Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан қалалары
8-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. Оқушыларды ҚР- ның қалаларына сырттай саяхат жасай отырып, сөйлеу тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету.
2. Дамытушылык: оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақтың көрнекіліктері: ҚР-ның картасы, суреттер, Қазақстан Респ -ның рәміздері, грамматика кестесі, презентация.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу; 2. Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Ұй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптарға шолу жасау. (сұрақ – жауап)
ІІІ. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік.
Сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық...
Қарағанды-қара алтынның қоймасы,
Қостанайым-алтын астық қамбасы,
Ал Ақтөбе - ақ тарының мекені,
Қызылорда - күріштің сыр сағасы.
Атырауым - мұнаймның ордасы,
Ақтау болса, Каспийімнің жағасы,
Сұлу Семей - Абайымның даласы,
Көкшетауым - табиғаттың аясы.
Алматым – астанасы апорттың,
Ал Астана - Еліміздің ордасы.
Осыдан кейін сабақтың тақырыбын ашамыз.(«Қазақстан қалалары») Мақсатын айтып кету.
Сөздік жұмысы:
Тәуелсіз-независимое
Егеменді-суверенное
Құнарлы-почвенная
Ерекшеліктері-особенности
Топырақ –земля,почва. Күріш-рис
Астық-урожай Әйгілі-известный
( оқу, аудару, дәптерге жазу) Сөздерге дыбыстық талдаулар жасау, буындарға бөлгізу.
Мәтінмен жұмыс:
Мұғалім оқиды, оқушылар тыңдайды
«Қазақстан қалалары»
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, өте бай, ең үлкен мемлекет.Қазақстанның жері өте үлкен, топырағы да аса құнарлы.Қазақстанда қалалар көп. Ең үлкен қалалары - Алматы, Шымкент,Қостанай,Қарағанды болып саналады.Әр қаланың өз ерекшеліктері бар. Мысалы, Қызылорда күрішке бай болса, Атырау мұнайға бай. Көкшетаудың табиғаты өте сұлу. Қостанай – астыққа ең бай өлке. Ал Алматы апорт алмасымен әйгілі қала. Еліміздің жүрегі, әсем қала - Астана қаласы.
Тапсырмалар:
1. Оқушылар түртіп оқу стратегиясы арқылы мәтінді оқып, аударады.
2. Сын есімнің шырайларын табыңдар, талдаңдар.
СЕРГІТУ СӘТІ:
«Ойлан, тап!» ойынын жарыс түрінде өткіземін. (ЖАҢА СӨЗДЕР ҚҰРАСТЫРУ)
1 ТОП: ҚАРАҒАНДЫ
2 ТОП: ҚЫЗЫЛОРДА

Қосымша жинаған мәліметтерін айтады. (Қазақстанның кейбір қалаларына тоқталып өтеді)
ТҮРКІСТАН, АЛМАТЫ, ҚАРАҒАНДЫ, ҚЫЗЫЛОРДА, АСТАНА, ПЕТРОПАВЛ. (Тақтаға шығып, картаны көрсетіп, қалалардың суреттерін ұстап айтады)
1.Түркістан- қазақ жеріндегі ең көне қала. Себебі қала өте қолайлы жерде орналасқан , табиғаты тамаша, жері құнарлы. Түркістан- түркі халықтарының саяси және рухани орталығы.

2.Алматы- тарихи қала. 1921 жылға дейін Верный деп аталып келген. 1921- 1993 жылдары орысша Алма- Ата деп аталып келді. 1993 жылы Алматы атына ие болды.

3.Қарағанды- 1934 жылы қаланған. 1936 жылдан облыс орталығы. Қарағанды аталу себебі- Қарағанды – көмірге бай жер.

4.Қызылорда- Сырдария өзені бойында орналасқан облыс орталығы. Ол 1853 жылдары Перовск, 1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы Қызылорда болып өзгертілді.
5. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. Астана –болашағы үлкен қала.
6. Петропал. Қаланың іргесі 1752 жылы І Петрдің әскери бекінісі ретінде қаланған.XVIII ғасырдың соңында мұнда 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді.1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды.

Өзіміздің Петрорпавл қаласы жайында сұрап өтемін.

Тақтамен жұмыс: (2 бала тақтаға шығады)
ҚАЗАҚСТАН сөзін септе
ҚАЛА сөзін тәуелде

Топпен жұмыс: СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ:

Оқушылар өздерінің қалалары туралы тақпақтарын айтады.
Астанам
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Ел ордасы Отанның,
Мақтанышым Астанам.

Қостанайым
Қостанайдай қалам бар,
Астық, бидай, далам бар.
Қасиетті мекенім,
Сүйіп сені өтемін.

Алматы
Алматыма қарашы,
Апорт алма сағасы.
Бас қаласы елімнің,
Ардақтысы жерімнің.

Рудный
Рудный –әсем, жас қала,
Жырлап айтам шаттана.
Кенге толы жеріне,
Көз тоймайды қараса.

Отан, туған жер туралы мақалдар айтылады.
1.Отан - оттан да ыстық
2.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
3.Туған жерге туың тік
4.Елі байдың жері бай

Сабақты бекіту: Жетекші сұрақтар қойылып, мақтап-мадақталады, оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті қалам» тақырыбына эссе жазып келіңдер.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Meruert7136 (2015-01-22) | Автор: Тулебаева Меруерт E
Просмотров: 910 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru