Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қоскөл ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Беспаева Айсұлу Оразқызы Қазақ әдебиеті. 9 – сынып Тақырыбы: «Шешендік сөздер» Мақсаты: 1. Шешендік сөз өнері мен шешендік өнердің өкілдеріжайлы мағлұмат беру; 2. Деңгейлік тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту; 3. Оқушыларды ұқыптылыққа әрі өзгенің пікірін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың формасы: топтық жұмыс Әдіс – тәсілдері: СТО, АКТ, дарынды балалармен жұмыс, диалогтік оқыту, жас ерекшелігіне қарай оқыту, көшбасшылық Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, флипчарт, оқулық, үлестірме қағаздар І. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабақтың мақсатын айту, сабаққа зейіннін аудару Сабақ барысы: Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа көшу р/с Тапсырмалар Технологиялар Оқушының іс - әрекеті Мұғалімнің іс - әрекеті 1. Шешендік сөздердің жанрлық түрлерін еске түсіру СТО Топ ішінде тақырыпты меңгереді Бағыт – бағдар береді 2. Басқа топқа барып, қазақтың шешендік өнерінің өкілдері жайлы түсінгендерін өз сөздерімен білдіру ЖИГСО, диалогтік оқыту Өзге оқушылардан алған мәліметтер арқылы білімдерін толықтырады Уәж береді 3. Өлең жолдарын жетекшілікке алып, көріктеуіш тәсілдерді топтастыру АКТ, жас ерекшелігіне қарай оқыту Өз ойларын түсіндіріп, қорғайды Реттейді 4. «Біз, қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз...» деген үзінді шешендік дауға жататынын екі түрлі түсініктеме күнделігі арқылы дәлелдеу Дарынды балалармен жұмыс Түсінгендерін қағаз бетіне түсіреді Бағыт – бағдар береді 5. Қазақтың шешендік өнерінің өкілдері жайлы мәліметті жобалап, постер жасау Көшбасшылық Постерге түсіру арқылы өз ойларын жеткізеді Уәж береді 6. Бағалау Бағалау Өзге оқушылардың шығармашылығын бағалайды Реттейді | |
Просмотров: 763 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|