Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ: Табиғатты қорғайық.
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғайық
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.
Білімдік : Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілетін арттыру;
Дамытушылық: мәтін арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу.
Көрнекілік материал: суреттер, карточкалар, тірек- сызба, слайдтар.
Сабақтың түрі: білім сайысы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу, бейнебаян.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, ән- күй.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу
- отырғызу
- кезекші мәліметі
2. Шаттық шеңберін құру:
- Балалар,қанеки қол ұстасып тұрайықшы, енді бір-бірімізге шаттық көңіл сыйлайықшы.
- Армысың,атқан таң!
- Армысың, аппақ қыс!
- Армысың,достарым!
- Армысың,қонақтар!
- Табиғат қандай тамаша!
Айнала сылдырлап аққан бұлақ суы. Жүріп келемін. Кең даланың беті кілем сияқты құлпырады. Иісі аңқыған алуан түрлі шөптер, бояуы мың құбылған алуан түрлі гүлдер, адаммен бой таластыра өскен биік ағаштар мен бұталарды көріп, бойына қуаныш ұялайды. Әндеткен құс үні өсімдіктер әлеміне жыр сыйлағандай. Табиғат қойнауына серуендеген қандай қызық!
Сабақ барысында осындай елеспен біз бір – бірімізге сәттілік тілейік!

3. Үй тапсырмасын тексеру: (табиғат, ағаш – туралы мақал –мәтелдер жаттау берілді)
1. Ағаш тамырынан су ішер.
2. Екпесең жер қысырайды,
Күтпесең көл қысырайды.
3. Сулы жер – нулы жер.
4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
5. Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
6. Ағаш та бір жерде көгереді.
1. Бүгінгі сабағымыз «Табиғатты қорғайық» деп аталады. Біз сендермен бүгінгі сабақта өз жеріміздің табиғатын қорғау туралы әңгімелесеміз.
III. Жаңа тақырып кезеңі.
- Қазір мен сендерге бүгінгі жұмыс жоспарымызды таратып беремін сабақ бойы сендер сол мен таратқан таратпа қағаздарда жұмыс жасайсыңдар.
Жаңа сөздер:
Қазына – сокровище
Пайдалана – используя
Қорғау – защищать
Қоғам – общество
Құрылыды – создано
Құлан – кулан
Қарақұйрық – косуля
Көк суыр – сурок мензибира
Кәмшат – речной бобр
Ақ тырна – белый журавль
Шағала – чайка
Мәтінмен жұмыс:
Табиғатты қорғайық
Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз қажет. Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп, құрып бара жатқан аң - құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты “ Қызыл кітап “ деп атайды. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан аумағын мекендейтін 16 аңның түрі, 8 құстың түрі енгізілген. Олардың құрамында Қазақстан жерінде тіршілік ететін құлан, қарақұйрық, барыс, көк суыр, кәмшат, ақ тырна, шағала сияқты жануарлар мен құстар бар. Бұл кітап сол аң-құстарды қорғап, қорын молайту мәселесін шешуге көмектесетін маңызды құрал.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:
 Табиғат – кімнің қазынасы?
 “Халықаралық табиғат қорғау қоғамы” қай жылы құрылды?
 Оның басты мақсаты қандай?
 «Қызыл кітапқа» Қазақстан аумағын мекендейтін қанша аң-құстың түрі енгізілген?
Бейнебаян көрсету.
Ой шақыру:
Бейнебаяннан не көрдіңдер?
Қазақстан табиғаты қандай екен?
Онда нелер бар?
Қандай аң-құс, өсімдіктерді көрдіңдер?
1- жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді құрамына талда, етістіктертің шағын анықта.
Адам баласы табиғатты қорғайды .
Біз бұлақтарды тазаладық .
Қызыл кітапқа саны азайып бара жатқан аң – құстарды жазады. Мен өз елімнің табиғатың жақсы көремін.
2-жаттығу. Етістіктерден келер шақтағы етістіктер жасаңдар.
1. Біздің сынып мектеп ауласында әр түрлі ағаш екті.
2. Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды.
3. Қыздар ағаштарды отырғызды.
4. Жоғарғы сынып оқушылары бізге көмектесті.
5. Олар шелекпен су әкелді.
6. Біз ол суды ағаштарға құйдық.
Семантикалық картаны толтырыңдар.
Мысалдар

Нақ осы шақ Ауыспалы
осы шақ Болжалды
келер шақ Мақсатты
келер шақ Ауыспалы келер
шақ Бұрынғы
келер шақ Жедел өткен
шақ Ауыспалы өткен
шақ
Мен отырмын.
Сіз барасыз.
Ол бармақшы.
Ол бұлай жүретін.
Олар келер.
Ол келе жатыр.
Сіз айтатынсыз.
Сен асығып кеттің.
Біз келмекпіз.
Мен оқығанбын.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік»
Сұрақтарға жауап беру арқылы , сұхбат құрастыр.
- Сен қай республикада тұрасың?
- Оның табиғаты қандай?
- Онда нелер бар?
Ассоцияция құру.
«Табиғат» деген сөзді естігенде сендер қандай ассоцияцияларды көз алдыңа елестетесіңдер.

Сабақты қорыту
Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
Бағалау:
Үйге тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,көшіріп жазыңдар.
Ту ...ан жер таби...аты – хал... ымыздың ұлт..ық мақтанын...шы.
Сонд...қтан оны а...лап қор... ауға үлес қ...су – бізд..ң азама...тық бор...шымыз.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сериковна5438 (2015-01-26) | Автор: Жанагуль E W
Просмотров: 2526 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru