Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Білімді ұрпақ – тәуелсіздік тірегі.
Білімді ұрпақ – тәуелсіздік тірегі.
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихы мен әдебиетінің өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интелектуалдық қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат,шарлар, интербелсенді тақта.
1-жүргізуші: Армысыздар, көрермендерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, білім нәрін игерген оқушылар.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік өмірдегі барлық табыстарр тәуелсіздіктің нәтижесі. Мектебіміздің білімді оқушылар арасындағы «Білімді ұрпақ – тәуелсіздік тірегі» атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Сан ғасырлар тарихына кешегі
Туған жердің шежіресі өседі
Менің елім – Қазақстан Отаным
Болашағы бізбен бірге өседі
Дей келе, қатысушыларымызды ортаға шақырайық. «Болашақ», «Талапкер» топтары ортаға келіп, өз орындарыңызға жайғасыңыздар.
2-жүргізуші: Осы сайыстың ақ-қарасын ажыратып, әділ шешімін беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар және көрермендер, келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.
1-кезең: «Кел танысайық»
2-кезең: «Бәйге»
3-кезең: «Көкпар»
4-кезең: «Ғажайып әлем»
5-кезең: «Егер де мен...»
6-кезең: «Жорға»
2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі ата-бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жетістіктің куәгері сіздерсіздер.
1-жүргізуші: Ойынымыздың 1-кезең «Кел танысайық». Әр топ мүшелері өздерін таныстырып өтеді. Топтың атауы, ұраны,эмблемасы болу керек.
2-жүргізуші: Ойынымыздың 1-кезеңі аяқталды. 1-кезең бойынша ұпай санын көрсетіп отырсаңыздар.
1-жүргізуші: Ойынның 2-кезеңі «Бәйгені» бастасақ. Сұраққа бірден жауап беру керек. «Болашақ» тобының сұрақтары:
1.Қазақ хандығының «Алтын ғасыр» кезеңі кімнің тұсында болды?
Тәуке ханның.
2. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. М.Мақатаев.
3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. Т.Әубәкіров.
4.Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам әжесі Айғаным.
5.1778 жылы патша үкіметі кімді Орта жүздің ханы етіп сайланды?
Абылайды.
6. «Қазақ» газетінің бас редакторы А.Байтұрсынов.
7. Рәміздер қай жылы қабылданды? 1992.
8. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек
І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б.Майлин.
9. «Жеті жарғы» бойынша кісі өліміне қанша мал төленді? 1000
10. Бақтығұл, Тектіғұл, Қатша-қай шығарманың кейіпкерлері?
«Қараш-қараш» оқиғасы.

«Талапкер» тобының сұрақтары:
1. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» қай жылдарды қамтыды?
1723-1727
2. Абайдың әжесі Зере.
3.Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған ел? Түркия.
4. «Аңырақай шайқасы қай жылы болды? 1729.
5. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңіне кімдерді жатқызамыз?
Асан қайғы, Майқы би.
6. Қабанбайдың шын аты? Ерасыл.
7. Отырардың ежелгі аты Фараб.
8. «Абай жолының» бірінші кітабы қай жылы шықты? 1942.
9.Тұңғыш Қ.Р.Конституциясы қай жылы қабылданды? 1993.
10. «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы Ж.Жабаев.
2-жүргізуші: 2-кезең бойынша «Болашақ» тобының ұпай саны.
«Талапкер» тобының ұпай саны.
1-жүргізуші: Бүгін біз тәуелсіз деп Отанымыздың иесі ана тіліміздің киелі болып ата тарихымыздан айырылмай, ұлт пен ұлыстар арасы ынтымақтастықта боса ғана қонған бақыт құсы тәуелсіздігімізді сақтай аламыз.
2-жүргізуші: Орыс тілін түсінемін, білемін,
Шет тілін де жаттап оқып жүремін
Ата-бабам қастарлеген жанындай
« Ана тілім- менің нағыз жүрегім»- дей келе келесі кезең – «Көкпар» сайысына берейік.
1-жүргізуші: Әр топқа үш мақал беріледі.Берілген мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына орнына тиісті сөзді тауып ол сөздің орысша , ағылшынша атын айту керек.
«Болашақ» тобына мақал-мәтелдер:
1. Тәрбие басы ..............
Тіл, язык, language
2. Туған жердей .......... болмас,
Туған елдей ел болмас.
Жер, земля, earth.
3. Ынтымақты ........ – сарқылмас көл.
Ел, страна, country.
«Талапкер» тобына мақал-мәтелдер:
1 . ......... пейілді болса шәкірті зейінді келеді.
Ұстаз, учитель, teacher
2 . Білім – теңіз, мектеп- ...........
Кеме, корабль, ship
3. Ең тәтті де .........
Ең ащы да ........
Ең жұмсақ та .........
Ең қатты да ...........
Тіл, язык, language .
2-жүргізуші: Отаншылдық – білімділік. Көп оқыған, білгені мол адам әділетті, айбынды қоғам қайраткері бола алады. Яғни қоғам тағдыры мемлекет тағдыры, білімді ұрпақ өзіміздің қолымызда. Сонымен келесі 4- кезең «Ғажайып әлем». Әр топ кезек-кезек ұяшық таңдайды. Ұяшықтарда сұрақтар берілген.
1. С. Сейфуллиннің тарихи еңбегі: «Тар жол, тайғақ кешу»
2. « Бұл ән- бұрынғы әннен өзгерек» әнінің авторы: Ш. Құдайбердіұлы
3. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? 1418 күнге
4. Бөкей Ордасының бірінші ханы: Бөкей
5. « Тарланым», «Соғыс», «Мұнар күн» өлеңдерінің авторы кім? М. Өтемісұлы
6. М. Мақатаев өзінің өмір баянын қай өлеңінде жазды. «Менің анкетам»
7. 1931 жылы түсірілген дыбысты фильм. «Амангелді» киносы
8. Дамыған қай қаланы мақтанышпен «көпестер» қаласы деп атаған? Тараз .
1 -жүргізуші: Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің күші. Тәуелсіз елдің ұлы? Өжет қызы? Қайратты халқың Қаһарман. Ұлттық тілдің дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Келесі 5-кезең « Егер де мен ...» шешендік сайысы.
2 -жүргізуші: « Егер де мен ...» сайысына бірнеше тақырыптар ұсынылған, соның біреуін алып, оқушылар өз ойын айтады. Уақыты 5 минут, онда оқушылардың шешендік өнерін, ой қорын, тілдік байлығын байқату қажет.
1 -жүргізуші: Білгенге білім- байлық , бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай
Үйренсең өнер-білім, өнеге мұра.
Таусылмас тау кенінің қордасына,-деп Омар һаям айтқандай сайысшыларымыздың шешендігін байқайық.
« Егер де мен мектеп директоры болсам...»
« Егер де мен білім министрі болсам...»
« Егер де мен қала әкімі болсам...»
« Егер де мен президент болсам...»
2-жүргізуші: «Егер де мен...» сайысының ұпай сандарын көрсетсеңіздер. «Болашақ» тобы
«Талапкер» тобы
1-жүргізуші: «Соңғы түйін жүгі ауыр» дегендей «Жорға» кезеңінеде келіп жеттік.
2-жүргізуші: Осы сайысымызда әр топқа 15 сұрақтан оқылады. Осы сұрақтарға тек 5 минут уақыт беріледі.
«Болашақ» тобына сұрақтар:
1. Қ.Р. тәуелсіздігін қашан алды? 1991ж.16 желтоқсан
2. «Қамар сұлу» романының авторы: С.Торайғыров.
3. Сиыр малының пірі қалай аталады? Зеңгі баба.
4. Қ.Р. рәміздерін ата? Ту, Әнұран, Елтаңба.
5. Қазақ хандығының негізін қалағандар: Керей мен Жәнібек.
6. Соғыста ерлік көрсеткендер? Батыр
7. Жырдың алмас қылышы кім? Махамбет
8. «Пайғамбар» сөзі нені білдіреді? Алланың жердегі өкілі.
9. «Аққулар ұйқтағанда» поэмасының авторы? М.Мақатаев.
10. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? 9
11. Парламенттің жоғарғы палатасы? Сенат
12. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
13. Фонетика нені зерттейді? Тіл дыбыстарын
14. Ел астанасы Астанаға қашан көшірілді? 1997ж
15. Төл теңгеміз айналымға қашан кірді? 1993ж.15 қараша
«Талапкер» тобына сұрақтар:
1. Қазақтың қай дала ақыны, Абылай ханның кеңесшісі болды?
Бұқар жырау
2. Жылқы малының пірі қалай аталады? Қамбар ата
3. Лексика нені зерттейді? Сөз мағынасын
4. –ау,-еу жұрнағы арқылы жасалатын сан есім? Жинақтық
5. Парламенттің төменгі палатасы? Мәжіліс
6. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? Түркістан
7. Қ.Р. қанша облыс бар? 14
8. Абылай ханның лақап аты? Сабалақ
9. «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» поэмаларының авторы? М.Әуезов
10. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? Верный
11. Сөйлем түрлері айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 4
12. «Саятшы Ораз» әңгімесінің авторы кім? С.Мұқанов
13. Махамбеттің әкесі кім? Өтеміс
14. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? 5
15. Қ.Р. «Халық Қаһарманы», «Ғасыр адамы» жоғарғы атағын алған кім?
Т.Әубәкіров
1-жүргізуші: Дана халқымыздың білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар деп айтқандай, қиялына қанаты біткен ойы ұшқыр, білімді жастармыз. Әрқайсымыздың жүрегіміз елім деп соғады, олай болса елге, жерге сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқы үшін, білімді, білікті болып еңбектенуге барлағымыз міндеттіміз. Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар-сіздердің қолдарыңызда» -деген даналық сөзін ақтай білейік.
2 -жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы, сөз сіздерде.
1-жүргізуші: Үлгі бізге ағалардың ерлігі,
Ұлағатты тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі!
«Білімді ұрпақ- тәуелсіздік тірегі» атты интеллектуалдық кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қош-сау болыңыздар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: Мака (2017-01-06) E
Просмотров: 982 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru