Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Химия

«Оттектің аллотропиясы. Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы»
Бөбек ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Химия пәнінен өзін-өзі танумен интеграцияланған ашық сабақ
Мерзімі: 19.01.2015 ж.
№35 сабақ
Мұғалім: Каражигитова Унай Куанышовна
Сынып: 8 «А»
Оқушы саны: 11
Сабақтың тақырыбы:
«Оттектің аллотропиясы. Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы»

«Оттегі – тіршілік көзі»
(Дәйексөз)
Сабақтың оқыту мақсаты: оқушыларға оттектің аллотропиясы және озон, озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы қандай екенін түсіндіре отырып оқыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, сабақ үстінде өздерін еркін ұстап, ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу.
(2 минут)
Тыныштық сәті.
Тыныс алуға зейін қою
Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуанышты қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде, өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Қолдарыңызды тізеге қоюға болады.
Дем ал, шығар (жаймен 9-10 рет қайталау)
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
(3-4 минут) Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, мәліметтер, басқа да құралдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген сабақты фронтальды (жазбаша) тексеру, яғни графиктік диктант алу арқылы нұсқамен жүргіземін. Жауаптардың белгіленуі: иә- «+», жоқ- «-».
Сонымен, жауаптарын тексеру үшін дәптерін көршісіне беріп, дұрыс жауап арқылы тексереді. Топ басшысы бағалау парағына түртіп алып отырады. (10 минут) Графиктік диктант
1. Суда жақсы ериді. –
2. Суда нашар ериді.+
3. Жеңіл газ.-
4. Ауыр газ. +
5. Жануды қолдайтын газ. +
6. Жануды қолдамайтын газ. +
7. Ауаны ығыстыру арқылы жинайды.+
8. Төңкерілген сынауықта жинайды.-
9. Су астында жинайды.+
10. Беті ашық ыдыста жинайды.+
ІІІ. Дәйексөз.
«Оттегі – тіршілік көзі».
Оқушыларға қайталатып, осы дәйексөзді қалай түсінетіндерін талқылау. (2 минут)
ІV. Жаңа сабақ.
«Оттектің аллотропиясы. Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы».
Жаңа сабақтың барысын талдау.
Оттегі табиғатта екі түрлі жай зат күйінде кездеседі, оның бірі O2, екіншісі O3, ол озон деп аталады. Енді озонмен жете таныссақ, озон найзағай ойнағанда ауада пайда болады. Сонда электр зарядының әсерінен мына реакция жүреді:
3O2 → 2O3
Бір элементтің бірнеше жай зат күйінде болу құбылысы аллотропия деп аталады.
Озонды ең алғаш рет 1785 жылы голландия физигі және ботанигі Мартин Ван Марум ашқан.
Озон (грек тілінен ozon – аңқығыш дегенді білдіреді) – оттегінің аллотропиялық
түр өзгерісі.
Химиялық формуласы: О3.
Түсі – қою көк, өткір иісті газ,
ал сұйық озон - күлгін көк.
Балқу t – 192,7°С,
қайнау t – 112°С.
Суда ерігіштігі 0,394 г/л (0°С-та).
Молекулалық массасы — 47,998 а.е.м.
Озонның газ күйі — диамагнитен,
ал сұйық күйі — слабопарамагнитен деп аталады.
Озон табиғаты. Озон – үш атомды оттек, газ, көк түсті. Төменгі температурада қанық көк түсті сұйыққа айналады, осы жағдайда төменірек салқындатса қанық сия түстес кристалл алынады. Атмосфераның көгілдір түске боялуы озонға байланысты.
Озон стратосфера қабатында жер бетінен 15-тен 50 км аралығындағы биіктікте орналасқан. Озон қабатының қалыңдығы бар болғаны бес шақырым, оны озондық қабат деп атаймыз. Ол қабатта озон концентрациясы орасан зор емес, көлемі 3 млрд. тоннадан астам ғана.
Күшті тотықтырғыш, алтын мен платинадан басқа барлық металдарды тотықтырып, кейбір органикалық және бейорганикалық қосылыстарға әсер етіп, озонидтер түзеді.
Нөсер жаңбырдан кейін орманға барсақ, онда ауа тазарып дем алу жеңілдейді, себебі ауада пайда болған озон айырылып, ауаны тазартады.
Озонның атмосферадағы мөлшері өте аз - 0,004%.
Табиғатта озон найзағай жарқылдаған кезде және кейбір органикалық заттар тотыққанда түзіледі (Озоносфера қабаты).
Таза озон – улы, микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті суды, ауаны дезинфекциялауда, күшті тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда, т.б. қолданылады.
Қолданылуы. Озоннан молекулалық және атом күйіндегі оттек бөлінеді, соңғысы күштірек тотықтырғыш, ауадағы бактерияларды жояды.
Озон осы қасиетіне қарай ауыз суды, құдықтарды, өндірістік сарқын суларды тазарту үшін (залалсыздандыру) және ағартқыш зат ретінде қолданылады. Презентациядағы слайдтарды қолдану арқылы жаңа материалды түсіндіру.
(15 минут)
V. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Сыныпты 2 топқа бөлу арқылы шығармашылық жұмыс жасау.
«Артық жүктен арылу» ойыны. Оқушыларды ойынмен таныстырып, тапсырмаларды қызықтыра ойната білу. (5-7 минут)
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
Алған білімдерін бекіту үшін «Озон» сөзжұмбағын шештіру.
(2 минут)
VІІ. Қорытынды жасау. Бағалау. (1-2 минут)
VІІІ. Үй тапсырмасын беру. «Оттектің аллотропиясы. Озон және озон қабатының Жердегі тіршілік үшін маңызы».
Оқып, түсінігін айтуға дайындалып келу.
ІХ. Топпен ән айту.
«Көктудың желбірегені»
Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
Қайырмасы:
Көктудың желбірегені -
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту жан емес, маған керегі-
Көктудың желбірегені.
Көктудың желбірегені-
Елдіктің асқақ өлеңі,
Жан жаққа тартпай, Қазағым,
Бір сөзге жинал дегені. (1-2 минут)
Х. Соңғы тыныштық сәті.
Осы алған білімдеріңізді миымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық. (1-2минут)
Категория: Химия | Добавил: Унай (2015-03-09) | Автор: Каражигитова Унай Куанышовна
Просмотров: 2826 | Комментарии: 1 | Теги: өзін-өзі танумен интеграцияланған а, химия | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:47 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru