Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі
Сабақтың тақырыбы: «Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы
білімдерін толықтыру.Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге
қызығушылығын ояту.Мамандыққа баулу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың қанның жасушалары туралы алған
білімдерін одан әрі дамыту және дағдыларын қалыптастыру;ойлау
қабілетін дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, өз ойын еркін
жеткізе білуге,достыққа тәрбиелеу.Денсаулықты сақтауға,салауатты
өмір салтын ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.Жаңа сабақты хабарлау.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ – жауап, ауызша ,сұхбаттасу,баяндау, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: проектор,экран,компьютер, үлестірме топшамалар,
тест жұмысы, құлақ және көздің макеті.
Сабақтың пән аралық байланысы:: химия,биология,медицина

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
г) психологиялық ахуал.
ғ) топқа бөлу
(Оқушылардың алдына Есту мүшесінің аттары және көру мүшесінің аттары жазылған топшама таратылады. Мүшелер бірігіп бір сезім мүшелерін құрайды.Құрылған 2 сезім мүшесі бойынша топқа бөлінеді. Әр мүшеге сипаттама береді. Және сол топқа дәрігер атауы беріледі. ,алған атаулары бойынша үстелдегі топ белгісі жазылған топтарына сәйкесінше жинақталып отырады.)

«Табыс картасы » оқушыларға таратылады./Өзің бүгінгі сабақтан неше алғың келеді,сол бағаны сабақтың басында табыс картасына қоямыз.Сабақтың соңында карта бізге сендердің мақсаттарыңа жеттіңдер ме әлде жоқ па соны айтады./

І-топ « Лор дәрігерлері »тобы ІІ-топ «Окулист дәрігерлері » тобы

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Елбасы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясы жылы болып жарияланып, бұл жыл тәуелсiздiк, еркiндiк, бiрлiк, бейбiтшiлiк пен келiсiмге арналып отыр.
Достық, татулық, бірлік - бұл елдің байлығы.
Ал ұйымшылдық,ауызбіршілік,достық – бұл сыныбымыздың байлығы.
Ал олай болса, 2 топ « Шаңырақ» ойынын ойнайық.

І -топ сұрақтары « Лор дәрігерлері » тобына:

1. Есту мүшесінің құрылысы?
(Сыртқы,ортаңғы және ішкі құлақ)
2. Сыртқы құлаққа жатады?
(Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы)
3. Ортаңғы құлақ қайда орналасқан және онда қандай сүйекшелер бар?
(Самай сүйегінде орналасқан және онда
балғашық,төстік,үзеңгі сүйекшелері бар тар қуыс.)
4. Ішкі құлақтың орналасуы және құрылысы?
(Самай сүйегінде тереңірек орналасқан.
Ішкі құлақ есту иірімінен және вестибула
аппаратынан тұрады.)
5. Есту гигиенасы дәрігер ретінде ?
(Зиянды әсерлерден және инфекция енуінен
сақтау керек.)

ІІ-топ сұрақтары «Окулист дәрігерлері » тобына :

1. Көз алмасының пішіні ?
(Шар тәрізді ,2/3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен
қоршалады да, көз алмасының солға,оңға, жоғары
және төмен қозғалысын қамтамасыз ететін көз алмасын
қимылдататын бұлшық ет арқылы көз шарасына бекінеді.)
2. Көз алмасы қандай қабықтардан тұрады?
(Ақ қабық, тамырлы қабық, тор қабық)
3. Көздің тор қабығында жарыққа сезімтал қандай рецепторлар бар?
(Құтышалар /жарық пен түсті қабылдайтын рецепторлар/
Таяқшалар / қас қарайғандағы жарық рецепторлары /
орналасқан.)
4. Көрудің бұзылуы?
(Жас өскен сайын көру қабілеті өзгереді.Көзбұршақ өзінің
пішінін өзгерту қабілетін жоғалтады.)
5. Көзді зақымданудан сақтаудың жолы?
(Көзге темекі тарту,алкоголды сусын,едәуір күшті есірткі
пайдалану өте зиян.)

« Диагноз қоя білеміз бе?» ойыны.
/ Топта диагнозды талқылап, ауру түрлерін анықтайды және қандай диагноз қоюға болады.Биология пәнін таңдаған оқушыларды мамандыққа баулу мақсатында/
«Окулист дәрігерлері » тобына :
Бірінші пациент: -Алыстан көрем , көзім жақыннан көрмейді.
/ Алысты көргіштік – қырақтылық /

/Көзбұршақ өзінің өзгерту қабілетін жоғалтады.
Шыны тәрізді денедегі су азаяды.көз алмасы қысқарады.
Жарық сәулесінің сынуы қөздің тор қабығының шегінен шығады./

Екінші пациент: - Ымыртта немесе түнде көруім күрт нашарлап кетті.
/ Ақшам соқыр ауруы/
/ Көдің қалыпты көруі үшін А дәрумені жетіспегенде пайда болады.
А дәруменінің көзі- бауыр,сары май,балық майы,сәбіз,қызанақ,асқабақ,
тәтті қызыл бұрыш,өрік жемісінде көп кедеседі.
Тәуліктік мөлшері – 1 мг./
Үшінші пациент: - Көз қызметі нашарлап,яғни бұлдырап, таңертеңгілік
ұйқыдан тұрғанда,көзім былшықтанып,ашылмайды.
/ Коньюнктивит ауруы /
/ Топырақтың ішіндегі ауру тудыратын микробтар көзге түскенде
пайда болады Мұндай аурулар адамның кенет көрмей қалуына апарып
соғады . Алдын алу ауаның,үйдің,киімнің,сүлгінің,қол орамалдың,
қолдың таза болуы қажет./

« Лор дәрігерлері » тобына:
Бірінші пациент: - Екі құлағымның естуі бірден емес,бірте – бірте
төмендеді. Қазір екі құлағымда естімейді.
/ Отосклероз ауруы./
Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді.

Екінші пациент: - Құлағы қышып,есту қабілеті төмендеді.
Құлағынан сұйық зат бөлінеді.Құлағы үнемі шуылдап
тұрады.
/ Сыртқы құлақ ауруы - Отит /

/Тыныс алу жолдарының асқынуларынан /инфекция/кейін пайда
болады.Сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. /

Үшінші пациент: - Құлағым үнемі шуылдап тұрады.Дұрыс естімеймін.
Есту мүшесі жұмысының нашарлауы.
/ Құлақ мүкістігі. /

1. Ашық тест / 2- топқа /
1. Ағзаның ішкі ортасы емес?
а/ қан ә /ұлпа сұйықтығы б/ су в/лимфа
2. Ұлпа сұйықтығы неден түзілген?
а/ қан ә /плазма б/ су в/лимфа
3. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз?
а / лейкоцит ә/ тромбоцит б/ Эритроцит
4. Қандағы плазманың пайыздық мөлшері ?
а/ 35-40 % ә /45-50 % б/ 55-60 % в/65-70 %
5. Қанның неше пайызын жоғалту адам үшін өте қауіпті?
а/ 70 % ә / 60 % б/ 50 % в/40 %
6. Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз?
а / лейкоцит ә/ тромбоцит б/ Эритроцит
7. Қанның ұюына қатысатын қан жасушасы?
а / лейкоцит ә/ тромбоцит б/ Эритроцит
8. Қан қандай ұлпа?
а / эпителий ә/ дәнекер б/ бұлшық ет в/ жүйке
9. Эритроциттер қайда түзіледі?
а / сүйектің қызыл кемігінде ә / көкбауырда б /бүйректе
в / шыбық сүйегінде
10. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы?
а/ 100 күн ә / 110 күн б/ 120 күн в/ 130 күн
/Оқушылар өздері дұрыс жауапты қарап тексереді./
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірмен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданған,
Жан-жануар, адамға күш береді пәрменімен .
Мағынаны тану.
– Тромбоцит туралы не білесің ?
- Тромбоциттің адам ағзасындағы маңызы?
/1 минут ойлану.Бәрі өзбетімен жұмыстанады. Жазғандарын ортаға салып,
ең жақсы деген жауапты айтады. /
Оқулықпен жұмыс.
/Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі.Өздері іштерінен оқып түсінеді.Басқа топ мүшелеріне түсіндіруге 3 минут әр топ өзара әзірлеп дайындалады.\
І-топқа:
Жоспар
1. Қанның ядросыз формалық элементі.
ІІ. Тромбоциттердің құрылысы мен қызметі.
ІІІ. Қан ұюында тромбоциттердің рөлі .
І-топқа:
Жоспар
І. Фибриннің түзілуі.
ІІ. Қанның ұюына қатысатын ферменттер.
ІІІ. Гемофилия – қан ұйымайтын ауру.

Жаңа сабақ туралы түсінік.

Қанды және оның құрамын зерттейтін ғылым - гемотология деп аталады. Қан туралы ауруларды емдейтін дәрігер гемотолог деп аталады.
Қанның ұюы – қанда болатын ерігіш фибриноген нәруызын ерімейтін фибринге айналдыратын күрделі үрдіс. Жарақаттанған жерден аққан қан
4 – 5 минутта ұйиды. Ұйыған кезде фибрин талшықтары мен қан жасушаларынан түзілген тромб қан тамырларын бітеп қалады. Қан ағуы тоқталады. Адам қанының құрамында қанның ұюын болдырмайтын қарсы денелер болады. Қан ұю үшін қан сарысуында кальций тұзы болуы керек. Егер қанда кальций тұзы болмаса , қан ұйымайды. Адамда сирек болса да қан ұйымайтын ауру кездеседі , оны «гемофилия» дейді. Гемофилия тұқым қуалайтын ауру. Тромбоциттер (грекше – тромбос – қанұйық , цитос - жасуша) – қан пластинкасы. Тромбоциттер – сүйек кемігіндегі ірі жасушалардың ыдырауынан түзіледі. Ыдысқа құйылған қанның екінші қабатын тромбоциттер құрайды. Тромбоциттердің диаметрі 2 – 5 мкм , түссіз , домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша.
Қанның 1 мм 3 – де 250 – 400 мың тромбоциттер болады. Қанның ұюына қатысады. Қантамырлар зақымданғанда тромбоциттер тез бұзылып , қанды ұйытатын ерекше зат бөледі. Қантамырлардың зақымданған жерлерін бітейді. Тромбоциттердің тіршілік ұзақтығы 7 – 10 тәулік.
Дарынды оқушымен жұмыс
« Гемофилия – қан ұйымайтын ауру. » туралы слайд әзірлеу.
Дәптермен жұмыс:
Жоғалған мәліметті толықтыр (топтық)

Ерекшеліктері
Эритроциттер

Лейкоциттер
Тромбоциттер
1мм3 қандағы мөлшері 4,5-5 млн 6-8 мың. 250-400 мың
Тіршілік ұзақтығы 120 күн 2-4 күн 7 күн

Қызметі Оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау. Ағзаны ауру тудыратын бактериялардың,бөгде денелердің енуінен сақтау. Қан ұю және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысу
(Орындап болған соң топтар алмастырып тексереді.)

ІІІ. Сергіту сәті Сөздікпен жұмыс.
(оқушылар орнынан жаңа сабақта кедескен термин сөздерді хормен айтады.)
 Фибрин
 Фибриноген
 Тромбопластин
 Гемотология
 Гемофилия
 Тромбоцит

ІҮ. Бейнефильм (Ауылдық және мектептегі медбикелер
жаңа тақырып бойынша бекіту сұрақтарын қояды)
Бекіту сұрақтары:
- Гемофилия ауруы қалай сипатталады?
- Ағза үшін қан ұюдың маңызы?
- Тромбтың пайда болуы?
Қорытындылау:
« Сыныпқа саяхат » тақтаға педагог ғалымдардың сөздері ілінген.
/ Оқушылар өздерінің жанына жақын ғалымдардың сөзіне
барып тұруы керек./

Мольер сөзі:

Сократ сөзі:

Конфуций сөзі:

- Бұл ғалымның сөзін неге таңдадың?
(Оқушылар өз ойларын айтады.)
VI .Бағалау.Тапсырмалардан алған бағаларын жинақтап журналға түсіру.
VІI . Үйге тапсырма
§30 оқу. « Гемофилия ауруы » туралы ақпарат тауып келу.

Источник: http://Жаумбаева Гулзар Сайлауовна
Категория: Биология | Добавил: шынар78 (2016-03-08) | Автор: Жаумбаева Гулзар Сайлауова E
Просмотров: 2438 | Комментарии: 5 | Теги: Сайлауовна | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 3:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru