Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Химия әлеміне саяхат» атты сабақтан тыс іс - шараның әзірлемесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КМҚК «БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ»

Химия пәнінен өтілетін
«Химия әлеміне саяхат» атты іс шараның әзірлемесі

Дайындаған оқытушылар:
Уажанова Б.У.,
Гайсина Б.С.

.

Мазмұны
1. Іс -шараның мақсаты
2. Ұстаздарға берілетін әдістемелік нұсқаулар
3. Іс- шараның жоспары
4. Қолданылған әдебиеттер

Іс -шараның мақсаты
1. Оқушылардың сабақта алған білімдерін тұжырымдау, жүйелеу, тереңдету.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін дамыту, өз ойларын тұжырымдауға, жүйелеуге баулу.
3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, топпен жұмыс істеуге үйрету.
4. Іс –шара арқылы оқушыларда пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Ұстаздарға берілетін әдістемелік нұсқаулар
1. Өткізілетін іс-шара оқушыларды өз бетімен ізденіс жұмысына, талпынуға, меңгеруге бағыттайды.
2. Ұстаздар сыныптан тыс іс- шараның мақсаты мен маңызын анықтауда оның өмірдегі маңызын, пән аралық байланысын, бағытын ескерулері қажет.
3. Оқушылар осы өтілетін іс-шара арқылы химиялық терминдерді, атауларды, заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін еске сақтап, меңгеруге мүмкіншілік алады.
4. Іс-шара арқылы пәндер байланысын қалыптастыруға болады.

Сабақтан тыс өтілетін іс-шара

Топтар: 11 диз.,11фин.,11прог., 11 соц.
Өтілетін орны: Оқу залы

Пән: Химия
Тақырыбы: «Химия әлеміне саяхат»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін кеңейту, жүйелеу, тұжырымдау.
2.Дамушылық: Оқушылардың ойлау, іздену қабілеттіліктерін дамыту. Химиялық қосылыстардың қасиеттерін меңгеру.
3.Тәрбиелік: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, іздемпаздыққа, топпен жұмыс істеуге үйрету. Пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Шараның түрі: Жарыс ойыны
Қолданылатын әдістер: мультимедиялық проектор, ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап түрлері, өз беттерімен жұмыс жасау, топтасып жұмыс жасау.
Қолданылатын көрнектіліктер: үлестірмелер, бейорганикалық және органикалық қосылыстар жазылған кескінділер, аукционға түсетін лот сұрақтары, элементтер көрмесі.
Химиялық реактивтер мен ыдыстар: Калий дихроматы K2Cr2O7, натрий нитраты NaNO3, қант C12H22O11,аммоний дихроматы (NH4)2Cr2O7, шыны таяқша, асбестелген тор, қағаз желімі, штатиф, ширатылған машина жібі, ас тұзының қаныққан ерітіндісі, қаламұш.
Пән аралық байланыс: бейорганикалық химия, биология, физика, география, математика
Іс-шараның барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Негізгі бөлім
3.Қорытындылау
4. Марапаттау
Пән оқытушысы: Құрметті ұстаздар, оқушы қауым! Химия пәніне арналған «Химия әлеміне саяхат» атты іс- шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Іс-шараның негізгі мақсаты: Химия сабағынан алған білімдеріңді кеңейту, бейорганикалық және органикалық қосылыстардың қасиеттерін жүйелеу, тұжырымдау. Сонымен қатар тапқырлыққа, іздемпаздыққа баулу. Пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Енді сөз кезегін іс-шараны жүргізушілерге берейік.
1-жүргізуші: Химия әлеміне саяхатты Білім жәрмеңкесінен бастайық. Жәрмеңке деген ертеден келе жатқан, қалыптасқан үлкен сауда мейрамы. Жәрмеңке кезінде әр қилы тауарлар сатылып, ойындар ұйымдастырылып, өнер сайыстарына түсіп, ғажайып таңқаларлық көрністер көрсетіліп көңіл көтереді.
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің жәрмеңкемізде оқушылардың білімдері, тапқырлықтары, шапшаңдықтары сайысқа түседі. Осы залда өз білімдеріне сеніп, сауда қатарларынан көп мөлшерде қажетті заттар сатып алуға, өз білімдерін сатып көп ұпай жинауға келген 11 дизайн, 11 қаржы,11программист, 11 соц. топтары оқушыларын қошеметпен қарсы алайық. (ду қол шапалақтау).
1-жүргізуші: Білім жәрмеңкесі 3 сауда қатарынан және «Тосын сый» бөлімінен тұрады.
Сауда қатарлары:
1. «Аукцион» сауда қатары
2. «Эврика» сауда қатары
3. «Химиялық лото» сауда қатары
4. Тосын сый
Енді осы сауда қатарларына саяхат жасайық.
2-жүргізуші: Қызықты саяхатымызды бастамас бұрын іс-шараның жеңімпаздарын анықтайтын әділқазылар алқасымен сіздерді таныстырады7
1-жүргізуші: Сайысқа түсетін топтарды ортаға шақырайық.
Әр топ берілген орындарға отырады.
Топтар өзерін таныстырулары қажет. «Таныстыру» сәті «3» балдық жүйемен бағаланады.
2-жүргізуші: Ал, балалар енді сауда қатарларына саяхатымызды бастайық. «Аукцион» сауда қатарына шақырамыз.
Әр сатылып алынатын зат құны «5» балдық жүйемен бағаланады.
Мақсаты: Жарыс ойыны арқылы химиялық қосылыстардың жіктелуін меңгеру, аттарын еске сақтау қабілеттіліктерін арттыру, тез ойлауды қалыптастыру.
Ойын тәртібі: Стол үстіне саудаға түсетін заттар (сұрақтар ретінде жазылған) нөмірленіп, ретпен қойылған. Аукцион жүргізуші адам №1 лотты атайды. Ойынға қатысушылар шапшаңдықпен тез жауап бере бастайды, егер жауап арасында ұзақ үзіліс болса жауап айтуды тоқтатып лот №1-ді үш рет қайталап, соңынан «Сатылды» деп жариялайды. Әрі қарай келесі зар (сұрақ) саудаға түседі. Оқушылар өз жауаптарын сатып ұпай жинайды.
Аукционға түсетін сұрақтар:
Лот №1
Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар. (температура, концентрация,катализатор,әрекеттесуші заттар табиғатының әсері)

Лот №2
Металдарға тән физикалық қасиеттер қандай.(металдық жылтыр,электр және жылуөткізгіштік,иілгіштік,тығыздық,қаттылық)
Лот №3
Көп атомды спирттерге қандай органикалық заттар жатады.(этиленгликоль, глицерин,сорбит,ксилит)
Лот №4
Альдегидтер құрамында қандай функционалды топ бар.(карбонил тобы)
Лот №5
Майлар қалай жіктеледі.(сұйық және қатты)
Лот №
Мұнай дегеніміз не?( қара қоңыр түсті, өзіне тән исі бар, май тәріздес, қоймалжын сұйық зат.)
1-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан «Аукцион» ойынының қорытындысын шығаруларын сұраймыз.
2-жүргізуші: Химия әлемі шешілмеген жұмбақ секілді. Бұл әлемде адам қызығарлық көптеген жағдайлар, құбылыстар болып тұрады. Саяхат жасау өте қызықты және тартымды. Біз сіздерге осы құбылыстардың біреуін көрсетейік.
1-жүргізуші: Кезекті «Эврика» сауда қатарына берейік.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін жетілдіреді. Нақтылыққа үйретеді. Химиялық атауларды еске сақтауға көмектеседі. Бұл сауда қатарының ең жоғарғы бағасы «3» балл. Саудаға түсетін тапсырмалар таратпа ретінде беріледі.
Ойын «Атаулар-синонимдер»
Химияда көп заттардың номенклатуралық атаулары бар, сонымен бірге күнделікті өмірде қолданылатын атаулары бар. Тапсырманың мақсаты бір затқа сәйкес келетін екі атауды тез табу, бірімен бірін жалғау.
1- Таратпа
Калий пермонганаты Ацетон
Кальций карбонаты Этаналь
Мыс сульфаты Мрамор
Сірке альдегиді Маганцовка
Диметил кетон Мыс купаросы

Ойын «Артық затты табыңдар»
Бес қатарға көлденеңнен әр түрлі әр түрлі бейорганикалық және органикалық қосылыстар жазылған. Оқушының мақсаты әр қатардағы сол класқа жатпайтын қосылысты тез тауып сызып тастауы қажет.
2- таратпа
NaOH SO2 Mg(OH)2 Ca(OH)2 СН3OH
CH4 C6H14 C2H5OH C6 H6 C2H2
KCI CaSO4 H2SO4 MgO NaNO3
KOH H-COOH CH3-COOH CH3CH2-COOH CO2
H2CO3 H3PO4 H2S АI2O3 HF

Ойын «Кім көп сөз біледі»
Берілетін уақыт 5 минут. Бір сөз жазылған таратпа беріледі. Әр әріптің төменгі жағына сол әріптен басталатын химиялық заттар, атаулар, қосылыстар аттарын жазу керек. Берілген уақыт ішінде неғұрлым көп сөздер жазылса сол топ жеңіске жетеді.
Э Л Е К Т Р О Н











1-жүргізуші: Әділқазылар алқасынан осы ойынның қорытындысын шығаруларын сұраймыз.
2-жүргізуші: Кезекті сергіту сәтіне берейік. Химиялық бір ғажайып құбылысты тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Ал балалар, енді келесі саяхатымызды «Химиялық лото» сауда қатарымен жалғастырайық.
Мақсаты: Бейорганикалық және органикалық қосылыстарды қайталау, еске түсіру кезеңіне арналады. Оқушылардың ойлау қабілеттіліктерін дамытады.
Ойын жүргізуші әр топқа 4 лот таратып береді.
Оқушылардың мақсаты, қалың, қара әріппен жазылған заттарды жанында жазылған қай заттардың өзара әрекеттесуінен түзіледі, соның реакция теңдеуін жазулары керек.
Лот №1
NaOH Na HOH Na2O NaCI

Лот №2
СO2 CaCO3 H2SO4 CaO H2O

Лот №3
C2H5OH HOH C2H2 C2H5ONa CO2

Лот №4
CH3COOC2H5 CH3COOH CH4 C2H5OH CH3OH
2-жүргізуші: Ал балалар біз бүгінгі химия әлеміне саяхат жасап, қойылған сауда қатарларын аралап, өз білімдерімізді көрсетіп, ойларымызды ортаға салдық. Енді әділқазылар алқасы әр топтың ұпайларын жинап, жүлдегергерді анықтағанша біз сіздермен сұрақ-жауап викторинасын ойнап жіберейік.
1. Егер натрий хлоридін суда ерітсе не болады? (тұзды су).
2. Дені сау адамның асқазанында қандай күшті қышқыл бар? (тұз қышқылы).
3. Егер кұкірт қышқылына саусағымызды батырсақ не болады? (күйеді).
4. Қандай су дем алудан лайланады? (әк суы).
5. Сусыз спирт қалай деп аталады?
6. Қандай су ем үшін пайдаланады? (минералды сулар, жер асты сулар).
7. Сұйық металды атаңдар.(сынап).
8. Денатурат дегеніміз не?(техникалық спирт)
9. Глицерин қайда қолданылады? (қопарғыш зат алуда, дәрі-дәрмек жасауда,парфюмерияда,тамақ өнекәсібінде)
10. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатын қандай карбон қышқылдарын білесіңдер? (лимон қышқылы, сірке қышқылы, алма қышқылы т.б.)
1-жүргізуші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
1- орын
2- орын
3- орын
4- орын
Қорытынды сөз пән мұғалімдері Уажанова Б.У, Гайсина Б.С. беріледі.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Е.П. Сгибнева, А.В.Скачков «Современные открытые уроки химии», изд. «Феникс»2000 г.
2. В.Ольгин «Опыты без взрывов», изд. «Химия»1986г.
3. В.Малышкина «Занимательная химия нескучный учебник», изд. «Тригон» Сант-Петербург 1998г.
Категория: Химия | Добавил: Балжан5338 (2015-02-23) | Автор: Гайсина Балжан E
Просмотров: 1540 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru