Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Бастауышым балбұлағым
Бастауышым – балбұлағым.
4 – сынып қоштасу кеші.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған оқушылар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкентай балдырғандар еді. Енді, мені, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғары сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
1 – жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздер инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырына, тарландарым, сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Шақырады білім атты шамшырақ.
(Медеу) 2 – жүргізуші:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.
(Екі жүргізуші бірге) Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1 – жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 – ші сыныпты ортамызға.
(Медеу) 2 – жүргізуші:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр – ау!
1 – жүргізуші:
Расында, төрт жыл төрт күндей өте шықты ғой. Олай болса:
Қуаныштан алаулайды реңі
Толқып та тұр кеудедегі жүрегі
Есінде қалсын ұстазымның мәңгілік
Шәкірттерді толқып айтқан тілегі
1. Медеу:
Иыққа портфель асынып,
Көңілде шаттық тасынып.
Балапан мінез ұл мен қыз
Оқуға келдік асығып.
2. Аружан:
Қарсы алды мектеп – анамыз.
Ұстаздың жүзі жып – жылы
Күн санап өсіп санамыз.
Түсіндік білім – мықтыны.
3. Дильназ:
Қиялымды көздедің,
Таптың ойдың тұрағы
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
4. Аяжан:
Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сіз,
Қамқор боп қалам ұштадың.
5. Медеу:
Әлі есімде отырғаным партаға,
Таңдана кеп үңілгенім тақтаға
Жайдары ашық Ардақ апай сондағы,
Түзу отыр деп қаққаны арқаға.
6. Ернар:
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым,
Анадай ұстаз мектебім.
Алғысым айтар көп менің.
7. Аружан:
Кейде біздер ерінсек,
Енжарлыққа берілсек.
Қатаңдау тәртіп қоятын.
Қатені ұстаз жоятын
Келістің бәрін көретін
Ойының шексіз өрісі
Қатаң да әділ төреші,
Ұрыспай айтқан ақылың.
(Барлығы бірге) «Ұстазым – қамқор ақылшым»
8. Медеу:
Есімде ұстаз алғаш қарсы алғаны,
Мектебің – өз үйің! – деп жар салғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Сол күндер сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір – бір мықты.
9. Шалқар:
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой – арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
10. Дильназ:
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
11. Ернар:
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш – әлім
Биікке самғап ұшармын.
12. Аружан:
Өтті біздің балалық,
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар,
Текті мінез даналық
Ұсынғаны адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
(Барлығы бірге) Бақыт, табыс, амандық.
(ұстазым әні орындалады)
13. Шалқар:
Әр жыл сайын қаруланып біліммен,
Алға дәйім мені бастап өсірдің
Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,
Ардақтысың мектеп – алтын бесігім.
14. Аяжан:
Мектебім алтын ұям нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін алып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауды,
Тұрады құшағымда сыңғыр қағып.
15. Аян:
Өзгертіп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып ағалардың даналығын
Бет алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы 10 жасар балалығым.
16. Медеу:
Мен бүгін бұрыңғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы.
Ақ көйлек 10 жасар балалығым.
17. Дильназ:
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымен сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастаусың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
18. Ернар:
Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты, талай – талай азамат.
(Медеу) 2 – жүргізуші: Кел, балалар, оқылық! Өлеңін ұранға айналдырған біздің сынып, Ыбырай, Абай аталарының шығармаларын, өлеңдерін сүйіп оқиды.
1 – жүргізуші: Оқушылар барлық пәндерді жақсы меңгерген.
19. Аяжан:
Бар кітапқа бас салған,
Әліппе білім атасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
20. Шалқар:
Адамдыққа үйреткен
Жамандықтан жиренткен
Тілімізді ширатқан
Ана тілі данамыз.
21. Аружан:
Ойланатын есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген
Ғылымдардың патшасы
Математика данамыз.
22. Аян:
Ұлтын сүйген баламын
Ұлттық тілі ананың
Қазақ тіл, орыс тіл,
Тілімнен ой аламын.
23. Медеу:
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
(Медеу) 2 – жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөзде қаншама мән, мағына жатыр десеңізші! Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
1 – жүргізуші: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап
Шәкірттерін оңаша еске алатын.
24. Ернар:
Тарыдай шашып шоқытқан.
Мол тәлім беріп оқытқан
Алғашқы ұстаз – бастауыш
Түйсікке көп сыр тоқытқан.
25. Аяжан:
Жадыңнан кетпес жаңғырып,
Бастауыштағы сан қылық.
Шаршатқан біздің балалық.
Алғашқы ұстаз мәңгілік.
(Медеу) 2 – жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңілің жүдеді де
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзің,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де.
1 – жүргізуші: Алғашқы ұстаздары Ардақ Айтқазықызына сөз берелік.
Ал шәкірт, не тілейсіз ұстазыңа, ұяна,
Самғап білім іздейсіздер биіктерден, қиядан,
Сағынсаңдар келіп тұрған іні- сіңілің оқитын,
Білім алған ортаға, ұшқан ұяңа.
26. Дильназ:
Мен тілеймін ұстазыма,
Өмір – думан, бақ әкелсін, мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.
27. Ернар:
Жаралаған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы әні сияқтанған.
(Оқушылар ұстаздарына гүл шоқтарын қсынады)
28. Аян:
Шәкірттер сізді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз аяқталады.
(барлығы бірге) Мың алғыс сізге түлектен,
Мың алғыс отты жүректен.
1- Жүргізуші: Бастауышым – бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам.
(Медеу) 2 – жүргізуші: Оқыңдар ұл – қыздар деп,
Күлімдеген, ұстаздар.
Ән арнадық арнайы,
Тағзым ете, ұстазға.
Ән: Ұстазым
1- Жүргізуші: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген.
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда.
Өз соқпағын тапқан мынау өмірде.
Барша жанға құрметті жан – мұғалім.
(Барлығы бірге) Мектеп – кеме, Білім теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда.
Ұстаз берген білім қолда.
Ұстаз сөзі: Қанаттарын қатайды,
Биікке енді самғаңдар
Білім жолы – сара жол.
Ізденіңдер, талмандар.
Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы Мамай ауылы
«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ
Оразаева А.О. сынып жетекшісі.
Категория: Классному руководителю | Добавил: asemorazaieva (2016-03-07) | Автор: Асем Оразаева E
Просмотров: 863 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru