Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Құрмалас сөйлемнің түрлері
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы
Мамиева Гульжанат Мамикызы
І санатты қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

«Сасан би атындағы орта мектеп» КММ

(Қазақ тілінен ҰБТ- ға дайындауда «Абайтану» курсы бағдарламасымен сабақтастыра оқыту.)[/color]
Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құрмалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Абай шығармалары арқылы ана тілін сүюге, адамды қадірлеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу және ғылымға баулу.
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.
Көрнекілік: слайд, үлестірмелі материалдар, тест.
Пәнаралық байланыс: «Абайтану» курсы, орыс тілі.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау арқылы бүгінгі сабақты бастау;
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адамның ойы мен пікірі сан қилы болады. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.
Бүгінгі сабағымыз-құрмалас сөйлемнің түрлерін қайталау сабағы. Оқушылар 2 топқа бөлініп, сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындайды.

*** Қайталау – оқу айнасы ***
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек? Жүрек – Қайрат – Ақыл - Ғылым
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек. (Абай)

*** Тереңдік ***
Сөйлемдерді мағынасына қарай құрмаластырып, құрмалас сөйлем жасаңдар.
І. 1. Қазақтың бас ақыны - Абай, ................... .
2. Абайдың әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарған,.......... .
3. А.Құнанбайұлы адамзат мәдениетіне үлкен үлес қосқан, ............. .
4. Ұлы ақын тіршіліктің тұтқасы білім мен еңбекте ғана деп түсінген,............ .
ІІ. 1...әлемге ортақ дара тұлғалардың бірі болып саналады.
2. ...одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
3. ...сондықтан «Түбінде баянды еңбек егін салған» деген өлеңін жазған.
4. ...жұртына жақсылық жасаған адам болыпты.

*** Ойширатар ***
Төмендегі орындары ауысқан сөздерді өз орындарына қойып, өлең жолдарын қалпына келтіріңдер.

1.Болма әрнеге әсемпаз,
Арқалан, өнерпаз болсаң.
Кірпіш бір дүниеге сен де,
Бар тап та, кетігін қалан!

2. Немене болмай ғылым,
Қисаңыз балалықты?
Ұқсап бақ, болмасаң да,
Көрсеңіз бір ғалымды.
Қайда деп болмақ ондай деп,
Айтпа сүйсеңіз ғылым
***Еркіндік***
“Сұрақ қою, қайта сұрақ қою” әдісі бойынша әр топ бір-біріне өздері дайындаған 3 сұрақтан сұрақ қояды.

*** Шапшаңдық *** «Асыл сөздің жалғасын тап»
1. Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық, (Аздырар адам баласын.)
2. Қайратсыз ашу – тұл, Тұрлаусыз ғашық – тұл, (Шәкіртсіз ғалым –тұл.)
3. Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, (Екі жаққа үңілдім.)
4. Әуелде бір суық мұз –ақыл зерек, (Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.) 5. Ақылмен ойлап білген сөз, Бойыңа жұқпай сырғанар.
(Ынталы жүрек сезген сөз, Бір тамырды қуалар.)
6. Өмірдің алды – ыстық, арты –суық, (Алда –ойын, артқы жағы мұңға жуық.)
7. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: (Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.)

*** Айқындық *** /Құрмалас сөйлемнің түрлері бойынша кестені толтыру/

Түрі Ережесі Мысал

*** I топ тапсырмасы ***
1. Синтаксистік талдау жаса.
Абай үйге келгенше, Біржан сал ауылға келіп қалыпты.
2. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудар, құрмалас сөйлем жаса.
Ұлы ақын 13 жасында (окончил медресе). Ол (стихотворения) жазумен (занимался).
3. Керекті әріпті қой.
Аб...йта...у ғыл...мында ш...ше...нд...кке бай...анысты зертт...улер, п...к...рлер к...п бол...анды...тан, «Абай а...ори...мдері» д...г...н ең... ек жа...ық к...рген.

*** II топ тапсырмасы ***
1. Синтаксистік талдау жаса.
Туған жері - Шыңғыстау, руы - Тобықты.
2. Сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне аудар, сабақтас құрмалас сөйлем жаса.
Ұлы (поэт, переводчик, философ)
А.Құнанбаев 1845 жылы (родился). Оның (детство) Жидебайда өтті.
3. Керекті әріпті қой.
«О...ыст...ң ғы...ы...ы, ө...ері – д...ни...нің к...лті, о...ы біл...е...ге дү...ие а...зан...рақ т...с...ді» (Абай, 25-қарасөзі).

*** Т кестесі *** /Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жазу керек./

Салалас құрмалас Сабақтас құрмалас
сөйлем сөйлем

*** Ашық тест *** /Әр топ бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды./
1.Құрмалас сөйлемді көрсет.
а) Радлов - әлемге әйгілі түрколог.
ә) Ол Жетісу өлкесінде болып, шығыстың әдеби мұраларымен танысты.
б) Жадыраған жаз келді.
2.“Риторика” еңбегінің авторы кім?
а) Платон
ә) Аристотель
б) А.Байтұрсынов
3.Мақалды толықтыр.
Отансыз адам -...
а) туған жердей...
ә) салт-дәстүріміз
б) ормансыз бұлбұл
4. Салалас құрмалас сөйлемді тап.
а) Көктем келді де, күн жылынды.
ә) Менің туған жерім - Құмкөл.
б) Біздің жерде алтын өндіреді.
5. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап.
а) -са, -се.
ә) –ған- мен.
б) -ып, -іп.
6.Абайдың немере інісі кім?
а) Әбдірахман
ә) Оспан
б) Шәкәрім
7. А.Құнанбаевтың шын аты кім?
а) Ибраһим;
ә) Мұхамедханафия;
б) Ерасыл.
8. Абайдың 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі.
а) БҰҰ көлемінде
ә) ЮНЕСКО көлемінде
б) Қазақстанда
9. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
а) -у;
ә) -са, -се;
б) -ып, -іп, -п.
10. «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да" өлеңінің авторы?
а) М.Мақатаев
ә) А.Құнанбаев
б) Бұқар жырау.

Жауап кілттері:
1. Ә 6. Б Бағалау:
2. Ә 7. А 0 – 2 - «2»
3. Б 8. Ә 3 – 6 – «3»
4. А 9. Ә 7 – 8 – «4»
5. Ә 10.Ә 9 –10 – «5»

***Қорытынды***
1.Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден ерек. /Абай Құнанбаев./

2. ***Эссе*** Тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең...»
/Құрмалас сөйлемдерді қатыстыра отырып, шағын эссе жазу./

***Үй тапсырмасы***
“Абай жолы” роман-эпопеясынан құрмалас сөйлемдердің түрлеріне мысалдар жазу,синтаксистік талдау жасау.

***Бағалау***
1. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
2. Топ жетекшісі бағалайды.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Aiz (2015-01-28)
Просмотров: 2979 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 3:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru