Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

разработка урока 5класс "Көктем"
Ашық сабақ жоспары. 5сынып.
Сабақтың тақырыбы:Көктем
Сабақтың мақсаты:1.Өткен сабақтардағы оқушылардың «Көктем» тарауынан алған білімдерін еске түсіру, үйренген сөздерін пысықтау.
2.Балалардың ойлау қабілетін дамытып,өз ойын еркін жеткізее білуге,сауатты жаза білуін дамыту.
3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін,қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру,тілді үйренуге қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі:қорытынды сабақ.
Сабақтың әдістері:сұрақ-жауап,сөйлем құрау,жатқа мәнерлеп оқу,шығармашылық жұмыс.
Көрнекіліктері:мультимедиялық кешен,саяхат картасы,суреттер,сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Күн шығады әнімен.
- Қайырлы күн!
- Теңізде толқын толқиды.
- Қайырлы күн!
- Көтерілді ақ бидай.
- Құстар самғап ән салды.
- Балаларым, айтыңдаршы?
- Қайырлы күн!
- Қайырлы күн көк аспан!
Қайырлы күн жер ана!
- Қайырлы күн достарым!
(қызыл бояумен жазылған сөздер-оқушылар айтады, қарамен жазылған- мұғалім айтады,ал көк бояумен айтқан-бірге)
Сабақтың мақсатын айту: біз бүгін жақсы жауап беріп,сөздерді дұрыс айтып,сөйлемдерді жасап,сөзжұмбақты шешіп ,өлең-тақпақ айтамыз.
2.Сабаққа кірісу: Балалар,мен сендерге жұмбақ - өлең оқимын,соның сендер шешуін табыңдар.
Қар еріп,су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып,жылиды,
Бұл қай кезде болады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдап алу.Дұрыс ,көктем туралы.
Сонымен бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай?
Көктем.
Бұл сабағымыз ерекше-ол саяхат түрінде өтеді.Саяхатқа шығу үші, біздің картамыз болуы керек.
Міне,ол сіздердің алдарыңызда.Және саяхатқа бару үшін тағы не керек: дұрыс-көлік.Міне-көлігіміз де бар. Дайынбыз ба?жақсы орналастық па?
Ал енді саяхатқа аттанамыз.Айнала қандай тамаша!Көктемгі табиғат адамға жақсы әсер етеді.Күннің шуағына сәйкес адамның көңіл-күйі де көтеріңкі болады.Көңіл- күйіміз жақсы ма?
Саяхатымыз жалғасады. Сол жағымызға қараймыз,біз
«Сөз алқабы» деген ауылға келдік.
Бұл ауыл тұрғындары бізге тапсырма дайындап келіпті.
Тапсырманы бізге .... оқып береді.
Қөктем тақырыбына орай сөздер атау керек.
(жылы, ериді.бәйшешек,қызғалдақ,самал жел,жылынады,ұшып келеді,үйшіктер,көктемгі еңбек.,бүршік,үйшіктер,наурыз,сәуір,мамыр....)
Жақсы.Енді грамматикаға назар аударайық.Біз сөз құрамы деген тақырыпты өттік.Еске түсірейікші,сөз қандай бөлшектерден құралады?түбір,жұрнақ,жалғау
Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?4 түрі.
Қандай?- жіктік,тәуелдік,септік,көптік.
Септіктерді еске алып,1-2 сөзді септейміз.Тақтаға екі оқушы шығып,2 сөз септейді.Осы сөздерді дәптерлерімізге де жазып аламыз.Өте жақсы,бұл тапсырманы сендер орындадыңдар.Саяхатамызды жалғастырамыз.
Қар еріп, су ағып
Қалды дала жалаңаш
Күн нұрына кенелді
бүршік атып бар ағаш.
Енді балалар,оң жағымызға қараймыз.Біз «Сөйлем көліне» келіп қалдық.Бұл көлдің мекендеушілері сендерге мынадай тапсырма дайындады:...... оқып береді.
Көктем туралы сөйлемдер құрыңдар.Көктемде ауа райы жылынады. Қар ериді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді.Өзен-көлдерде мұз бұзылады.Сең жүреді.Күн ұзарады,түн қысқарады.Ағаштар бүршік жарады.Дала жасыл тартады.Алғашқы гүлдер шығады.Олар-бәйшешек,қызғалдақ.
Жақсы,көктемгі табиғат өзгерістері әңгімеледік.Сапарымызды жалғастырайық.
Келіп көктем құстары
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Біздің жолымыздағы келесі ауыл «Құстар мекені»
.Тапсырма: Мына суреттерге жыл құстары салынған.
Құстарды танып,сөзжұмбақты толықтырайық.-жауптарыңды парақша беттіріне жазыңдар.сабақтан кейін мен жинап алып,тексеріп,баға қоямын.
1.дятел-тоқылдақ.
2.грач-ұзақ.
3.сорока - сауысқан
4.скворец - қараторғай
5.журавль -тырна
6.ласточка - қарлығаш.
Тексерейік!
Ал тағы қандай құстарды білесіңдер? Құстардың қандай пайдасы бар екен,мына кластерді толықтырайық.
Тақтаға шығып,оқушылар жазады.

Құстарды білесіңдер екен, олардың адамға деген пайдасы да туралы айтып бердік.


Төртінші ауыл -өнер аялдамасы.Біз осы аялдама да өз өнерімізді көрсетуіміз керек.Ән-өлең айтып,жұмбақ шешіп,демаламыз,бойымызды сергітеміз.
Бірнеше оқушы тақтаға шығып,көктем тақырыбына тақпақ-өлең айтып береді.
Жұмбақтар.
1.Қыста жерді жауып кетті
Ал көктемде ағып кетті. қар
2.Түрі әдемі тұр кілем,
Түгі жоқта кір кілем.
Жайылып жатқан бір кілем. Көктемгі жер
Ал саяхатымызды жалғастырамыз.
Әлпештеген,аялаған,
Ақ сүтін берген,апатайым,
Сәлем бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Балалар,біз «Құттықтау өзеніне» келіп қалдық.
Көктемде қандай мейрамдар бар?
8 наурыз-Әйелдер күні,Наурыз мерекесі,9 мамыр-Жеңіс күні,1 мамыр-Қазақстан халықтарының ынтымақтық күні,Ғарышкерлер күні.
-.Жеңіс мейрамы қашан тойланады?-9-ы мамырда
-Алдымызда қандай мереке бар?Наурыз мерекесі.
Балалар,бұл «Құттықтау ауылы» болғандықтан біз топқа бөлініп,құттықтау хат жазып алайық.
Тапсырмалар:(топ бойынша)парақша бетіне жазып алады
І топ- өткен әйелдер мерекесіне арнап құттықтау хат жазыңыздар.
ІІтоп- келе жатқан наурыз мейрамына құттықтау хат жазыңдар.
ІІІ топ-Жеңіс күніне арнап құттықтау хат жазыңыз.2-3 минут уақыт беріледі

Оқушылардың жауаптарын тыңдап алдық. Саяхатымызды жалғастырамыз.
Наурыз-көктем тойымыз;
Той дәмі мол,тойыңыз!
Күн ұзарды жылынып,
Өсер біздің бойымыз!
Балалар,біз «Наурыз ауылына» келіп қалдық. Ауылдың тұрғындары бізге шағын сайыс дайындап қойыпты.
Мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
1.Наурыз мейрамы қандай мереке?
2.Суретке қарап,не бейнеленгенін айтайық. ұлттық ойындар)
3.Суретте не бейнеленген?- (ұлттық тағамдарды)
4.Наурыз көже неше тағамнан дайындалады?(7 тамақ түрінен.)
5.Наурыз тойында адамдар бір-біріне не тілейді?-тілек айтады,бата.
Ал біз бата білеміз бе?
Кім айтып береді?
Тақтаға Ұлан шығып атасының батасын айтып береді.
Жарайсың,Ұлан,өте жақсы.Үлкен жігіт бол.
Наурыз мерекесінде мектептерде,ауылдарда,қалаларда дәстүрлі түрде не өтеді?Әр түрлі ойын-сайыстар,концерттік бағдарламалар.Ал наурыз және көктем дегенде ойымызға не келеді?-ән,өлең.,сайыс.жарыс....
Жақсы,ендеше біз сабағымыздың тақырыбымен сәйкес бір өлең айтып жіберейік.
Хормен айту : «Әнші балапан»
-Көңіл-күйіміз көтерілді ме?көктем қандай тамаша деп айтуға бола ма?
Ал енді сабағымызды қорытындылайық.
Бүгін қандай сабақ болды?-Қорытынды,саяхат сабағы.
Сендерге ұнады ма?-
Біз сабақтан не алдық?-Құстар туралы білдік,
Өте жақсы.Біз бүгін үлкен бір жұмыс орындап шықтық.Бәріңізге көп рахмет!
Оқушыларға баға қою:Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
-Күн шығады әнімен.
- Қайырлы күн!
- Теңізде толқын толқиды.
- Қайырлы күн!
- Көтерілді ақ бидай.
- Құстар самғап ән салды.
- Балаларым, айтыңдаршы?
- Қайырлы күн!
- Қайырлы күн көк аспан!
Қайырлы күн жер ана!
- Қайырлы күн достарым!
Көктем қандай керемет!
Сабақ аяқталды!
-Сау болыңыздар!
Сау болыңыз!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Абдикаликовна (2015-01-16) | Автор: Саутпаева Акблек E
Просмотров: 1018 | Комментарии: 5 | Теги: asau63@mail.ru | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 2:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru