Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

доклад по тему "Экологиялық факторлар"
Ағзаға әсер ететін , тіршілік ортасын құрайтын элементтер экологиялық факторлар — деп аталады. Олар 3 – ке бөлінеді.
Өлі табиғат факторларға —жарық,жылу,жел,жаңбыр,бұршақ,топырақ,судағы тұз, газ құрамы жатады.Өлі табиғат факторларының әсері тірі организмдердің біздің ғаламшарымызда таралуын анықтайды. Көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін осындай маңызды фактор ең алдымен жарық болып табылады.Жарықтың әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі тәуліктік және маусымдық өзгерістер басталады. Мысалы: жаздың ортасында қорек пен жауын – шашынның болуына қарамастан өсімдіктер өсуін бәсеңдетеді не тоқтатады. Бұларда тұқым мен жеміс пісе бастайды, қоректік заттар жиналады.
Су- да өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде үлкен рөл атқарады.Оның жеткіліксіздігі тіршілік процестерінің тоқтауына,тіпті организмнің өліміне алып келеді.Жануарлар мен өсімдіктердің суды табу мен оны үнемді пайдалануға бейімделген алуан түрлі құрылымдары болады.Мысалы: жантақтың тамыры 16 метрге дейін жетеді,сексеуілдің қабыршақ тәрізді немесе кактустың ине тәрізді жапырақтары судың булануын күрт азайтуға мүмкінді береді.Ал, енді біреулері жазғы ұйқыға кетеді, бұларға ең алдымен әр түрлі кеміргіштер мен тасбақалар жатады.
Температура — құрлық жануарлары мен өсімдіктерінің көпшілігі үшін маңызды фактор .Тірі организмдер төмен температураға шыдай алмай тіршілігін жояды, ал олардың шыдайтың ең жоғарғы температурасы көбіне + 400, +450 С-тан аспайды.Температураның өзгеруіне негізінен салқын қанды,яғни дене температурасы тұрақсыз жануарлардың тіршілігі көбірек тәуелді болады.Салқын түсісімен бауырымен жорғалалаушылар мен қосмекенділер аз қозғалады,ал қыста ұйқыға кетеді. Көктемде, күн жылына бастаған кезде кесіртке, жыландар күнге шығып, жылынғанды ұнатады.
Құстар мен сүтқоректілер — жылы қанды жануарлар, олардың дене температурасы тұрақты, сондықтан да сыртқы орта температурасының өзгеруіне шыдамды келеді. Солтүстік ендіктерінде қыстауға қалатын құстарды аяздан дененің мамықты жабыны, сүтқоректілерді қалың жүн мен тері астындағы май қабаты қорғайды.Қыста қорегін тауып жей алмайтын аңдар, мысалы; аю, борша тышқандар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстар жылы, қорек көп жаққа ұшып кетеді. Тірі организмдер бір – біріне де белсенді түрде әсер етеді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көпшілігі жасыл өсімдіктер түзетін органикалық заттармен қоректенетіндіктері белгілі.Алайда өсімдіктер де жануарсыз тіршілік ете алмайды.Мысала; тоңазытқыш бунақденелілер болмаса,көптеген гүлді өсімдіктерде тұқым түзілмеген болар еді. Құстар мен бунақденелілерсіз өсімдіктер тұқымдарының таралуы үлкен проблемаға айналар еді.Ал саңырауқұлақтарсыз ормандарымыздың үлкен ағаштары – қайың, емен, шырша, қарағай сондай ұзын әрі мықты болып өспейтін еді.Өйткені, саңырауқұлақтардың күшті жіпшесі арқылы ағаштар өздерін қосымша ылғал мен минералды заттармен қамтамасыз етіп отырады.
Жануарлар арасында да көп түрлі байланыстар орнауы мүмкін. Бұлар пайдалы болуы мүмкін, мысалы, құмырсқа мен біте; бітелердің тәтті шырынымен қоректеніп, құмырсқалар бұларды қорғайды және таратады, ағаштардың биіктегі жас өркендеріне апарады , көп құмырсқалар бітелерді өздерінің илеулеріне өсіреді.
Егер жануарлардың бір түрі екіншілерін ұстап, жансыздандырып жейтін болса (түлкі – тышқанды, қасқыр – қоянды), онда мұндай қарым – қатынас
жыртқыштық деп аталады. Сонымен бірге жыртқыштар – « табиғат санитарлары», олар алдымен жануарлардың ауру, әлсіздерін жейді. Осылайша өз жемтіктерінің арасында аурудың таралуына жол бермей, тек дені сау әрі мықтыларының тіршілік етуіне мүмкіндік туғызады ..
Соңғы кезде адам қызметінің тірі организмдерге әсері күрт жоғарлап кетті. Бұған адамның әр түрлі жануарларды аулап тікелей әсер етуі жатады.Немесе жанама түрде,ағаштарды кесу,далалық жерлерді жырту, батпақты кептіру және тағы басқа шаралар сол жерде тіршілік еткен жануарлар жағдайының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе алмай тіршілігін жоюы жатады. Қоршаған ортаның ағынды сулармен, улы химкаттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануы тірі атаулының барлығына үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе өсімдіктермен мен жануарлардың өлуіне, ақырында бұлардың көп түрлілігінің азаюына алып келеді.
Категория: Биология | Добавил: Мұғалім (2016-03-23) | Автор: Муталипова Айда
Просмотров: 997 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:28 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru