Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Биология

Ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі
Мен Сырымбет орта мектебінде жоғарғы және орта буынға сабақ беремін. Әдістемелік бірлестіктің басшысы ретінде ашық сабақтар, сыныптан тыс шараларды өткіземін. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы белсене қатысып отырамын. Әдістемелік тақырыбым: «Ақпаратты технология арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру».

Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде мектепте биология пәнін оқыту сапасы артуда, сонымен қатар ақпараттардыру жұмысы жүйлесі түрде іске асады деп санаймын.

Өзімнің тәжірибемде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда:
• тақырыпты оқуға және пәнге ұмтылысы артады; оқушылардың
сабақтарымдағы жеткен нәтижем: оқу процесінің сапасы, оқу үлгерімі жоғарлайды;
• оқушыларды сабақ кезінде және сабақтан тыс жан – жақты ізденуге үйретеді;
• оқушы өзін - өзі тану жолы арқылы табиғаттың, сыртқы ортаның мүмкіндіктерін жақсы түсінеді;
• оқушы білім алу жолында өз бетінше жан – жақты терең жұмыс істеуге талпынады;
• зерттелетін объектіні биологиялық ғылыми әдістерді пайдалана отырып, оны дәл анықтау жолын ізденуге үйренеді.

Өзімнің іс-тәжірибемнен мысал келтірсем, биология сабағында ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін қолданып жүрмін:
• Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;
• Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану;
• Зертханалық жұмыстарда;
• Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.
Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің артуын, өзіне деген сенімділігін, яғни олардың логикалық қабілеттерін арттыру мәселесін айтқым келіп отыр.
Мысалы: 10-сыныпта «Генетика», «Онтогенез» тақырыбын өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы өзіндік ізденісін дамыту. Оқулықтағы мәтінге қосымша суреттер, қызықты генетикалық есептерді көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыстанады және берілген есептерді символдармен жазады, оны шығаруға, жауабын табуға талпынады.
11-сыныпта «Эволюция», тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл меңгереді, дивергенция, конвергенция, паралеллизм ұғымдарын салыстыра отырып жете түсінеді, өмірден мысалдар келтіріп, табиғи құбылыстардың жүру заңдылықтарын ажырата білуге дағдыланады.
Презентацияны биология сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Биология сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады. Сонымен қатар оқушылар өз таңдаулары бойынша, қосымша материалдарды пайдалана отырып, өздігінен презентациялар дайындап, ұсынады.
Биология сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Өзім қызмет жасайтын Сырымбет орта мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын. Өткізген онлайн сабақта «Тірек – қимыл жүйесі бөлімдері» презентацияларды қолдандым, интербелсенді тақтада әр түрлі тапсырмаларды оқушвлар орындады. Соның ішінде биологиялық диктант, сәйкестік табу,сандық лото. Өз тәжірибемде 9 сынып оқушылары Файзолла Ризагүл, Баймағамбет Асанәлі, Олжабай Нұркен шығармашылық жұмыспен айналысып, сабақтарға презентациялар дайындап келеді.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол – оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу.

Соңғы үш жылдың ішінде білім сараптамасы бойынша биология пәнінен білім сапасы 64 – 76 % дейін жоғарылауда. Оқушыларым Кабдрашитов Бахтияр биология пәнінен аудандық олимпиаданың 3 орын, Жақсылық Ажар 2 орын иегелері. Ұстаз түлектері Абденов Айсәуле «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің» биология мамандығы бойынша Президенттік шәкіртақы иегері, Жаналы Темірлан, Смагулова Бекзат «С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінің» грант иегерлері. Рахимова Жадыра «Астана Медицина Универсиеті» АҚ, Астана қаласы. Мемлекеттік грант иегері. Кабдрашитов Бахтияр «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті», Көкшетау қаласы. Мемлекеттік грант иегері. Биылғы жылы оқушым Ербол Армангүл биология және химия бағытындағы Солтүстік Қазақстан Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсті.

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларынмеңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Категория: Биология | Добавил: jambyl_kz (2016-04-23) E
Просмотров: 1165 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru