Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Классному руководителю

Туған жер – Туған ел
Сабақтың тақырыбы: Туған жер – Туған ел.
Сабақтың идеясы (педагогикалық мақсат): Рухани жаңғыру құндылықтарын дамыту.
Сабақтың мақсаты: Əрбір қазақстандықтың тұлғалық дамуы үшін үшінші жаңғыру мүмкіндіктерін талқылау.
Күтілетін нəтижелер: Үшінші жаңғыру контекстінде тұлғалық даму идеялары мен жобаларын жасау.
Сабақтың құрылымы:
І. Бейнефильмді көру (15 мин).
ІІ. Бейнефильм идеясы мен сюжетін талқылау (шағын топтарда 10 мин).
ІІІ. Талқылау нәтижелерін презентация жасау (20 мин).
Сабақтың барысы.
1) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ұсынымдамалар: педагогтің (сынып жетекшісінің) кіріспе сөзі 1,5 минуттан көп болмауы тиіс. Ол үшінші жаңғыру (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы), Қазақстанның рухани жаңғыруы туралы қысқаша ақпаратты қамтуы қажет.
Интерактивті сабақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген ел дамуының негізгі бағыттарын ашады.
Рухани жаңғырудың алты бағытының барлығы алдыңғы қабылданған ұзақмерзімді, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қолдауға және табысты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстанның келешектегі даму бағыттары мен негізгі басымдығы ретінде білім беруді жаңғырту және мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтауға баса назар аударылған.
Сондықтан жаңа дәуірдің бар жақсылығын өзіне ала отырып, жаңа жағдайға кірігу және бейімделу маңызды. Елбасы атап көрсеткендей, экономиканың алдына қойылған міндеттерге қол жеткізу және дамыту, ең бастысы қазіргі әлемдегі жоғары дамыған алдыңғы қатарлы елдердің қатарына кіру маңызды болып табылады. Ал бұл тек рухани құндылықтар мен басымдықтар дұрыс және нақты қойылған қоғамда ғана мүмкін болады.
Әрі қарай педагог сабақтың құрылымын баяндауы және бұл сабақтың әрбір білім алушының тұлғалық өсуінің нақты жоспарын құру үшін өзіндік бастама болып табылатынын түсіндіруі тиіс.
Кіріспе сөзде фильмнің негізгі идеясы оны көріп болғаннан кейін, сыныпта бірден талқыланатыны туралы айтылады. Ол үшін келесі сұрақтарды жариялау немесе тақтаға жазу қажет:
І Сұраққа - жауап
1. ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін маған қандай қасиеттер қажет?
2. «Бәрі сияқты» немесе «басқалардан кем емес» стереотипі және шығынды ісшараларға сенің көзқарасың (бітіру кештері, қонақ күту, үйлену тойлар және т.б.)
3. ХХІ ғасырда табысты ілгерілеу үшін менің халқымның мәдениетінде нені сақтау және дамыту керек?
4. Мен үшін не маңызды – диплом немесе білім, және менің білімім менің еліме қандай көмегін тигізеді?
5. Қазақстанды дамыған «30» елдің қатарына енгізу үшін менің қосқан жеке үлесім қандай болмақ?
6. Қазақстанда мерекелер неге ауысып отырады?(мысалы, неліктен жас антифашисттер күні немесе пионерлер күні атап өтілмейді, неге қасиетті Валентин күні немесе хэллоуин тойлана бастады)?
ІІ Бейнефильмді көру.
Бейнефильмнің әрқайсысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада көрсетілген алты принципті ашатын алты сюжеттік желіде құрылған.
Сонымен, 1-ші сюжеттік желі. Интеллектуалдық өнімді өңірлік және жаһандық нарықта ұсыну: әрбір қазақстандықтың білімділік көрсеткішінен бәскеге қабілеттіліктің жаһандық индексіне.
Аталған сюжет рухани жаңғырудың бірінші – Бәсекелік қабілет принципін ашып көрсетеді.
2-ші сюжеттік желі. Адам өміріндегі, отбасындағы, қоғамдастықтағы экология: ысырапшылдықтан ұқыптылыққа, өркениет пен мәдениетті сақтау.
Бұл сюжет екінші принцип – Прагматизмді ашады.
3-ші сюжеттік желі .Өткеннің, қазіргінің және болашақтың бірлігі.
Үшінші сюжет «Ұлттық бірегейлікті сақтау» принципін ашып көрсетеді.
4-ші сюжеттік желі . Өмір бойы оқу – зияткер ұлт.
Осы сюжет төртінші – Білімнің салтанат құруы принципін ашады.
5-ші сюжеттік желі. ХХ ғасырдың ащы сабақтарынан («Кіші Қазан». Ұжымдастыру. Аштық. Саяси қуғын-сүргін. Семей ядролық полигоны. Арал тағдыры. Тың игеру) тұрақты дамуға (Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі).
Осы сюжет материалдары бесінші «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» принципін ашуға бағытталған.
6-шы сюжеттік желі. Әлемдегі өзгерістерді қабылдауға бейімділік пен ашықтық. Өзгелердің тәжірибесін сыни қабылдау.
Осы сюжет алтыншы – «Сананың ашықтығы» принципін ашып көрсетеді.
Фильмді көргеннен кейін мұғалім (оқытушы) білім алушыларды «тамыр-таныстық», «парақорлық», «рушылдық», «шенге бас ұрушылық», «пара берушілік» сөздерінің мағынасымен таныстырады.
Тамыр-таныстық (ағылш. nepotism) – ауыспалы мағынада лауазымды тұлғаға әсіресе өз туыстарына, жақындарына немесе достарына қызмет мүддесіне зиян келтіру арқылы ұсынылатын қызметтік қолдаушылық.
Парақорлық – лауазымды тұлға алған материалдық құндылықтар (заттар немесе ақша) немесе бұл тұлға өзінің лауазымдық жағдайына байланысты пара берген адамның мүддесі үшін жасаған немесе жасай алатын заттай пайда көру түріндегі пара алу.
Рушылдық –бір жерде туған, бір жүзге жататын, бір мекемеде біріккен (жұмысқа зиян келтіретін) ағайындарға (бірнеше тұлғалар туралы) қатысты.
Шенге бас ұрушылық – қызметтік жағдайы бойынша, атағы бойынша жоғары тұрған қызметкерге табыну.
Пара берушілік — лауазымды тұлға алған материалдық құндылықтар (заттар, ақша және т.б.)
Сонымен қатар фильмнің кейбір эпизодтарын, мысалы, ауа райының қолайсыз кезінде орындалған жол жөндеу жұмыстарын, күйеу жігіт пен қалыңдықтың тікұшақпен ұшып келуі және т.б. талқылау ұсынылады.
ІІІ Бейнефильмнің идеясы мен сюжетін талқылау (шағын топта 10 мин).
Ұсынымдамалар: фильмнің негізгі идеясын талқылау үшін сыныпта 6 шағын топ ұйымдастырылуы қажет. Әр шағын топқа талқылау үшін жоғарыда көрсетілген сұрақтардың бірін таңдау ұсынылады. Сұрақтарды таңдау және шағын топтарды құруды бірнеше нұсқа бойынша жасауға болады:
1. Бәсекелік қабілет.
2. Прагматизм.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.
4. Білімнің салтанат құруы.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
6. Сананың ашықтығы. (2 минут).
Бірінші принцип зияткерлік өнімді аймақтық және жаһандық нарықта ұсыну идеясымен байланысты. Бұл бәсекелік қабілеттің жаһандық индексімен – БЖИ анықталады. Бүгінгі күні ол 12 құраушыларға бөлінген 114 көрсеткіш бойынша қалыптасады. Қазақстанның бәсекелік қабілетінің жаһандық индексі – БЖИ 2012 жылдан бастап өркендеуімен ерекшеленеді.
Бұл сандардың барлығы алыстағы, түсініксіз бірдеңе болып көрінуі мүмкін. Бірақ олар біздің әрқайсымызға, әр қазақстандықтың білімділігіне және бәсекелік қабілетіне тәуелді. Ұлт табысының факторы дегеніміз осы.
Кез-келген қазақстандық, тұтас ұлт та XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына дайындаудың қамы. Бұл біздің бәсекелік қабілетіміздің бір бөлігі.
Екінші принцип – Прагматизм.
Ол өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алумен сипатталады.
Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану салдарынан түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
Бұрынғы ұлттық прагматизм ысырапшылдыққа айналды.
Прагматизм ысырапшылдық, даңғойлық, өмірдегі жасандылықтың қарама-қарсылығы болып табылады. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – бұл орынсыз сән-салтанат емес, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік және орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Және бұл қазіргі әлемдегі тұрақты дамудың бірден бір табысты үлгісі.
Мұнда бірқатар әдеттер мен стереотиптерді, Ең алдымен отбасы бюджеті мен экологиясына әсер ететіндерді өзгерту өте маңызды.
Үшінші принцип – ұлттық бірегейлікті сақтау. Бұл өткеннің, қазіргінің және болашақтың бірлігі негізінде мүмкін болады.
Қазіргі уақытта әлемде мәдени жаһанданудың екі сценарийінің қаупі бар:
− оның біріншісі мәдениеттерді жаһандық біріктіру бейнесін көрсетеді;
− екіншісі әлемге мәдениеттердің жаһандық қарсыластығын болжайды.
Сонымен қатар, үшінші сценарий да бар, ол – әр елдің және аймақтың жеке даму үлгісінде құрылған мәдениеттердің жаһандық диалогы.
Мәдениеттер диалогы тұжырымдамасы жекелеген адамдарға өз мәдениеті аясынан шығуға, жаңа мәдени жағдайларда өзін бөтен сезінбеуге, басқа мәдени топтармен өзара байланыста өзін өзі жаңа тұрғыдан бағалауына көмектеседі. Бірақ, сонымен қатар, мәдени әралуандылық құқығы сақталуы қажет.
Бұл біздің ұлттық рухымыз, өзіндік мәдениетіміз бойымызда мәңгі қалуы тиіс дегенді білдіреді.
Бірақ жаңғыру жаһандық әлемге сай келмейтін көнерген әдеттер мен әуестіктерді өткенге қалдыруды қажет етуден де тұрады.
Негізгі міндет екі өзгермейтін ережелерін түсіну болып табылады.

Бірінші. Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екінші. Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Төртінші принцип – білімнің салтанат құруы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің жаңа стандарты шықты. Ол білім беру жүйесімен қаруланған «білетін адамнан» «өмірлік іс әрекетке дайын адамға» және «Бүкіл өмірге білім алудан» өмір бойы оқуға ауысуға бағытталған.
Неге бұлай? Таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда аса білімдар адамдар ғана жоғары деңгейдегі білімінің арқасында кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті болып, табысты өмір сүреді.
Бірақ, біз өз мамандығы бойынша болашақта жұмыс істеуді жоспарламай, зияткерлік күш-жігерін қолданбай-ақ, тек диплом алуды ғана қалайтындарды, әсіресе, студенттік ортада, жиі көреміз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі және қабылдауы керек. Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Келесі принцип – Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Оның сабақтары біздің халқымыз үшін қасіретке толы: ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. XX ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Тәуелсіз ел болдық. Астана Қазақстанның өркендеуінің символына айналды. Қоғамымызда бірлік, бейбітшілік пен келісім орнаған.
ХХІ ғасырдың басындағы біздің жетістіктер – бұл индустрияландыру, әлеуметтік және өндірістік инфракұрылым құру, жаңа зиялыларды қалыптастыру. Біз әлемнің 50 дамыған елдерінің қатарына кірдік, ал біздің экономикалық, саяси және әлеуметтік бағдарламалар Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіргізуге бағытталған.
Эволюциялық даму ұлттың өркендеуіне мүмкіндік береді. Қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап пайым жасай білу маңызды. Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
Алтыншы принцип – Сананың ашықтығы.
Сананың ашықтығы:
− ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсіну;
− ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу, үйреншікті емес, жаңаны қабылдауға қабілетті болу;
− ол қызығушылық және оқуға ниеттену;
− ол кәсіби тәжірибе мен білімнен жоғары;
− ол дәстүрлі «дұрыс» деп саналатын әдеттегі стереотиптер мен санаттардан бас тарта білу;
− ол өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Әрине, өзара алмасу мағыналы болуы қажет, ол соқыр еліктеуге айналмауы, қате түсінікке негізделмеуі тиіс.
Сананың ашықтығы әрқашан да адам дамуының жоғары сатысы – руханилықпен түйіндеседі. Руханилық нақты мақсаттарға айналатын зияткерлік, этикалық, эстетикалық құндылықтардан көрінеді. Мұнда ешқандай тоқырау болмауы тиіс.
Тек осылай ғана кіндік қаның тамған туған жеріңе деген жоғары сүйіспеншілікті аңғаруға болады. Осы принциптерді сақтай отырып қана біз, оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қабылдай аламыз.
Бейнефильмнің әрқайсысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада көрсетілген алты принципті ашатын алты сюжеттік желіде құрылған.
IV Талқылау қорытындыларының презентациясы (20 мин). Әр топ өздерінің дайындаған мәліметтерімен шығармашылық жұмыстарын ортаға салады.

V Қорытынды. студенттермен кері байланыс
Категория: Классному руководителю | Добавил: dauke1980 (2018-05-18) | Автор: Мусина Ерке Саясатовна E
Просмотров: 391 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru