Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларға сандарға қатысты ұғым бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау, жылдамдыққа, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кесте, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: 161 – жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазып келу.
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары қандай?
3. Дара сан есім дегеніміз не?
4. Күрделі сан есім дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер
Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер.
Құрылысына қарай - Дара сан есім: Бір, мың, жүз, миллион
Күрделі сан есім: Мың-мыңдап, екі-үштен, бір мың
Құрамына қарай - Негізгі сан есім: Он, бес, жүз, тоғыз
Туынды сан есім: Алт(ы)ау, жүз мың, сексен (сегіз он) он-оннан
Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
1. Есептік сан есім 2. Реттік сан есім 3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім 5. Топтау сан есім 6. Бөлшектік сан есім
1. Есептік сан есім – заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір, т. б.
2. Реттік сан есімдер - заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, т. б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда жазылу реті төмендегідей болады. (емлесі түсіндіріледі).
1. Ол 6-қатардан орын алды. 2. Шығарманың II томы. 3. 1961 жылы Ю. Гагарин ғарышқа ұшты.
IV. Дәптермен жұмыс.
162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік, реттік сан есімдерді теріп жазу.
Үлгі: екі жүз тоғыз - есептік сан есім, құрамына қарай күрделі , сұрағы - қанша?
163-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып, сөзбен есеп құрастыру.
Үлгі: Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді. Оның 600-і математика, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі, 280-і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауыш сыныпқа қанша оқулық әкелінген?
164- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 369, 2692.
Үлгі: 7-жеті-жетінші;
V. ВЕНН диаграммасы. Есептік сан есім Ортақ қасиеті Реттік сан есім
VI. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40. деген сандардың жалпы адамның өмірі, наным—сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры » тақырыбына пікір жазу. Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жасау.
2-деңгей. Санмен берілетін ұғымға байланысты қанатты сөздер, түсініктер, мақал- мәтелдер айту. Ұқсастырып өз ойынан сан есімге байланысты жаңылтпаш, санамақ, мақал- мәтел ойлап шығару.
Мысалы: Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек, , бес парыз, бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес, т. б. 3-деңгей. Оқулықтағы 166-жаттығу.
VII. Сергіту сәті.
1. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг
бидай жейді? Жауабы: 1 кг
2. Қай айда 28 күн бар? Жауабы: Барлық айда
4 Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жауабы: “а” әрібі
VI. Сабақты бекіту. VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Есептік, реттік сан есімдердің ережесін жаттап, көркем әдебиеттен 5 мысал жазып келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Aina0508 (2015-02-02) | Автор: Аксеитова Айнаш Балтабаевна E
Просмотров: 2388 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru