Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Әдептілік - әдемілік.
Ауезаитова Жанат Турсыновна
Сынып сағаты
Әдептілік - әдемілік.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Типі: өнеге сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, шарлар. :
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1-жүргізуші:
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
-Ал, балалар, жанымызда отырған бір-бірімізбен шынашақтарымыз арқылы сәлемдесіп алайық.
Мұғалім:
- Біздің халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынасқа ежелден-ақ көңіл бөліп келгендігі баршаңызға белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа туысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерінен молдап ұштастырамыз. «Әдептілік иесі – иіліп сәлем бергені. Ұлық болсаң-кішік бол, Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік» - деп ой тарқатып, сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді. Қазақ халқына тән дарқан қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу, ағайын туғанға бауырмалдық, аталы сөзді қадір тұтып, уәдеге тұра білуге, жас ұрпақты әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу тұрғысындағы озық дәстүрлер қазіргі кезде де ұнасымды жалғасып, бүгінгі өмірімізбен үйлесім тауып отыр. Әдеп - ол адамдардың жүріс – тұрысы мен өзара қарым – қатынастың ережелері. Бұған елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік жатады. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата – анаңның өз Отанынның мақтанышы боласың. Әдеп - адамдармен қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан тыс аспау, сөзіміз бен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлау, сыпайылық шегінен шықпау.
Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік! Хош келдіңіздер!
2 - ші жүргізуші:
- Олай болса, әдептілік деген не?
- Әдепті бала қандай болу керек?
1-оқушы: Әдепті бала - мәдениетті, кішіпейіл, үлкенді сыйлап, құрмет тұтады, көшеде, мектепте, асханада, көлікте, қонақта амандасып жүреді. Кішіге - қамқоршы болады, үлкенге ізетті болады.
1 - ші жүргізуші:
- Әдептілік туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер? Көрермендерден сұрау.
Оқушылар: Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар, әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
2 - ші жүргізуші:
- Әдептілік неден басталады? ( сәлемдесуден)
2-оқушы.
«Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз. Оқушылар:
- Сәлеметсіз бе, ағай!- деп
- Сәлеметсіз бе, апай!- деп
- Есенсіз бе, әжей!- деп
- Амансыз ба, атай!- деп
- Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз. Бәрі
1 - ші жүргізуші: Қазір, оқушылар сәлемдесу рәсімін, сөйлесу тәртібін көрсетеді. / Әр елдің сәлемдесу түрлерін көрсету./
( 2 ұл, 1қыз шығып көрсету.)
3 - оқушы: Ата - ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тілегі,
Адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің,
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің,
4 - оқушы:
Құс ұясын бұзбаймын,
Бүлдірмеймін жейдемді.
Қабырғаны сызбаймын,
Жинап қоям бөлмемді.
Бос шимайлап, шатпақтап,
Дәптерді де жыртпаймын.
Бір күн болмай сатпақтап,
Киімімді құртпаймын.
5 - оқушы: Апамызды сыйлайық,
Үйдің ішін жинайық.
Бұрынғыдай егесіп,
Ерегісіп тұрмайық.
Қалмау үшін керісіп,
Кел алайық келісіп,
Атқарайық үйдегі,
Жұмысты тең бөлісіп.
6 - оқушы: Шайымызды қайнатып,
Дастарханды жайнатып,
Отырайық бөлмеде,
Бөпемізді ойнатып
Гүлдерді де суарып,
Еденді де жуайық.
Келген кезде жұмыстан,
Қалсын апам қуанып.
7 - оқушы: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ тамақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Садыр салақ болмағын.
Көрініс: «Әдептілік» Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
2 - жүргізуші:
- Бұл көрініс бойынша қандай пікір айтасыңдар? Оқушылар:
8 - оқушы: Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
9 - оқушы: Сыйлап үлкен ағаны
Таудай биік талабы
Сәлем берген баланы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз. Үлгілі екен бұл дейміз.
1-жүргізуші.
Ойын « Кім көп біледі?» Көрермендермен ойын.
(Әдептілік, тәрбие туралы мақал – мәтел айтып жарысу)
«Жалғастыру ойыны»
«Не істеуге болмайды?» Сабақтан...(кешігуге болмайды.) Ысқыруға...(болмайды ) Өзіңнен кішіні (ренжітпе) т.б.
«Не істеу керек?» Үлкендерді..(сыйлау керек ) Амандасуды ( ұмытпа) Ата - ананың..(тілін алу керек ) Оқу құралдарын (күтіп, таза ұстау тау ) Көлікте өзіңнен үлкен адамға... (орын беру.) т.б.
2 - ші жүргізуші: «Әдептілік» - деп, қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз?
10 - оқушы: Әдептілік деп, үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
11 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз - ізет, инабат, сыйласым, құрмет,қамқорлық. Кешірімді болуымыз керек.
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
1-жүргізуші: Ән: «Біз әдепті баламыз».
2-жүргізуші:
Көрермендермен жұмыс. Сұрақ-жауап:
-Ертеде қол алысып амандасу нені білдірген?
-Телефонмен сөйлескенде кім алдымен әңгімені тоқтату керек. Қоңырау шалған адам ба, әлде телефонды алған адам ба?
-Театрда, концертте, кинотеатрда қандай әдеп ережелерін сақтаған дұрыс?
-Дүкенде қандай ережелерді ұстанған дұрыс?
-Егер сен қонақта, дастарқан үстінде отырғанда сағызыңды қайда қоясың?
-Кешіккен адамды қанша уақыт күтуге болады?
-Қонаққа шақырған уақыттан ерте келуге бола ма?
-Сыйлықтан бас тартқан дұрыс па?
-Сыйлық ұнамаса не істеу керек?
- Қай уақыт аралығында телефон шалған дұрыс?
- Досың сен танымайтын адаммен амандасса, сен не істейсің?
- Дастарқанға кім бірінші отырады: үй иесі ме, әлде қонақтар ма?
1, 2 - ші жүргізушілер:
- Хош, сау болыңыздар!
Категория: Классному руководителю | Добавил: ТатьянаТатьянка (2017-11-17) | Автор: Ауезаитова Жанат Турсыновна E
Просмотров: 984 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 1:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru