Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

«Ана - өмір бастауы» сыныптан тыс іс - шара
«Ана - өмір бастауы»
Жүргізуші:
- Армысыздар аяулы аналар, ардақты ұстаздар мен қадірлі қонақтар! Сіздерді 8- наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырларыңызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік және бақыттарыңыздың баянды болуын тілейміз!
Ел жатқанда жатпаған,
Біз деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман – сау жүр, аман ақ мамам,- дей келе, бүгінгі «Ана - өмір бастауы» атты концерттік бағдарламамызды ашық,- деп жариялаймыз.
-Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекеге арналған бұл концертті,
Жылы лебіз, құттықтаудан бастайық,- деп Озерка орта мектебінің директоры Бекболат Дүйсембайұлын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар, Той тойлап дала менен қалаларым,
Батырлар мен даналар. Мерекең құтты болсын аналарым.
Құттықтаймыз мейраммен, Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құрметті біздің ұстаздар! Құттықтап жатыр міне балаларың.
Лит. монтаж.
Перизат:
Ана деген тіршіліктің иесін,
Сыйлайтын адал бала білесің.
Өмір балын тамызарда ерніңе,
Шымырлатып еріткен бар жүйесін.
Кірпігімнің әр қағысын санаған,
Көз аудармай күндіз – түні қараған.
Айналамда жүргендердің бірінен,
Бар ма анамдай тірлігіме жараған.
Жоқты жонып тауып бер деп мазалап,
Табылмаса ылаң салып жазалап.
Жата қалып саз балшыққа аунаушы ем,
Өз қолымды өзім тістеп қажалап.
Ардақты ана мұныма да көнетін,
Көнген сайын мен еркелей беремін.
Тірліктегі сәтсіздіктің бәрін де,
Жазығы жоқ сол анамнан көретін...
Нұрлат:
Ананың сұлуын –ай,
Ақ нұрға шомылғандай.
Үлпілдеп ыстық жүрек,
Сәбиін аялайды – ай!
Ботасы қаз – қаз басса,
Өбектер ана қандай!
Күлкісі құлынының,
Құлпыртар жауқазындай.
Жалғансын жабырқамай,
Өмір гүлі ұзақ болғай.
Ақ сүті анашымның,
Ақталсын мың – мың дұғай!
Данара:
Санатқа кіріп баласы,
Сүйсе де өзі немере,
Әлі де сәби көре ме –
Алаңдар қайран анасы.
Миллиондарға баласы
Ұстаз боп тәлім берсе де,
Ақылдан гауһар терсе де, -
Алаңдар асыл анасы.
Абырой алып баласы,
Әлемге билік етсе де,
Ай – күнге қолы жетсе де, -
Алаңдар асыл анасы.
Гүлзат:
Дамылдап өзендер де,
Күн батып, күн шығады.
Мен үшін көзіңді ілмей
Анашым, жүрсің бе әлі?!
Дүние құлпырады
Боялып дала нұрға.
Сонда да мен тұрамын,
Өзіңнің жанарыңда.
Ажар:
Титтей сәби кезімнен
Әлдилеген, емізген.
Еркелетіп күлгізген,
Алғаш мама дегізген.
Шомылдырып кешкісін
Мен жатқанша жатпайтын.
Мамам менің жаман ба?
Еркелеткен әрқашан,
Анам артық бәрінен!
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын аналардың баласы бар, - дегендей 6 «А» - класының қыздары
Аяжан мен Толғанайдың орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін ұсынамыз.
«Аналарға мың алғыс»
Темірлан, Нұртас және Дархан.
Аялаған, баптаған, Ерлік еткен біз үшін,
Асыраған сақтаған. Еңбек еткен біз үшін,
Сақтандырып күнде еппенен, Еркелеткен біздерді,
Айтып бәрін үйреткен. Еркелеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!
«Адам бол»., - балдырған,
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде мархабат.
Аналарға мың алғыс!
Жүргізуші:
Өрнекті бимен өнерін, Құйындай қимыл кемерін,
Көрнекті еткен қыздар –ай! Келбетті қылған қыздар – ай!
Би: «Қазақша би». 5 «Б»- класының қыздар тобы.
Жүргізуші:
- Ана - бүкіл әлемнің әдемілігін, бар тіршіліктің мәнін болмысына жинаған құдіреттің иесі. Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың жүрекжарды сөздеріне құлақ түрейік.
Оқушылар тобы.
Эрнест Легуве:
«Мать – единственное божество, не знающее неверующих».
Абай Құнанбаев:
«Әйел сұлу болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме».
Онере де Бальзак:
«Сердце матери – это бездна, в глубине которой всегда найдется прощения».
Виктор Гюго:
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя».
Уильям Теккерей:
«Мать – это имя бога на устах и в сердцах маленьких детей».
Ән: «Қайда сол сезім». 11 «А »- класының оқушысы Айымгүлдің орындауында.
Жүргізуші:
Нәзіктік нәрі, нәсілі,
Мейірімі – мереке.
Ақ сүті нәрдің асылы
Ана – құт, бақыт, береке.
Күй: «Жастар биі». 7 «А» - класының қыздар тобы.
Жүргізуші:
Ән – махаббат, ән – сағыныш,
Ән – жұбаныш, ән – қуаныш.
Сырлы саз бен әнмен бірге
Тербеледі тың даламыз.
Ән: «Сезім». «Мейірбек & Қуат» тобының орындауында.
Жүргізуші:
Майысып бұраңдаған денелері,
Алаулап бал – бұл жанған ай жүздері.
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда мектебіміздің «ВEMS» тобы.
Би: «Макарено».
Жүргізуші:
Аналардың мейрамына арналған мынау кеште,
Өз орны бар езу тартар бұл көрініске.
Көрініс: «Үйге тапсырма». Қоюшылар Темірлан мен Дархан.
Би: «Түрік биі». 6 «А» - класының қыздар тобы. Аяжан, Толғанай.
Қуат: «Қыздар». Өлең оқу.
«Қыздар»
Қыздар жаны – гүлдей нәзік, тым биік,
Қыздар жаны - түбі терең тұңғиық,
Жабырқаған жігіттердің көңліне,
Жанып өтіп жүреді әркез нұр құйып.
Қыздар – бейне қарлығаштар, ақ тамақ,
Қыздар - ән ғой айтатұғын жаттап ап.
Қарғыс айтып өтер едім мәңгілік,
Қыздар арын болғандарды таптамақ.
Қыздар – гүлдер!
Аяла оны тоңдырма,
Ақ борасын дауылдарға солдырма.
Қыздар – ару аққулар ғой, ақ арман
Әлдилей біл, айдыныңа қондырда.
Би: «Қазақша би» немесе «Түрік биі» 5 «А» – класының оқушысы Мөлдір.
Ән: «Сүйген жүрек». Айымгүлдің орындауында.
Ән. « Ғашық жүрек» Әйгерім
Көрініс: «Интервью» (10 «Б» - класының ұлдары).
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».

Жүргізуші:
Орасақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға.
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл – қызға, - деген өлең жолдарымен бүгінгі мерекелік концертімізді аяқтаймыз.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Гульден7200 (2015-02-06) | Автор: Бокаева Гульден Джанахметовна E
Просмотров: 1686 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 1:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru