Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Батаменен ел көгерер
Алматинская область, г Алматы СШ №156



Аманбаева Шолпан Жакыпбековна
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Батаменен ел көгерер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық : бата туралы ой-өрісін кеңейтіп, тақырып бойынша өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақты өткізу әдісі : ой-қозғау, ізденіс, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : Интерактивті тақта, слайд, оқулық, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру.
А) Сыныпты түгендеу.
Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
М- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Бүгін бізде ерекше сабақ, осы сабағымызды бәріміз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып ойдағыдай өткізуге тырысайық.
-Сіздерге жақсы көңіл-күй тілеймін!
-Бүгін нешінші күн?
-Аптаның қай күні?
-Сәрсенбіні басқаша қалай деп атайды?
-Қазақ халқы сәрсенбінің сәтіне қарай,қандай игі бастамалар бастайтынын білесіңдер ме ?
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
(Өздеріне ұнаған тұрақты сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау)
(32 бет, 5-тапсырма)
3. Үй тапсырмасын бекіту:
(интерактивті тақта)
«Бір сөзбен айт» ойыны
1. Жұмған аузын ашпау -
2. Қызыл итке жем болу -
3. Төбе шашы тік тұру -
4. Тісі тісіне тимеу -
5. Ит өлген жер -
Ендеше тұрақты сөз тіркесінің ерекшелігі:
-Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Тұрақты сөз тіркесінің басты белгілері:
-Басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.
-Барлығы бір мағынаны білдіреді.
4. Жаңа сабақ
Балалар, бастаған негізгі тарауымыз «Өмірлік өнеге» деп аталады. Сабағымыздың негізгі мақсаты да қазақ халқының үлгі өнегесі туралы өз ойларымызды мемлекеттік тілде сауатты жеткізе білуге үйрету. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз:
(интерактивті тақтадан)
Батаменен ел көгерер
-Бата дегеніміз не? Бата жайлы не білесіңдер?
(ой қозғау)
(интерактивті тақтада)
-Бір іске қадам баспас бұрын яғни ойға алған дүниені бастамас бұрын адам Ниетті түзеп,Тілек тілейді. Өз мақсатына жету үшін Аллаға сыйынады. Бүкіл Ой, Ниет, Тілек түгелімен жинақталып, сөз болып бір арнаға құйылады.
Бата-дегеніміз осы.
Батаның түрін көрсету (интерактивті тақтадан)
Батаның мақсаты
(интерактивті тақтадан)
1. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту.
2. Достыққа, береке-бірлікке, ынтымаққа шақыру.
3. Жақсы іске бас болу.
4. Үлкен-кішінің жолын ашу.
5. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу.

 БАТА әрқайсымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз.

Сөздікпен жұмыс
Денсаулығың зор болсын!
Бақыт қонсын!
(осы тіркесткерді пайдалана отырып, сөйлем құрау)
Оқулықпен жұмыс
(33-бет, 2-тапсырма)
Әңгімені түсініп оқу
Мәтін бойынша түсініктерін тексеру
(интерактивті тақтада)

Сөйлемдер Дұрыс Дұрыс емес
Бір кезде қашада тұрған Әміржан жүгіре жөнелді.
Бір қарт кісінің қолынан ауыр сөмкесін алмады.
Айдар, ол үлкен кісі ғой, сөмкесі ауыр екен, көмектестім.
Ол кісі маған «өркенің өссін, үлкен азамат бол» деп батасын берді.
Ол кісі маған батасын бермеді.

Тақтамен, дәптермен жұмыс. (сөйлем талдау)
1. «Бата» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын құтты болсын айтуға жиналып қалған екен.
Ол кісі маған батасын берді.
3. Морфологиялық талдау.
Қайтып келгенде

5.Сабақты бекіту:
Тест тапсырмалары
(Жауабын интерактивті тақтадан тексеру)
Балалар бүгінгі сабақта не біліп, не үйрендік?

6.Үйге тапсырма:
34 бет, 4 тапсырма жаттау
«Ұшқан ұя» мәтінін оқу, мазмұндау
(интерактивті тақтада)
7.Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Aiz (2015-02-01)
Просмотров: 1389 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2016-12-06, 8:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [472]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [769]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1137]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3903]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [352]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1484]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1155]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru