Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Келер шақ.
Шаймерденова Р.Б.
Ақмола облысының Көкшетау қаласы
№ 1 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Пәні: Қазақ тілі.
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды етістіктің түрлену жолдарымен таныстыру. Келер шақ оның ішінде болжалды келер шақ туралы түсінік беру, іс жүзінде қолдана білу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, өз ойын айта білуге, адамгершілік қасиеттерге баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Көрнекілігі: тақта, мақал-мәтелдер жазған хаттар, «Шыңға өрлеу» ойыны, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
Сынып үш топқа бөлінеді. І топ «Әлеке». ІІ топ «Сәке». ІІІ топ «Бәке».Топтық жұмыс жүргізіледі.
А)Әр топқа үй тапсырмасы берілген, үш топ өз тақырыптарын қорғап шығады.
Ә) Тренинг сабақтары бойынша жылдам ойлау қабілеттерін дамыту үшін «Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Әр топқа сұрақтар оқылып, тез жауап қайтаруы тиіс.
І топ.
1 Етістік дегеніміз не?
2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
3.Тұлғасына қарай етістік қалай бөлінеді?
4.Етістіктің қандай шақтарын білесіңдер?
ІІ топ
1.Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері қандай?
2.Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінеді?
3.Нақ осы шақ қалай жасалады?
4.Нақ осы шақтың күрделі түрі қалай жасалады?
ІІІ топ
1.Ауыспалы осы шақ қалай жасалады?
2.Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісін көрсетіңіз?
3.Ауыспалы осы шақтың тұлғасы сөйлемде қалай қолданылады?
4.Ауыспалы осы шақтың дара және
күрделі турлеріне мысал келтіріңдер?
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ арасындағы байланыс.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Оқушылар, өткен сабақтарымызда етістіктің түрленуін бастадық, етістіктің шақтары туралы түсінік алдық, осы шақ және оның түрлерімен таныстық. Бүгінгі сабағымызда шақтың бір түрі – келер шақпен танысамыз. Толығырақ, келер шақтың бір түрі – болжалды келер шақ және оның жасалу жолына тоқталамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Алдағы 2 күнде Қазақстанның көптеген бөлігі кең ауқымды ызғардың ықпалында болады, сондықтан республиканың көптеген аймақтарында ашық ауарайы сақталады, ал солтүстігі мен шығыс бөліктерінде түнгі мезгілдерде салқын болады. Тек республиканың батыс бөлігіне ғана салқын жел соғады, олар біртіндеп батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге тұрақсыз ауа райын әкеледі. 24 қазаннан бастап-ақ еліміздің орталық, оңтүстік және солтүстік аймақтары қар жаууы ықтимал. Көкшетау қаласында ауаның температурасы 0-ден төмен болады»
- Балалар, бұл ауа райы болжамын қай шақта айтылып тұр?
- Оқушылардың жауабы.
- Олай болса, келер шаққа қалай анықтама беруге болады?
- Келер шақта қимыл әлі болмаған, бірақ болатыны туралы айтылады.
- Келер шақта іс-әрекет сөйлеп тұрған мезгілден соң болатын білдіреді.
- Ендеше, өзіміз ережесін шығарып көрейік, сонда ережесі: (слайд)
Тақтада мақал-мәтелдер жазылып тұрады. Оқушылар мақал-мәтелдерді оқиды. Етістіктің тұлғасына талдау жасайды. Етістіктегі есімше жұрнақтарына назар аудару.

Сонда ережесі:
- Оқушылар ережені айтады.
Жасалу жолы түсіндіріледі.
Болжалды келер шақтың жіктелу үлгісі
жақ Жекеше Көпше
І
ІІ

ІІІ Айтармын
Айтарсың
Айтарсыз
Айтар Айтармыз
Айтарсыңдар
Айтарсыздар
Айтар
Дәптермен жұмыс:
«Әлеке» тобы - 117-жаттығу. Көшіріп жазып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктің астын сызыңдар.
«Сәке» тобы - 118-жаттығу. Берілген келер шақ етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.
«Нұреке» тобы - 119-жаттығу. Оқып шығып, болжалды келер шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер
«Шыңға өрлеу» ойыны. Шыңға шығар кезде әр түрлі аңдарға кездесеміз. Кедергіден өту үшін олардың бізге дайындаған сұрақтары бар, соған жауап берейік.
1.Берілген сөзге шақ жұрнақтарын жалға.
Ал, бер, жаз
Ал-ды, бер-мек, жаз-ып отыр.
2.Кең дала ақ көрпеге оранған болатын.
Етістік қай шақта тұр?
(бұрынғы өткен шақ)
3.Мүмкін бұл ниеті орындалып қалар.
Етістік қай шақта тұр? (болжалды келер шақ)
4.Оқушылар мұз айдынында шаңғы теуіп жүр.
Етістікті тап. Қай шақта тұр?
(шаңғы теуіп жүр, күрделі осы шақ)
«Сергіту сәті». Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған хаттар таратылады. 30 секундтың ішінде мақал-мәтелдерді дұрыс құрастырып, мағынасын айтады. Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтайды.
Жаппай жұмыс түрі. Берілген осы шақ формасында тұрған етістіктерді болжалды келер шақ түріне айналдырып жазыңдар.
Алғашқы күннен бастап оқуға деген ынта оянды. Мұғалімдердің түсіндіргендеріне көңіл қоя тыңдадым. Үйде сабаққа әзірлену күнделікті дағдыма айналды. Намысқа тырысып, барымды салып бақтым. Адам алдына үлкен мақсат қояды. Шабыттанып алса, көңілінде барлығы сайрап тұрады. Кішкентай жетістіктерге балаша қуанады.
Жауабы:
Алғашқы күннен бастап оқуға деген ынта оянар. Мұғалімдердің түсіндіргендеріне көңіл қоя тыңдармын. Үйде сабаққа әзірлену күнделікті дағдыма айналар. Намысқа тырысып, барымды салып бағармын. Адам алдына үлкен мақсат қояр. Шабыттанып алса, көңілінде барлығы сайрап тұрар. Кішкентай жетістіктерге балаша қуанар.
Сабақты бекіту кезеңі:
1. Үш топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Қағазға «Күз» тақырыбына төрт жол өлең жазуларың керек. «Әлеке» тобы осы шақта, «Сәке» тобы келер шақты, «Нұреке» тобы өткен шақта жазады. Күз туралы мақал-мәтелдер, суреттер салыңдар.
2. Қағаздың келесі жағында жазылған етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазыңдар.
Сабақты қорыту кезеңі:
- Оқушылар, бүгінгі сабағымызда қандай тақырып өттік? Сабақ сендерге ұнады ма?
Бағалау кезеңі:
Үй тапсырмасын беру:
1. 120-жаттығу. Төмендегі етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп, әрқайсысына сөйлем құраңдар.
2. Келер шақ, болжалды келер шақтың ережелері мен жасалу жолдарын жаттап келіңдер.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: dinara_tokusheva (2015-01-28) | Автор: Келер шақ. E
Просмотров: 2276 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru