Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама.№ 8 зертханалық жұмыс: «Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу».
Тақырыбы: Қосмекенділер класына жалпы сипаттама.№ 8 зертханалық жұмыс:
«Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу».
Оқу – тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты: Оқушыларға қосмекенділер класына жататын жануарлар туралы білім беру
Міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қосмекенділер класына жататын жануар - бақаның сыртқы және ішкі құрылысы мен оның қосмекенді тіршілігі туралы түсіндіру. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі жәнедамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы туралы мағлұмат беру. Балықтар туралы оқушылардың білімін жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. 256 бет «Біліміңді сына» тест дәптеріне жазылғанын тексеру, жатқа сұрау.
3.Жаңа білімдерді қалыптастыру. 1- тапсырма. Мәтінді оқу. Оқыту нәтижелері :
Қосмекенділердің негізгі ерекшеліктерін, сыртқы және ішкі құрылысын, дене мүшелерін,тіршілік әрекеттерін сипаттай алады. Мүшелер жүйесінің қызметтері мен сезім мүшелерінің бақа тіршілігіндегі маңызын түсінеді. Қосмекенділердің маңызын түсініп, қорғау шараларымен танысады.
Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доға омыртқалылар, жұқаомыртқалылар 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін
4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады. Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген.
«БББ» әдісі. Қосмекенділер класына жататын жануарлар бойынша «Білем», «Білгім келеді» бөліктерін толтыртып сабақтың мақсатын айқындау.
Таныстырылыммен жұмыс. (Power Point)
2-тапсырма.Топтық жұмыс. Әр топ өздеріне берілген бақаның мүшелер жүйесін сипаттай отырып, балық мүшелерімен салыстырады.
1-топ.Сыртқы құрылысы.
2-топ.Асқорыту мүшелері.
3-топ.Тыныс алу және зәршығару мүшелері.
4-топ.Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.
5-топ. Қанайналым мүшелері.
3-тапсырма.Қосмекенділердің көбеюі мен даму жолына сипаттама беріңіздер.
1. Қосмекенділер қандай жолмен дамиды?
2. Даму кезінде қандай сатылардан өтеді, дене құрылысында қандай өзгешелік бар?
3. Қосмекенділер мен балықтардың дамуын салыстырып, ұқсастықтар мен ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
Жаңа білімді бекіту. .№ 8 зертханалық жұмыс: «Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын зерттеу».
Мақсаты: Сүйір тұмсық бақаның мысалында екі ортада өмір сүруіне байланысты қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктерімен танысу.
Сүйір тұмсық бақаның (Rana terestris A) жүйелік орны:
Тип: Хордалылар ( Chordata)
Тип тармағы: Омыртқалылар (Vertebrata)
Класс үсті: Төртаяқтылар (Tetrapoda)
Класс: Қосмекенділер (Amphibia)
Отряд: Құйрықсыздар (Anura (Ecaudata))
Қажетті құрал-жабдықтар: 1.Хлороформ немесе эфирмен ұйықтатылған сүйір тұмсық бақа
2.Таблицалар, схемалар, муляждар, слайдалар.
Тапсырма:
1. Бақаның сыртқы түрімен танысып, оның тыныс алу механизмін бақылау (ауыз жұтқыншақ қуысының түбінің қозғалысқа келуі)
2.Бақаның ішкі мүшелер жүйесінің құрылысымен танысу
5.Таблицаны толтыру
6.Альбомға келесідей суреттерді салу: а)Ішкі мүшелер жүйесінің жалпы орналасуын
б)Қан айналу мүшелер жүйесі мен жүрегінің құрылысын.
в) Сыртқы құрлысын белгілеп, анықтама беру.
7.Қорытынды
Қорытынды.4-тапсырма. Балықтар мен қосмекенділерге тән ерекшеліктердің кестеге белгілеу.
Балықтар Қосмекенділер

1. Тері жабынында мүйізді түзілістер болмайды.
2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған.
3. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар.
4. Жүрегі үш қуысты.
5. Бір ғана қанайналым шеңбері бар.
6. Мишығы нашар дамыған.
7. Ортада болған.
8. Есту мүшесі тек тек ішкі құлақтан тұрады.
9. Екі қанайналым шеңбері бар.
10. Жүрегі екі қуысты.
11. Қанайналым жүйесі -тұйық.
12. Терісі арқылы тыныс алады.
13. Дернәсілдері тек желбезектері арқылы тыныс алады.
14. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар.
Үй тапсырмасы §53. Кластың жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы.
Категория: Биология | Добавил: ajnurgabdullina (2015-12-24) E
Просмотров: 2081 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 0:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru