Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Аяласаң, табиғатты аяла!
Тақырыбы: «Аяласаң, табиғатты аяла!»
Мақсаты: Табиғатты қорғау, аялау,сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
құрылымы:
І.Табиғат дегеніміз не?(саяхат-шолу)
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –жануарлар
Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойын
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе…»
ІІ. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
Мұғалім: – Армысыздар құрметті оқушылар! «Аяласаң, табиғатты аяла» атты акциямызды бастаймыз.
Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.
Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.
І. Ұйымдастыру:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Табиғат деген не?қалай түсінесің?

Жер Ана Отан

Атамекен Туған жер

Слайд: Табиғат ғажайыптары
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз ең бірінші табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
І слайд
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Кіріспе:
Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.
« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.
Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суын бүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау.
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Ауа жер

Су орман ағаштары

Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар…
Олай болса,оқушылардың өлең –шумақтарына кезек берейік.
Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Ашық болса менің байтақ аспаным,
Туған жерім бітпейтін мол дастаным.
Тыныштықты қалаймын өмірде бұл,
Керегі не, керегі не басқаның
Слайд:Табиғаттың экологиялық проблемалары
Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.
Табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
«Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.Оларды біз неден және қалай қорғауымыз керек?Қане көрейік?
«Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.
Келесі кезекте 7 класс оқушыларға беріледі. Ән « Күзгі кайын»
Мұғалім: Өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар? (Құстар)
Олай болса келесі «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
-Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.:
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
Ендеше келесі көрінісіміз: «аккулар уйыктаганда» деп аталады.
Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті –жануарлар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.
Ана: Гулмай
Мана, күндіз тәуіп шал не деп кетті?
Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.
Аққумен баланы аластаңдар -
Деді – дағы, жәйімен жөнеп кетті.
Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?
Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі.
Ұмытылып кетті ме санатыңнан.
Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтейін, ол да адамға бола туған
«Жетім көлге» барып қайт таң жамылып.
Әке:рафхат Апыр-ай, қалай барам?!
Атармын аққу құсты қалай ғана?
Оқ атам қасиетке қалай ғана?
Бармаймын, бара алмаймын,
Қалай барам?!
Ана: Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі,
Балам өлсе бақыттың керегі не?
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Құрысын онсыз сенің жалған бағың!
Мылтықты әкел! Атты ертте!
Жалған бәрі.
(Мылтықты алып, белін түйіп шығып кетеді.)
Көл бетінде екі оқушы аққу биін билейді.би акку би
Бір кезде тарс еткен мылтық үні естіліп, бір аққу құлап түсіп, біреуі айналып ұшып кетеді. Қанатымен жер сабалаған аққуды көріп, дел-сал болған ана сахнаға шығады. Шашы жайылған, үстінде қара киім.
Алдынан қарт шығады.
Қарт:Артур: Әй, балам!
Болмады ғой, болмайды ғой…
Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,
Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой…
Әйел мылтықты лақтырады. Ауыл.Әкесі қайтыс болған баланы алып шығады да, ақ төсекке салады.Ана қолын соза аққуды көрсетеді.
Ана: Мына жатқан жетім көл, мына аққуды
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа…
Жоқ, мен емес… Мен атпадым.
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным!
Екі қолын аспанға соза тізерлеп отырады.Балаға жақындайды.
Ана: Қазір ботам…
Мінеки, таң атады…
Қазір ботам аққумен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным… балапаным!
(қолын соза):
Мұғалім:
Тиме аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын, биесін ал,
Тиме аққауға, аққудың киесі бар.
Мұғалім: Адам табиғат перзенті. Дүниеде екі ана ғана бар. Бірі тіршіліктің анасы – табиғат-ана, екіншісі – адамның анасы. Екеуі де сондай мейірімді. Сондықтан осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Мұғалім:
Өте жақсы, балалар біз табиғатты қорғауға шақыратын көріністерді тамашаладық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.
Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады.
Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!.
Бұлақтай мөлдір таза бол! Жұлдызың жарық болсын! Айың оңыңнан тусын!
Көңілің көлдей шалқысын! Гүлдей жайнай бер! Таудай талап бер!
қортындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі.
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен :Табиғат сені сүйеміз, Басымызды иеміз!
Табиғатты қорғауға біз сөз береміз!
Категория: Биология | Добавил: шынар78 (2015-02-17) | Автор: Жаумбаева Шынар Сайлауовна E
Просмотров: 1491 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru