Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: «Мен –Қазақпын, мың өліп, мың тірілген...» (Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасынан)
Сабақтың мақсаты: Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасының желісінде өз ұлтына, жеріне, еліне деген мақтаныш сезімін тудыру.
Білімділік: Оқушылар Ж.Молдағалиевтің өмір жолы туралы мәлімет алады. Поэманың тақырыбы мен идеясының ашылуы туралы ой қозғайды. Әдебиет теориясынан мағлұмат алады. Жоба, ізденушілік жұмысын жасайды. Тарихпен байланысын анықтайды.Поэманы талдау жұмысын жасайды.
Тәрбиелік: Оқушылар Отанға деген махаббат туралы ой қозғайды.Өз халқын құрметтеу, қадірлеу туралы әңгімелеседі.Өз еліне деген сүйіспеншілік тудыру. Киелі домбыраға тағзым ету. Елін, салтын, ерлерін, қазақтың болмысын мақтан ету. Елбасының сөзін ұран етіп қабылдау.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, еске сақтау қабілетін, талабын дамыту.
Көрнекілік: бейнетаспа, қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың түрі: кіріктірілен(аралас) сабақ.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Бүгін біз сабақта Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасы бойынша жұмыс жасаймыз. Үйде поэманы оқып келу тапсырмасы болды.
2. Жаңа тақырыппен жұмыс.
-Джульетта Ж.Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы жоба дайындап келді. Соны көрейік. (Бейнефильм көру, көрген соң Джульетта ақын туралы шағын мәлімет айтады)
3. Поэманың жазылу тарихынан (сұрақ-жауап)
-Поэма неше тараудан тұрады?
-Поэманың қандай ерекшелігі бар?
-Иә, дұрыс.Поэмада қайталау бар. Сол жолдарды оқып беріңдерші. Бұл әдіс әдебиетте жиі кездеседі. Тағы қандай шығармаларда оқыдыңдар? Бұл әдебиет теориясында рефрен-қайталау деп аталады.
4. Поэманы талдау жұмыстары.
1)-Тарихта қазақ жеріне шапқыншылық жасағандар көп. Қазақтың байтақ даласына қызыққандар көп. Бірақ қазақ халқым еркіндік үшін күрескен. Осыған дәлел болатындай поэмадан өлең шумақтарын оқып беріңдер.
2)Қазақ халқы өзінің ұлы тұлғаларын мақтан еткен.Олардың өнерін алға ұстап, ерлігін ұмытпаған.
3) Бұл поэмада Ж.Молдағалиев қазақ жерінің табиғаты туралы да сөз қозғаған.
4) Қазақтың болмысын, негізін, жүрегін ашып беретін өлең жолдарын оқып беріңдер.
5) Қазақ халқының арманы-ол бүгінгі күн,тәуелсіздігіміз. (Оқушылар әр шумақты талдай отырып, өз ойлары,сезімдері, көзқарастарымен бөлісіп отырады)
5. Суретпен жұмыс.
-Балалар, Арсен мен Паша дайындап әкелген мәліметтерімен бөліседі. Бұл поэмада кездесетін басқа да оқиға, мәліметтер.
-Балалар, сендер поэмаға талдау жасадыңдар. Бұл поэманың тақырыбы мен идеясын ашып беріңдер. (Оқушылар тақырыбы мен идеясын айтып, дәптерлеріне жазып қояды)
6. Шығармашылық жұмыс.
1)Мәнерлеп оқу.
-Біз поэманы талдадық, оқыдық, суретпен жұмыс жасадық. Енді мәнерлеп оқудың үлгісін ұсынайын деп отырмын. Томирис поэмадан үзінді жатқа оқып береді.
2) Ассоциативтік кластер.
-Балалар, Қазақ сөзіне ассоциативтік кластер жасап көрейік. Оны тақтаға желімдеп қояйық.
Қазақ-ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, қонақжайлылық, кішіпейілділік, шыдамдылық, домбыра...
-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Қазақ үшін домбыра асыл, киелі, қадірлі аспап. Ол әр қазақтың үйінде болу крек.
«Нағыз қазақ-қазақ емес. Нағыз қазақ-Домбыра» деген халқымда сөз бар.
Аяулы сендерге әдемі,сазды күй орындап береді.
3) Ән орындау (ән тыңдау)
-Балалар, сендер поэмадан қандай әсер алдыңдар?
-Иә, Отанға, елге, жерге махаббат сезімі. Бұл сезімді дәл жеткізетін-ән.Аленаның туған жер туралы әнін тыңдайық.
7. Қорытындау.
-Балалар, біз бүгін Ж.Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасымен жақын таныстық. Қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, ұлы тұлғалары туралы сөз қозғадық.Бұл тақырып туралы ойлар таусылмайды.Сондықтан мен поэманың соңғы шумақтарын айтқым келеді.
Мен қазақпын,биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-
Айта бергім келеді, айта бергім.
-Сабақтың соңында біздің Елбасымыз сөзімен аяқтағым келеді:
«Қазақ елі-мәңгі ел!»
8. Бағалау,үйге тапсырма: поэмадан ұнаған үзіндіні жатқа айту.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: FNV (2015-01-14)
Просмотров: 1634 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-17, 1:06 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru