Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілін оқытуда логикалық білім, икемділік, дағды берудің психологиялық негіздері
№2 Агротехникалық колледжі КММ

Мақала:

Қазақ тілін оқытуда логикалық білім, икемділік, дағды берудің психологиялық негіздері

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі
Есболова Гульзира Алиевна

Қазақ тілін оқытуда логикалық білім, икемділік, дағды берудің психологиялық негіздері

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми терминдерінің сөздігінде: «логика – философиялық нормативтік саласы; ойлаудағы сәйкестік критериіне, дұрыс предикация заңдарына, ой тұжырымдау қатысты. Логика соңғы нәтижемен емес тек пайымдау үдерісімен ғана айналысады, » - деген анықтама келтіреді, яғни логика адам ойлауының өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым.
Алайда оны философия, психология, әлеуметтану, кибернетика, жоғары жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдар да қарастырады. Философия өз пәні ретінде тұтастай ойлау мазмұны алады; адамдардың әлемге деген көзқарасы мен әлемнен алатын орнын, олардың таным қабілеттерін зерттейді. Адамның жоғары жүйке физиологиясы адам ағзасында өтетін физиологиялық үдерістердің механизмі мен заңдылықтарын қарастырады. Психология, адамның түрлі топтарының ойлау ерекшеліктерін, олардың өзара әрекеттерін айқындайды, жай ерекшелігі, дене және психикалық дамуына және тағы басқа байланысты оны басқа түрлерімен бірге зерттейді, сонымен қатар ойлауды психикалық үдеріс ретінде қарастырады.
Кибернетика адам ойлауының ақпараттарды тез және тиімді өңдеумен байланысты аспектілерін, оның басқару қызметін жан-жақты зерттеумен шұғылданады.
Ал логика ойлауды оның функциялары мен құрылымы, оны құрайтын элементтері яғни түрлі формалары туралы философиялық ғылым болып есептеледі. Демек, логика да, психология да ойлауды зерттеу нысанасы етіп алады. Ал ойлау тілмен де байланысты. Сондықтан логикалық білім негізінің тілмен қатысын қарастырайық. Ол үшін логиканың нысаны болып табылатын ойлау формалары дегенде ең алдымен нені түсіну қажеттілігінің ерекшелігін ажыратып алайық.
Ойлау формасы немесе логикалық форма дегеніміз - бұл ойлау құрылымы мен оның элементтері байланысының амалы.
Адамдар қай тілде сөйлемесін, олар барлық жерде бір формада әрі бірдей ойлайды. Тіпті бір тілде: «барлық адамдар заң алдында тең» және «Қазақстандық тауасарлар эверест шыңының ұшар басына алғаш рет 1982 жылы шықты» деген сөйлемдерде мазмұнның мүлдем әр түрлілігіне қарамастан, ортақ бір нәрсе бар – бұл олардың құрылымы мен ойлау формасының бірдей болып келуі.
Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы.
Ойлаудың неғұрлым қарапайым формасы - сөз және сөз тіркестері арқылы білдіретін ұғым. Онда жалпы және мәнді белгілері бар нәрселер тобы ойланылады. «студент», «бейсбол добы», «1999 жылғы Күн жүйесі планеталарының шеруі», т.с.с.
Біздің ойымызды білдіруіміздің неғұрлым күрделі формасы - «Жақында Түрік елі сұмдық жер сілкінісін басынан өткізді» немесе деген сияқты пайымдау деп аталатын біздің пікіріміз.
Біздің ойлау қызметтеріміздің ең күрделі түрі – ой тұжырымы деп аталатын жаңа білім алу формасы. Мысалы, егер сот жәбірленуші болғандықтан істі қарауға қатыса алмайтынын және азамат Әлиевтің сот екенін білгендіктен, сіз азамат Әлиевтің істі қарауға қатыса алмайтыны жөнінде сенімді тұжырым жасайсыз.
Ойлаудың бұл формасы біз үшін ғылымда, сот тәжірибесіне немесе күнделікті өмірде ақиқат жағдайларды дәлелдеу немесе жалған пікірлерді бекерлеу құралы ретінде қызмет етеді. Ойлау өз функциясын жүзеге асыру кезінде белгілі бір заңдылықтарды табады және ол әр текті ережелерге бағынады. Сондай-ақ, кез-келген шындық аумағында олардың өзіндік заңдары болады, сол сияқты логикада да негізгі формальды-логикалық тепе-теңдік, қайшылық емес, үшіншісі жоқ жеткілікті негізгі заңдары және негізгі емес екі есе терістеу заңдары және т.б. бар.
Күнделікті өмірде біз ақиқаттық және дұрыстық ұғымдары тең мәнді ұғымдар ретінде қолданамыз, біз көбінесе, айтылған пайымдау мазмұнның ақиқаттығы туралы «Иә, дұрыс!» дейміз. Бірақ та логикалық тұрғыдан қарасақ; бұл ұғымдар біздің ойымыздың әр алуан түрлеріне жатады, сондықтан олар өзара тепе-тең емес. Ақиқаттық – бұл біздің айтқандарымыздың шындыққа дәл келуі, яғни ол мазмұнға , ал дұрыстық – формаға жатады. Сондықтан дұрыс құрылған пайымдау жалған болуы да ғажап емес (мысалы, «Барлық металдар суға батады») , сол сияқты пікірлерді ереженің бұзылуы нәтижесінде ақиқат пайымдаудан жалған тұжырым шығарушы болады (мысалы, «Жаңбыр жоқ, яғни жер су емес». Ал ол суғарылған шығар немесе қар еріген болар және т.б.)
Дұрыс ойлау анықтылығымен, бірізділігімен, дәлелдігімен ерекшеленеді, мұндай дәл ерекшеліктер логика сияқты ғылымды үйренгенде ғана қалыптасады. Заңдар мен ережелер тұжырымдауда бұл - олардың бұзылу жағдайларын, яғни ақиқатқа жету жолында кедергі болатын логикалық қателіктерді де ескереді.
Ал «психология - психикалық құбылыстар және олардың заңдылықтары туралы ғылым» психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сияқты дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелер болып табылады. Психикалық құбылыстар: түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әділет т.б.
«Психолингвистика - адамның сөйлеу қабілетінің қалыптасуы мен бір қалыпты өтуін зерттейтін психология мен лингвистика аралығындағы ғылым саласы» - деген анықтама келтіріледі. Психолингвистика терминін америкалық ғалымдар И.Осчуд пен Т.Сибеок ғылыми мағына енгізді. Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму үдерісі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игертудің арнайы шарттары туралы А.Н.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес болып қосылды. 1960-1970 ж.ж. психолингвистика бұрынға необихеаиористік және дескрептік лингвистикалық көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты.
Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро және паропсихология, тілдерді оқыту міндеттерімен ұштасуда. Сондай - ақ психологияның бір саласы «педагогикалық психология - адамды оқыту мен тәрбиелеу барысында оның болмысының даму заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейді». Бұл терминді орыс педагогы ПФ Каптеров (1849-1922) енгізді.
Тұжырымдай келгенде, оқушылардың жүйелі, қисынды сөйлеу әрекетін дамыта оқыту психология ғылымын негізге алады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Тұрғанбаев Ә «Логика, - Алматы: Білім, 2005, 136 б»
2. Крутецкий В.А. «Основы педагогической психологий. – М.: Изд. 1972.31б»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульзира8799 (2015-01-19)
Просмотров: 1454 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru