Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Өсімдіктану пәнінен 7-сыныпта «Өсімдік әлемінің құпиясы» ойын-сайыс сабағы
Өсімдіктану пәнінен 7-сыныпта «Өсімдік әлемінің құпиясы» ойын-сайыс сабағының бағдарламасы:

Оқушылардың меңгерген білімдерін анықтауды мақсат етумен қатар олардың салыстыру , қорытындылай алу , талдау дағдыларын қалыптастыра отырып , қисынды ойлау арқылы алған білімдерін тиянақты меңгеруіне басты назар аударып , ойын-сайыс сабағының бағдарламасын дайындау үшін оқушыны ойлауға ,есте сақтауға , өз бетімен басқа тақырыптан тақырыптың ерекшелігін, өзгешелігін , ортақ белгісін ажырата алатын салыстырмалы сұрақтар құрастыруға тырыстым.
Сынып оқушыларын екі командаға бөліп , топ басшысын тағайындау. Топ басшыларына сыныпты безендендіру , оқушыларды сабаққа дайындау сияқты дайындық жұмыстары жүктетіледі.

Ойын-сайыс VΙ кезеңнен тұрады.
Ι. Кезең. Биологиялық диктант.
Сөйлемнің алынған бөлігін толықтырып аяқтау.
Алынған сөздерді пайдаланып аталған тұқымдасқа сипаттама беру.Әр дұрыс жауап екі ұпаймен бағаланады.
«Қызғалдақ» тобына берілген тапсырма:
1.Бидай , жүгері , сұлы, ,тары, арпа , ( .......қандай тұқымдасқа) жатады?
2.Осы тұқымдасқа жататын өсімдіктер (... қандай мақсатқа) пайдаланылады.
3.Күріштің (....жемісі қалай аталады) нәруызға, көмірсуға бай болады.
4. Аталмаш тұқымдастың сабағы (.... сабақтың түрі)
5.Осы тұқымдастың тамыры (қандай тамыр)
«Қырмызыгүл» тобына берілген тапсырмалар:
1.Шырша , арша , самырсын , қарағай (....қандай тұқымдасқа ) жатады?
2. Аталған өсімдіктерді (.... қандай мақсатқа) пайдаланылады.
3. Шырша , қарағай арша жапырағы (... қандай жапырақ) деп аталады.
4. Осы тұқымдастың сабағы ( ....) деп аталады.
5. Қарағайдың аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдікте орналасқандықтан қарағай (.....неше үйлі ) өсімдік деп аталады.

ΙΙ.кезең. Келесі тапсырманың түрі «Аукцион»
Екі командаға өсімдік мүшелерін аукционға салады.Суреттің артында 3 сұрақтан жасырылған Әр сұрағы 2 ұпайдан бағаланады. Сұрақтар сол мүшеге байланысты қойылған.Кезекпен жауап беру керек.Егер де жауап бере алмаса кезек тен тыс қарсылас команда жауап береді.
1.Жеміс-жидек суреті салынған карточка.
А.Жидек жеміс деген не.
Ә.Жеміс гүлдің қай бөлімінен пайда болады.
Б.Жеміс-жидектің маңызы.
2.Жасыл эвгленаның суреті.
А.Жасыл эвгленаның қоректену ерекшелігі.
Ә.Жасыл эвгленаның талшығы қандай қызмет атқарады.
Б.Жасыл эвгленаның көбею ерекшелігі.
3.Гүлдің суреті салынған карточка.
А.Гүл қандай бөлшектерден тұрады.
Ә.Жауқазын қандай тұқымдасқа жатады.
Б.Гүлді өсімдіктердің тозаңдану түрлері.
4.Саңырауқұлақ суреті салынған карточка.
А.Саңырауқұлақтың қоректену ерекшелігі.
Ә.Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрлысы.
Б.Саңырауқұлақтың маңызы.

IIΙ. кезең.Бұл кезеңде микроорганизмдердің пайдасы мен зияның алдымен жеке талдап соңынан топпен талқылап тақтаға кезекпен шығып жазады.Қай топ көп
дәлел келтірсе,сол топ жеңеді.Бір мысал 1 ұпаймен бағаланады.

IV кезең.Сұрақтармен белгілі бір өсімдікті сипаттау.Команда мүшелері алғашқы сұрақ оқылғанда
қандай өсімдік екенін бірден тапса 10 ұпай .Әр қосымша сұрақ оқылған сайын 10 ұпайдаң 2 ұпай алынып отырады.Команда мүшелері өзара ақылдасып бір-ақ рет жауап береді.
I топ (Қызғалдақ)
1.Недерландия мемлекеті гүлдің бұл түрін өсіріп экспорттау жөнінен әлемде бірінші орын алады.Сол гүлдің шыққан отаны Орта Азия яғни Қазақстан екені белгілі.Қандай гүл жайлы сөз болып отыр.
2.Бұл гүл даражарнақты,шөптекті,көп жылдық өсімдік.
3.Лалагүл тұқымдасына жатады.
4.Тамыры,түйнекті пиязшық.
5.Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар,олар екі шеңберде орналасады.
II топқа.
1.Бұл өсімдікті Оңтүстік Америка құрлығынан алып келген.Басында сәндік үшін өсірілгенімен соңынан тағамдық,техникалық дақыл ретінде қолданып келеміз.
2.Бұл өсімдіктің жемісі жидек.
3.Тамырындағы түйнектері жер асты өркені болып есептеледі.
4.Бұл дақылдың түйнегінде крахмал мол болады.
5.Бұл дақылды «екінші нан»деп қастерлейді.

V кезең.Тапқырлықты,білімділікті қажет ететін бұл бөлімде түрлі гүлдердің атауын мүдірмей айтып бір аттап алға басу керек.Әр адым яғни бір гүлдің атауы 1 ұпаймен бағаланады.

VI кезең.Айтылған сипаттамаға байланысты өсімдіктің суретін салу.
«Қызғалдақ» тобына берілген тапсырма:
Шөптесін сабақты ,бес жасыл қырлы жақша гүл тостағаншалары бар. Бес қызғылт күлтесі, бес аталығы, бір аналығы бар гүл.
«Қырмызыгүл» тобына берілген тапсырма:
Себет гүлшоғырында екі түрлі: ортасында сары жасылдау түсті түтік гүлдері, шетінде тілше гүлдері орналасқан Тілшесітүсі ақ,төмен бағытталып өседі.Себет табаны дөнес болып келеді.
Ойын-сайысты қорытындылау үшін әділ қазы ретінде тағайындалған жоғары сынып оқушысына сөз беріледі.Әділ қазы ойын-сайыстың әрбір бөліміне талдау жасап оқушылардың орындаған тапсырмаларына баға беріп талқылау керек.
Мұғалім сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қойып осы сабақтың маңыздылығына байланысты сөз сөйлеп сабақты қорытындылайды.

Категория: Биология | Добавил: Bakbolat (2010-04-01) | Автор: Құрман Бақболат E
Просмотров: 11012 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 12:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru