтылауға мүмкіндік берді. Мұнда қалыңдығы 300 м юра түзілімдері солтүстік-батысқа созылған жайпақ синклин (10x15 км) түзеді.
Сипаттама Орналасқан жер
Ойқарағай Қияқты Екібастұз Мамыт Қаражыра Кендірлік
Аналиткалық үлгінің ылғалдылығы, % 7,8 9,5 8.0 5.8 8,8 8.0
Құрғақ күйдегі күлділігі , % 12,0 11,1 11.3 40,5 7,2 152.1
Құрғақ ұшқыш заттар, күлсіз,% 35,8 41,2 34,8 26,8 47,2 38.2
Құрғақ жалпы көмірсутек , % 74,1 74,3 73,1 76,0 70,9 73.1
Құрғақ сутек ,% 4,7 4,7 4,7 5.3 5,7 4.3
Құрғақ азот ,% 1,0 0,8 1.6 1.3 1,2 1.7
Құрғақ күкірт % 0,1 0,9 0,3 0,5 0,2 0.3
Құрғақ оттек,% 15,4 19,3 20,0 16,9 22,0 20.1
Атомдық қатынасы Н/С 0,76 0,75 0,77 0.83 0,96 0.70
Құрғақ күлсіз жағдайда жану жылуы ккал/кг 6950 6620 6900 6320 7430 7244
Құрғақ күлсіз гумин қышқылы,% 8550 8275 8625 8325 8545 8693
Зайсан қаласының мұражай деректеріне көңіл бөлсек, Кендiрлiк тас көмiр кенi Зайсан қаласының оңтүстiк-шығыс жағында 65 км Сауыр үстiртiнiң терiстiк жағында жатыр. Сол маңнан бастау алатын Кендiрлiк өзенi арнасының маңында болуына байланысты солай аталған. Өзен маңын мекендеген ауыл қазақтары “қаратасты” табиғи отын ретiнде ертеден пайдаланған. Әрине, қолжұмысына сол маңындағы қазақ жұмысшылары да қатысып, тас көмiрдi қажеттi жерлерге көлiкпен тасып жеткiзген ол адамдарды старатель деп атаған. Шахталарда жұмысшылар жантүршiгерлiк ауыр жағдайда жұмыс iстедi. Көмiр қолқайла, кетпен, күрек, сом темiрмен қопарылып үңгiр ішіне салынған рельс арқылы далаға шығарылып, үйiлген.
Қендірлік қоңыр көмір кенорнының геологиялық қимасы

1.2. Қоңыр көмірлердің құрылысы мен құрамы

Табиғи жаңғыш кендерге жер қойнауындағы жылу энергиясының көзі болып табылатын барлық органикалық заттар жатады. Агрегаттық күйіне қарай барлық отындар: қатты (шымтезек, қоңыр және тас көмірлер, сланцы, антрацит, кокс, жартылай кокс), сұйық (мұнай, мұнай өнімдері, көмір, сланцы өндірісінің өнімдері) және газ тәріздес (табиғи газдар, қатты отындар мен мұнайды өнеркәсіптік өңдеуден түзілетін газдар) болып бөлінеді. Барлық жаңғыш кендер тірі организмдердің, әсіресе ағаш және өсімдік қалдықтарының ыдырау нәтижесінде пайда болады. Көмірлену немесе карбонизация процесі -температура, қысым, уақыт әсерінен шымтезек түзілу кезеңінен өткен органикалық заттардың физикалық және химиялық өзгеру процесі. Шымтезек қабатынан жаңадан түзілген минералдық қабат өсімдіктердің қалдықтарымен жабылып, оның қабаттарының біршама тереңдеуінен кейін екінші кезең, шымтезектің көмірге айналу сатысы басталады. Геологиялық терминология бойынша шымтезектің органикалық бөлігінің көмірге айналуы диагенез, ал қоңыр көмірдің тас көмір мен антрацитке айналуы метагенез деп аталады. Геологтардың анықтамасы бойынша көмір дегеніміз өсімдік текті тау жыныстарының шөгіндісі. Шымтезек түзілу сатысында өсімдік қалдықтарының өзгеруі көбінесе биогенді сипатта болып, гумин қышқылдарының түзілуімен аяқталады. Диагенез сатысында биохимиялық өзгерістер баяулап, шымтезектің көмірге айналуы температура мен қысымның жоғарлауы әсерінен жүзеге асырылады.Осы факторлардың әсерінен ылғалдылықтың өзгеруі, тығыздықтың артуы, кеуектіктің азаюы салдарынан өсімдік қалдықтарының нығыздалуы жүреді. Аталған процестердің нәтижесінде түзілген қоңыр көмірлердің құрамында біршама мөлшерде гумин және карбон қышқылдары болады. Бұл қышқылдар көмірге қышқылдық және сілтілердің әлсіз ерітінділерінде толық немесе жартылай ерігіштік қасиет береді. Барлық көмірлер үш бөліктен: органикалық, минералдық және ылғалдан тұрады. Көмірдің органикалық массасының элементтік құрамына көміртегі, сутегі, азот, оттегі, күкірт кіреді. Көмірдің минералдық бөлігін карбонаттар, сили-каттар, фосфаттар, сульфаттар, сульфидтер құрайды. Ылғалдың жалпы мөлшері бойынша қоңыр көмірлердің класс нөмірі, ал көмірдің органикалық массасына шаққандағы алғашқы смола шығымы бойынша топ нөмірі анықталады. Қоңыр көмірлерге жану жылуы көмірдің күлсіз массасына есептегендегі 24000 кДж/кг аз көмірлер жатады. Төменде қоңыр көмірлердің ИСО 2950-74 стандартына сай халықаралық классификациясы келтірілген.
2-кесте
Органикалық массаға шаққандағы шайырлы заттар шығымы (%) – топтың параметрі Топ нөмірі Код бойынша нөмірі
>25 4 14 24 34 44 54 64
20-25 3 13 13 33 43 53 63
15-20 2 12 22 32 42 52 62
10-15 1 11 21 31 41 51 61
≤10 0 10 20 30 40 50 60
Класс нөмірі 1 2 3 4 5 6
Күлсіз массаға шаққандағы ылғалдың жалпы мөлшері (%) – класс параметрі ≤
20 20-
30 30-
40 40-
50 50-
60 60-
70
1-кестедегі мәндерге сәйкес мысалы, егер көмірдегі ылғалдың мөлшері ≤ 20 % болса, онда көмір Б1, ал егер ылғалдың мөлшері 20-30 % шамасында болса, онда Б2 болып белгіленеді. Табиғаттағы қоңыр көмірлерді екі т‰рге бөліп қарастыруға болады: топырақ тәріздес және қатты қоңыр көмірлер. Бұлардың аралығында көмірлену сатылары әртүрлі аралық көмірлер болады.
Топырақ тәріздес көмірлер сыртқы түрі бойынша жаңа қазылған топыраққа ұқсайды. Мұндай көмірлер қоңыр түсті, ылғалдылығы жоғары, құрылымы жоқ ұнтақ зат. Қатты қоңыр көмірлер қара түсті болады, тек ұнтақтаған кезде ғана қоңыр түске айналады. Қоңыр көмірлердің көмірлену сатысы барысында СООН- топтары 8-9 %-дан 0,6- 1,5 %-ға, ОН-топтары 7,2-10,2 %-дан 7,5-8,1 %-ға, ОСН3–топтары 0,4-1,1 %-дан нөлге дейін төмендейді. Көмірлердің құрамындағы азот мөлшері бастапқы өсімдіктердің құрамындағы белоктар мен нуклеин қышқылдарынан түзіледі. Қоңыр көмірде азоттың мөлшері 0,36-0,51 %-дан 1,5-1,9 %-ға дейін кездеседі. Қоңыр көмірдің құрамындағы гумин қышқылдарының түзілуіне бастапқы органикалық заттың құрамындағы барлық қосылыстар қатысады. Аминоқышқылдардан басқа гумин қышқылдарының құрамына аздаған мөлшерде көмірсулар: фруктоза, сахароза, глюкоза, галактоза, арабиноза, ксилоза кіреді. Сонымен қоңыр көмірлердегі гумин қышқылдары тек қана өсімдіктердің қалдықтарынан емес, сонымен бірге метаболизм өнімдерінен де түзіледі. Қоңыр көмірлердің құрамын зерттеуді жеңілдету үшін алдымен оларды құрам бөліктеріне бөліп қарастырады. Ол үшін көмірді этанол мен бензол (1:1) қоспасымен өңдеп битумоидтерді (шайыр, смола), одан кейін сілті ертінділерімен гумин қышқылдарын бөледі. Бұдан қалған қалдықты қалдық көмір деп атайды. Қалдық көмірдің құрамында көмірдің минералдық бөлігімен берік байланысқан гумин қышықылдары болады. Сілті ерітінділерінен гумин қышқылдарын бөліп алу үшін ерітіндіге қышқылмен әсер етеді. Нәтижесінде гематомелан және гумус қышқылдары тұңбаға түсіп, фульвоқышқылдар ерітіндіде қалады. Түзілген тұңбаға этанолмен әсер етіп гематомелан қышқылын гумус қышқылынан бөліп алады. Битумдерге қарағанда гумин қышқылдары қоңыр көмірлердің, әсіресе топырақ тектес көмірлердің органикалық массасының негізгі бөлігін құрайды. Шымтезек құрамындағы гумин қышқылдары мен қоңыр көмірлердің құрамындағы гумин қышқылдары құрамы, құрылысы бойынша бір-біріне ұқсас келеді. Қоңыр көмірлердің қасиеттері олардың құрамындағы гумин қышқылдарының сандық мөлшерлері мен сапалық құрамына байланысты өзгеріп отырады.Бұл өзгерістердің сипатын көмірлену сатысында гумин қышқылдарының құрамындағы функционалды таптардың мөлшерінің өзгеруінен байқауға болады.
Қоңыр көмір - жанатын қатты шегінді таужыныс, ол солған өсімдік қалдыңтарының биохимиялық, физикалың-химиялық, химиялық және физикалық өзгерістері нәтижесінде қалыптасады. Көмірде органикалық құрамдастармен қатар үдайы минералдық қоспалар болады, олардың мөлшері 1-2% -дан 50 % -ға дейін өзгереді. Жанғыш шөгінді жаралымдардың құрамында минералдың заттардың мөлшері 50%-дан асса, оларды көмірлі таужыныстарға немесе жанғыш тақтатасқа жатқызады. Қоңыр көмір пайдалы қазынды. Геологиялық жасы, құрамы, жанғыштығы жөнінен шымтезек пен тас көмір аралығынан орын алады. Шымтезектен тығыздығының жоғарылығымен, ал тас көмірден түрлі реңді қоңыр, қоңырқай түстерімен ажыратылады. Ауада ұсақ бөлшектерге үгілетін қоңыр көмір гумин қышқылды, су тартқыш және ылғалы мол келеді. Жанатын массасында көміртек 55 – 78%, сутек 4 – 6,5%, оттек 15 – 30%, шайыр 5 – 20%, ұшпа заттар болады, 5400 – 7400 ккал/кг жылу бөле жанады.
Генетикалық белгілеріне қарай қоңыр көмір тығыз және борпылдақ (лигниттер) болып бөлінеді. Өнеркәсіптік жіктемеде табиғи ылғалдылығы бойынша қоңыр көмір 1Б, 2Б, 3Б сатыларына бөлінеді. Сыртқы белгілері бойынша қоңыр көмір жер сияқты қопсымалы және тығыз түрлерге ажыратылады. Сыну коэффициенті 1,60 – 1,72 аралығында, органикалық массасының меншікті салмағы 1,34 – 1,60. Спирт-бензол экстрактының өнімділігі 3 – 20%, бастапқы шайыр шығымы 5 – 20%. Қоңыр көмірдің адсорбция шамасы жоғары және газ сыйымдылығы мол. Қоңыр көмір генетикалық топтарға, кластарға және петрограф типтерге бөлінеді. Қазба көмірлердің көмірлену дәрежесі тұрғысынан жүйеленген тізбегінің ең бастапқы, яғни шымтезек пен тас көмір аралығындағы мүшесі; көмірлену дәрежесі нөлге тең, алайда шымтезектерден біршама каттылығымен ерекшеленеді; қоңыр немесе қоңырқай реңді қара түстерге боялған. Көмірлердің халықаралық жүйесіне сәйкес, қоңыр көмір мен тас көмірдің аралығындағы шекара оның ылғалды күлсіз массасының жану жылуы 5700 ккал/кг шамасында болуына сәйкес келеді деп есептеледі; қоңыр көмірлердің орташа жану жылуы 6500—7200 ккал/кг, қоңыр көмір әр түрлі геологиялық кезеңдерде қалыптасқан. Қазақстан аумағында негізінен юра кезеңінің қоңыр көмір алаптары мен кен орындары (Майкөбен, Торғай, Қарағанды, Ленгер, Боралдай, т.б.) көп.
Әр жердегі қоңыр көмір физикалық, химиялық, техникалық құрамы жағынан әр түрлі болатыны белгілі. Көмірдің жоғары күлділігі және күкірттің мол болуы оның технологиялық өңдеуін қиындатады. Қоңыр көмірдің күлділігі 5,78% - 39,6% аралығында болады. Төменде Қазақстанда өндірілетін қоңыр көмірлердің химиялық құрамын көрсететін кесте берілген:

Кесте 4. Қазақстандағы қоңыр көмірлер құрамына сипаттама.

Көмір Күлділігі, мас.% Ылғалдылығы, мас.% Массалық құрамы .%
күкірт Битум гуминді заттар
Екібастұз 16,1 15,0 0,7 0,7 36,5
Шұбаркөл 19,2 3,6 1,1 0,5 38,9
Майкүбі 34,0 15,0 0,6 1,1 42,0
Ой-Қарағай 12,0 15,0 - 0,6 5,0
Кендірлік 41,9 16,2 0,3 0,6 37,14

(жалғасы бар)
Категория: Химия | Добавил: Найманка (2015-01-20) | Автор: Альпиева Асель Муратқызы E
Просмотров: 2298 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru