Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту әдістемесін қолдану жолдары
Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе – сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде модульдік технология негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істеймін. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл – ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Бұл әдістің негізгі ұстанымы – қарапайымнан күрделіге жетіп, игерту. Деңгейлік тапсырмаларды – белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы – оқушы өзінің нені білмейтінін анық анғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді.
Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.

Қабілеттілік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:
1 топ – орташа деңгей – бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.
2 топ – мүмкіндік деңгей – стандарт талабы бойынша, жалпы жоспар бойынша тапсырмалар орындайды.
3 топ – шығармашылық топ – күрделеген шығармашылық, шеберлік қабілетін қолдануы қажет.
Мысалы, фонетиканы өткен кезде келесі тапсырмаларды оқушыларға ұсынуға болады.

І Үстел сөзін фонетикалық талдау
Бірінші саты: 1 топ – неше дыбыстан құралған
2 топ – неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар
3 топ – дыбыстық талдау жасау

Екінші саты: 1 топ – неше дыбысты, неше дауыссыз дыбыс
2 топ – дыбыстық талдау жасау
3 топ – үлгі бойынша сөз құрастыру

Мысалы: ү [ү] – жіңішке дауысты дыбыс
С [с] – қатаң дауыссыз дыбыс
T [т] – қатаң дауыссыз дыбыс
E [е] – жіңішке дауысты дыбыс
Л [л] – үнді дауыссыз дыбыс

Үшінші саты: 1 топ – дыбыстық талдау
2 топ – үлгі бойынша өз сөзін құрастыру
3 топ – сөзді тап [] – жуан дауысты дыбыс
[] – ұяң дауыссыз дыбыс
[] – жуан дауысты дыбыс
[] – қатаң дауыссыз дыбыс (ағаш)
ІІ Артық сөзді тап, түсінік бер.
1 топ – әке, сән, өзен, қол (қол – жуан сөз)
2 топ – кітап, мұғалім, сағат, қазір (сағат – жуан сөз)
3 топ – бүгін, саябақ, саяжай, қоян (бүгін - жіңішке)

ІІІ Буын түрлерін анықта
1 топ – берілген сөзді неше буын бар: Көше
2 топ – буын түрлерін анықта: Көше
3 топ – үлгі бойынша сөз құрастыр: Кесе

IV Көп нүктенің орынына дұрыс дыбыс (әріп) жаз.
1 топ – д...птер, ...демі, с...н, п...н;
2 топ – к...т...п, с...р...т..., ...йн..., ...к...;
3 топ – ...әи..., ...а..., ...а...а..., е...і...;

V Сөз құрамын бекіткен кезде келесі тапсырмалар ұсынуға болады
1. 1 топ – түбір сөз жаз
2 топ – көптік жалғауын қос
3 топ – схема бойынша сөз құрастыр түбір+жалғау

2. Схема бойынша сөз құрастыр
Би, ән, балық
1 топ – түбір+жалғау
2 топ – түбір+жұрнақ+жалғау
3 топ – түбір+жұрнақ+жалғау+ жалғау

3. 1 топ – септіктерді ата
2 топ – сұрақтары қандай
3 топ – жалғауларын жаз

4. Септік жалғауларын тауып түрлерін ажырат.
Алия кеше Асқармен Өлкетану мұражайына барды.
1 топ – Әлия
2 топ – Асқармен
3 топ – Мұражайына

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: janna (2010-01-18) | Автор: Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна E
Просмотров: 10712 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru