Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Себеп-салдар салалас сөйлемдер
Сабақтың мақсаты: Себеп-салдар салалас сөйлемдер.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға жаңа сабақты өтуде халықтық кәсіпті танытатын мысалдар,ойын түрлері арқылы меңгерту.
2.Дамытушылық: оқушыларды түрлі әдістерді пайдалана отырып,алғырлыққа,тез ойлауға және жүйелі сөйлеу білуге баулу.
3.Тәрбиелік: өз ұлтының дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелеу,ойын,топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі : кесте,суретті кәртішке.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.Кезекшімен диалог арқылы әңгімелесіп,сабақта жоқ оқушыларды анықтап,белгілеу.Балалардың көңіл-күйлерің байқау. Сабаққа жұмылдыру.
ІІ.Жаңа сабақ
Мұғалімнің сөзі.
Себеп – салдар бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе,екіншісі білдіретін ой оның салдары яғни нәтижесі, қорытындысы болып табылады. Сөйтіп салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады. Бірде себеп мәнді жай сөйлем бұрын тұрып,салдар мәнді жай сөйлем кейін тұрса ,енді бірде керісінше салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрып ,себеп мәнді жай сөйлем кейін тұрады.
Себеп-салдар салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,(себебі ,сондықтан,сол себепті,өйткені,неге десеңіз) жалғаулықсыз, іргелес тұрып та байланысады.
Мысалы:
салдар себеп
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қырдың суы секілді тез суалар.
Жазуда олардың айырмашылығы тыныс белгісінен байқалады,егер біріншісі себеп мәнді жай сөйлем,екіншісі салдар мәнді жай сөйлем болса,олардың арасына үтір қойылады,ал себеп мәнді жай сөйлем кейін келіп,салдар мәнді жай сөйлем бұрын тұрса,бірінші жай сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады.
Оқушыларға түсінікті болу үшін ,кестеге назар аударамыз,өйткені көру арқылы оқушы есте тез сақтайды.

қ/с Жалғаулықсыз Тыныс белгісі Жалғаулықты
І.

ІІ.
Себеп мәнді жай сөйлем

Салдар мәнді жай сөйлем
, үтір

: қос нүкте сондықтан,сол себепте

өйткені, неге десеңіз салдар мәнді
жай сөйлем

себеп мәнді жай сөйлем .

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас деп атаймыз.
Енді оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендігін байқау үшін «Кім тапқыр?» ойыны бойынша екі оқушы шығады.
себеп салдар
1. Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды.
салдар себеп
2. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес.

Бұл сөйлемдерді жазып болған соң,себеп-салдар салаластың жасалу жолдарын түсіндіріп шыққан оқушы тапқыр атанады.Оқушыларға жаттығу жұмысын меңгертуде «Кім бұрын жазады?» деген ойын арқылы себеп-салдар салаласқа сөйлем құрастырамыз.
ІІІ.«Бәйге» ойыны .Оқушылар үш топқа бөлінеді .
Қағазға жапсырылған үш тұлпардың бейнесінің астына ілінген кәртішкеге жазылған сұрақтарды үш оқушы алып,жауап береді. Кімнің жауабы толық,тиянақты болса,сол оқушы бас бәйгеге ие болады.
№1.
Себеп-салдар мәнді құрмаластарды табыңыз.
А) Сіз менің кітабымды беріңіз,әйтпесе біз қоштасамыз.
Ә)Алдарындағы жаяуға жетіп қалған екен,Ризабек әңгімесін аяқтамай тоқтады.
Б)Біресе жүк батқан түйе бақырады,біресе енесінен адасқан бота боздайды.
В) Жоғары қарай өсе алмады,сонда да бұтақтары көп.
№2
Түсіндірмелі салалас құрмаластарды табыңыз.
А) Бұл жерде я сен тұрасың,я мен тұрамын.
Ә) Абай енді байқады : әжесі сөзін аяқтап келеді екен.
Б) Кейде қабағы түксиеді,кейде бет-әлпеті күлім қағады.
В) Жоғары қарай өсе алмады,сонда да бұтақтары көп.
№3
Себеп-салдар мәнді салалас құрмаластарды табыңыз.
А) Мал етінің асылдануы сондай- майы ауызға салдырмайды.
Ә) Жүрген жерін білетін шығар,өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.
Б)Бұл жерде я сен тұрасың,я мен тұрамын.
В) Күн жауып кетті,оны елеген ешкім болған жоқ.
№1( Екінші рет шыққан оқушыларға)
Берілген сөйлем салаластың қай түріне жатады?
Адамдармен достас,бірақ достың көп екеніне сенбе.
А) талғаулы Б) түсіндірмелі
Ә)қарсылықты В)себеп-салдар
№2
Мына сөйлем салаластың қай түріне жатады?
Абай әрі қуанды,әрі Гүлжан мен Балжанды ойлап ренжіді.
А) себеп-салдар Б)түсіндірмелі Г) кезектес
Ә) ыңғайлас В)қарсылықты

№3 Мына сөйлем салаластың қай түріне жатады?
Көп күлмейтін Орынғазының қатты күлгені сонша-шанадан ауып түсіп қала жаздады.
А) ыңғайлас Б)түсіндірмелі Г) кезектес
Ә)себеп-салдар В) қарсылықты
«Бәйге» ойынының үшінші кезеңі сурет бойынша себеп-салдар салаласқа сөйлем құрау. Онда ағаш жару, тамақ әзірлеу, жемістерді жинау кезіндегі көріністер бейнеленген.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Сонымен,балалар,сабағымызды қорытындылай келе,құрамындағы жай сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысының себебін білдіретін сөйлемді себеп-салдар салалас сөйлем дейміз. Олар жалғаулықты,жалғаулықсыз болып құрмаласады. Жалғаулықты себеп-салдар салалас сөйлемдерді жалғаулық шылауларына қарай ажыратамыз,ал жалғаулықсыз себеп-салдарды жазуда қайсысының бұрын келгенін тыныс белгілеріне қарай ажыратамыз деп кесте бойынша естеріне түсіре отырып « Көкпар » ойыны арқылы білімдерін тиянақтаймыз. Интербелсенді тақтада сәйгүлікке мінген жігіттердің көкпар кезіндегі көрінісі бейнеленген сурет көрсетіледі .Онда екі жігіт лақты тартып жатқан кескінінің астына екі сұрақ берілген. Тақтаға шыққан оқушы сұрақты оқып дұрыс жауап берсе,сол кокпардың жеңімпазы атанып,лақтың суретіне ие болады. Егер теңбе-тең болса,үшінші сұраққа жауап береді.
№1.
Досын сатқан жандардан жиренемін:
Отанын да ондайлар сата алады.
( Салаластың қай түрі?)
№2.
Мен шебер бишілерді көрген емеспін ,сол себепті бұл өнер маған таңсық.
(Себеп мәнді мен салдар мәнді сөйлемнің орналасу тәртібін түсіндір)
№3.
Ал мынау өз бетімен тәрбиеленген ,ол қисық болып өскен.
(Себеп-салдар салаластың орналасу тәртібін түсіндір)

Ү.Бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Себеп-салдар салаласты оқып, оның жалғаулықты ,жалғаулықсыз түрлеріне сөйлем құрау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жумагулова (2014-04-09) | Автор: Амренова Гульдана E
Просмотров: 11175 | Рейтинг: 4.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru