Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Қазақстанға сиқырлы саяхат»
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы «Н.Г. Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы
Сыныбы: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту «Қазақстанға сиқырлы саяхат»
«Қазақстан дейтін менің бар елім,
Алып жатыр жарты дүние әлемін!»
Қасым Аманжолов
Сабақтың мақсаты: оқушылар өткен модульдер бойынша білімдерін тиянақтап, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімдік: танымдық, қатысымдық біліктіліктері артып, өзіндік пікірін білдіруде тілдік бірліктерді сауатты қолданады, талдап, салыстыра біледі, сабақ барысында пәнаралық білімін қолданады.
2. Дамытушылық: ой-өрісі кеңіп, шығармашылық белсенділігі, диалогтік сөйлесу икемі артады, тіл мәдентиеті дамиды, пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді.
3. Тәрбиелік: өзгелердің ипікірін құрметтеп, бір-біріне деген өзара көмек, Отанына деген сүйіспеншілік сезімінде тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО элементтері, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: қайталап жинақтау-тіл дамыту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта суреті, сипаттама, үлестірме материалдар
Пәнаралық байланыс: география, тарих
Сабақтың барсысы: I.Ұйымдастыру кезені (1-2 минут)
Тілдік ортаға ену: оқушылармен сәлемдесіп, кун, ай, апта атауы туралы қысқаша тіл қатысу, топтарға бөлініп отыру.
А) Қызығушылығын ояту (2-3 минут)
Сабаққа кіріспе: - Балалар, бүгін біз сендермен өткен тақырыптарды қорытындылап, тілімізді дамыту мақсатында саяхат-сабақ өткізгелі отырмыз. Сабағымызға кіріспе ретінде мен сендерге мынадай бір аңыз әңгіме (1-қосымша) айтып берейін. (Мысал үзінді) «Ертеде ... Сонымен қатар оның Құлыншақ-Тұлпар, Балапан-Бүркіт, Бала-Барыс (1-слайд) сияқты өте сенімді достары бар еді...
Ақ Ботақан достарына әжесінің туған күніне сыйлаған сыйлығын көрсетті».
- Балалар. Сендер Ботақанға әжесі қандай сыйлық сыйлады деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы... Оқушы жауабына орай аңызды жалғастыру).
«...Әжесі Ботақанға көгілдір түсті матаға жібек жіппен тіккен сурет сыйлапты...
- Осыны қалай білсек екен? (2-слайд – карта)
- Қалай дегенің не? – деді, достары бірауыздан.- Саяхатқа шығайық!...
Таудан үш жол басталады екен: біреуі – батысқа, екінші жол – оңтүстікке, ал үшіншісі солтүстікке бет алған... (3-слайд)
... Төртеуі осыған келісті де, саяхаттарын әрі қарай жалғастырды».
Сонымен, балалар, бұлардың «Қазақстанға сиқырлы саяхатына» (4-слайд) сәт сапар тілеп, олар қайтып оралғанша осы карта бойынша біз саяхатымызды жасап, білімімізді ортаға салайық! Саяхатымыз сәтті болу үшін біз сендермен бірқатар тапсырмалар орындауымыз керек. Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
Ә) Мағынаны ажырату (35-минут)
Сонымен, I бөліміз – «Сәт сапар!» - қайталау, еске түсірі тапсырмалары (5-слайд)
1-тапсырма (сандарға қатысты мәліметтері айтады, дұрыс жауаптары шығып отырады – 2 минут)
«Сиқырлы сандар мен сөздер» (6-слайд)
«1991 жылғы 16 желтоқсан», «1992 жылғы 4 маусым», «2006 жылғы 7 қаңтар», «1989 жылғы 22 қыркуйек», «1995 жылғы 30 тамыз», «3000, 1700, 2700 мың»
2-тапсырма (Сөйлемдерді толықтырып, интерактивті тақтаға жазады -5-7 минут) (7-слайд)
Қазақстан - ... . Мұнда ... астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан жері ... . Ол ... орналасқан. Жеріміз ... бай. Табиғаты ... . Ауа райы ... . Ең ірі өзендері - ... , ең тұщы көлі - ... , ең тұзды көлі ... , ең биік шыңы - ... .
Керекті сөздер мен сөз тіркестері: менің Отаным, кең-байтақ, Еуразияда, пайдалы қазбаларға, сұлу, әр түрлі, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Алакөл, Марқакөл, Хантәңірі, Қарасор
Мұғалім: - Балалар, халқымыз Отан, туған жер туралы көптеген даналық сөздер айтқан. Сондай сөздердің бірі мақал-мәтелдер. Өздерің қандай мақал-мәтелдер білесіңдер (оқушылар жауабы). Енді мына мақалдарды өздерің толықтырып көріңдер.
3-тапсырма (сөздері суреттермен алмастырған мақалдар беріледі, оқушылар суреттерді атап, мақалдарды толықтырып, дәптерлеріне жазады -8,9-слайдтар) – 5 минут
А) Отан оттан да (суреті) ыстық.
Ә) Тұған жерге туың (суреті) тік.
Б) Туған жердің күні (суреті) де ыстық, түні (ай суреті) де ыстық.
В) Отан отбасынан (суреті) басталады.
Г) Отансыз адам (суреті) – ормансыз бұлбұл (суреті).
II бөлім «Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де» (10-слайд)
Мұғалім: - Балалар, өте жақсы! Біз саяхатымызға дайындығымызды тексердік. Енді бағытымызды анықтап алайық. Біздің «Туған жер – қасиетті мекеніміз» бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді (11-слайд – карта, аймақтардың жері ерекшеленіп, бағыттаушы сызықтармен толықтырып алайық.
1-тапсырма (оқиды, сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады, әр топтан бір-бір оқушы оқиды – 5 минут)(2-косымша)
Жаңа сөздер
аймақ – регион
өлке – край
түйіскен жерлеріне – на стыке
орын тепкен /орналасқан – расположен
шығанақ – залив
біраз бөлігін қамтиды – охватывает некотрую часть
сарқылмас / таусылмас қоры – нескончаемый запас
сыңғырлаған бұлақтақтар – звенящие родники, журчащие ручьи
2-тапсырма Әр топ өздерінше карта бойынша саяхаттайды (карта суреті таратылып беріледі), әр аймақтын қысқаша сипаттамасын картаны пайдаланып, өз білгендерімен толықтырады, айтып береді – 10-минут. (3-қосымша)
3-тапсырма. Басқа қалада тұратын достарыңа еліміздің әр аймағына саяхат жасауға шақырындар. (5 минут) 4-қосымша)
Сөйлесу үлгісі: биыл ... бардым. Жолшыбай (по пути) ... көрдім. ... керемет, сұлу екен, таңғалдым. Қайтара ... араладым. ... демалдым. ... барғым келеді. ... бірге саяхаттайық.
Б) Ой толғаныс
III бөлім «Ата-баба мұрасы» (8 минут)
Балалар, Ақ Ботақан бастаған Құлыншақ-Тұлпар, Балапан-Бүркіт, Бала-Барыстардың саяхаттан қайтар уақыты да болып қалды. Сабағымызды қорытындылап, олардың бізге әкелген сыйлықтарын алуға дайындалайық. Мен сендерге қазір тағы бір аңыз-әңгімеден үзінді беремін (5-қосымша). Сендер топта оқып танысып, өз пікірлеріңді білдіріңдер. Оқушылардың пікірін тыңдап, қорытындылау.
- Әр жаққа кеткен саяхатшылардың қайсысы бізге бұрын келеді деп ойлайсындар?
- ...
- Неге олй ойлайсындар? Қандай белгісіне қарап айттыңдар?
- ...
- Біздің қандай рәміздерімізде бейнеленген
- ...
III. Үй тапсырмасы (2 минут)
Саяхатшылар тапсырмасы: Саяхатшылар жер атаулары, өзен-көлдер туралы аңыз-әңгімелер көп екен дейді. Сондай аңыз-әңгімелердің бірін оқып, біліп келіңдер.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Бибинур (2015-01-18) | Автор: Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы E
Просмотров: 1637 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 4:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru