Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Баланың жаны таза, жүрегі пәк
Жиналыстың тақырыбы: «Баланың жаны таза, жүрегі пәк»
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.
Көрнектілігі: қанатты сөздер «Отан отбасының басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» «Ұяда не көрсе, ұшқанында соны іледі.»
Барысы
Кіріспе сөз.
Бүгінгі ата - аналар жиналысын ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ата – аналар жиналысы дөңгелек үстел үстінде пікірлесу, ой бөлісу негізінде өтпек
Бала тәрбиесі ата – ана үшінде күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Осы екі жақты бірлескен жұмыс істеген жағдайда ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже көруге болады.
Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы адамгершілігі әсер етпек. Олай болса бүгінгі жиналыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Шарттары:
1. Мен қандай ата – анамын?
2. Жағдаяттарға талдау жасау.
3. ІІ тоқсанның қорытындысы.
4. Әр түрлі мәселелер.
Алдымен ата – аналарға сұрақтар беріледі. Дайындалуға бір минут уақыт беріледі.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі жоғары деп ойлайсыз?
3. Дені сау, тәрбиелі өнегелі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
4. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, бірақ бала өсе келе әрқилы жағымсыз әрекеттерге бой ұрып, әртүрлі мінез көрсетеді, бұған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?
Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті береміз.
1 – Жағдаят
Нұрлан 6 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны орындауға салғырт қарайды.
Сұрақ.
1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыз?
2. Ата – ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

2. Жағдаят
Айжан: Дина маған анам ұялы телефон сатып әперді.
Дина: кәне өте әдемі екен қарашы, Айнұр.
Айнұр: Әдемі екен бірақ «ең алдымен маған анам білім ал, сабақты жақсы оқы. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды сол кезде өзің сатып аласың» деген.
Айжан: Айнұр сен сабақ, сабақ деп жүресің. Маған ата - анам «ақша болса бәрін сатып алуға болады» деді.
Сұрақтар:
1. Қазіргі кезде балаларға қымбат зат алып беруді дұрыс деп санайсыз ба?
2. Білімді ақшаға сатып алуға бола ма?
3. Жағдаят
Балаңыз мұғалімді жамандап, оның сөйлеген сөзін, қозғалысын салып кемітеді. Сіздің көзқарасыңыз?
Тыныштық сәті. «Гүлдің ашылуы»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Жаймен көзіңізді жұмыңыз.
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көз алдарыңызға осы гүлді елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Жаймен көзіңізді ашыңыз.
Рахмет!
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.
Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласының бойындағы жақсы қасиеттерді жазып шығады.
ІІ тоқсанның қорытындысын слайд түрінде көрсетіледі.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Аксауле (2015-01-14)
Просмотров: 1028 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 7:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru