Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық тәрбие сағаты: “Отан-біреу,ту-жалғыз!”
3сынып
Сабақтың тақырыбы: “Отан-біреу,ту-жалғыз!”
Сабақтың мақсаты : Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып үйрену, "тәуелсіздік" ұғымын түсіндіру; қазақ өлеңдеріне деген махаббатты туғызу, қазақ тілінде сауатты сөйлесе білуге дағдыландыру; елін,жерін,тілін,әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру,патриоттық сезімге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ Р рәміздері, мақал
мәтелдер,ребус,суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Хор: Қазақстан Республикасының әнұранын айту.
3.Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
“ Отан – біреу, ту – жалғыз!
II. Жаңа сабақ.
4. Бүгінгі сабақтың тақырыбы : “Отан - біреу, ту - жалғыз!”
– Біздің Отанымыз қай республика?
– Елордамыз қай қала?
– Балалар “Отан” ұғымын қалай түсінесіңдер?
– “Отан” деген киелі сөз. Оны дұрыс оқымай “Атан” дейді. Атан деген бір
өркешті түйе. Екеуінің мағынасы аспан мен жердей.

5. Топпен жұмыс. “ Отан” ,“Отбасы” - күннің макетін құрастыру.

Астана Атам
Ту Әнұран Әкем Әжем

Үйім Туған тілім Анам Апам

Халық Елтаңба Ағам Мен
Туған жерім Сіңлім Інім

– Неліктен біз Отан мен отбасын байланыстырып алдық ?
– Өйткені “ Отан –отбасынан басталады.
Отбасы бұл біздің кіші Отанымыз.”

6. Отан туралы өлеңдерін оқу.
Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы.
Біздің бабаларымыз,әкелеріміз Қазақстанда туып,өмір
сүрді.
Cондықтан оны біз Отанымыз дейміз.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Отан деген- атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана
Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел.

7. – Балалар, 16-ші желтоқсан күні біздің мемлекет қандай мерекені
тойлайды?
– Дұрыс , 16-ші желтоқсанда - Тәуелсіздік күнін тойлаймыз.
– Биыл, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы неше жыл болайын деп жатыр?


8. – 16-ші желтоқсанда 1991жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы
сессиясы “Тәуелсіз, демократиялық және құқылық мемлекет” деп
жарияланды.
– Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 16-ші
желтоқсанды заңды түрде “Тәуелсіздік күні” болып жарияланды.

– Тәуелсіз дегеніміз не?

– Өз алдына дербес, еркін мемлекет, яғни ешкімгі тәуелді болмай,
ішкі – сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды
тәуелсіз мемлекет дейміз.
– Қазақстан Республикасы – демократиялық зиялы және біртұтас
мемлекет.
– Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған
қол суғұға болмайды.

9.Топпен жұмыс. Сурет бойынша сөз тіркесі ,сөйлемдерді құрау.
Отан,Астана,Қазақстан.


10. – Біздің Отанымыздың рәміздерін айтыңдаршы.
– Дұрыс,әнұран,ту, елтаңба.
– Қазақстан Республикасының рәміздері қай жылы қабылданды?

– 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы,Елтаңбасы,Әнұраны қабылданды.


– Мемлекеттік Әнұран – елдің музыкалық – поэтикалы
эмблемасы,әдеби-сазды төлқұжаты.

– Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев,
Жадыра Дәрібаева бірігіп жазған Әнұран мәтіні
алғашқы тәуелсіздік жылдары елдіктің асқақтығын көрсетті.

– 2006 жылдың 6 қаңтарында жаңа Әнұран “Менің Қазақстаным!” әнінің
негізінде жаңартылды.Сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев,әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

– Әнұранның мәтінін жаттап айту- әр азаматтың парызы.Әнұран
салтанатты жағдайларда, шетелдік қонақтарды қарсы алғанда
орындалады.

– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы.
Тудың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі – күн
бейнеленген. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі – қыран
бейнеленген,сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар.
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков

– Тудың ортасындағы күн, қалықтап ұшқан қыран, тәуелсіздігін
алып,қанатын қеңге жайған Қазақстан халқын көз алдымызға
елестетеді.
Қазақстан – көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде – лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің – қуанышым, бақытым,
Өзің менің – мақтанышым, тірегім.

– Елтаңба дегеніміз не ?
– Көгілдір түс аясында елтаңбаның орта тұсында шаңырақ
бейнеленген. Оның ортасындағы айқасқан белдеу әлемнің төрт
бұрышының рәмізі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап,уықтар
шаншылған. Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның
жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында – Қазақстан
деген жазуы бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.


– Елтаңбаның авторлары кімдер?
– Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уәлиханов.
– Елтаңба мемлекеттің тарихи дәстүрін корсететің белгісі.

11.Топпен жұмыс. “Кім тапқыр?”ойыны. Орны ауыстырылған сөздерді
өз орнына қойып мақал-мәтелдерді құрау,аудару және түсіндіру.
1)Адам,отансыз, -,бұлбұл,ормансыз.
2) Да,Отан,оттан,ыстық.......т.б.

– Отан туралы тағы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

– Туған жер-алтын бесік.
–Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
–Ел намысын ер қорғар.
–Отан үшін отқа түс, күймейсің.
– Ел іші- алтын бесік.
– Тұған жердің жуасы де тәтті.
–Отанды сүю – отбасынан басталады.
–Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

12.“Бәйге” ойыны.

Хор “ Әрқашан күн сөнбесін”

III. Қорытынды.

Туған жерін сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз. (Мұзафар Әлімбаев)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ААС (2015-01-29) | Автор: Абдуллаева Аклима E
Просмотров: 2097 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru