Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Халықаралық мәдени қауымдастық. Тоғызқұмалақ.
Астана қаласы
Мухамедина Рабиға Нұржановна
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі
Электрондық адрес: rmukhamedina@mail.ru

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық мәдени қауымдастық. Тоғызқұмалақ.
(Екі жұп сабаққа жоспарланған)

Сабақтың мақсаттары:
Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып сөздік қорды молайту, тіл дамыту жұмыстары барысында ойлау және сөйлеу біліктіліктерін жетілдіру, ұлттық ойын арқылы халықаралық мәдени бірлестікті анықтау, ұлттық спорт ойындарын дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
• ой қозғау арқылы оқушы сезімін ояту;
• жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
• ұлттық ойын арқылы халықаралық мәдени бірлестікті анықтау
• «тоғызқұмалақ» ойыны туралы әңгімелей отырып, өз ойын жинақтай білуге машықтандыру.
Көрнекілік құралдар: Үлестірмелі материалдар. Негізгі оқулық. Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Жаңа сабақ:
І. Ой қозғау:
Интерактивті тақтадан тоғызқұмалақтың бір көрінісін тамашалаймыз, осы сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. (Сабақтың мақсаты, міндеттері, сұрағы айтылады).
ІІ. Іске асыру:
Жеке жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқи отырып, мына сұрақтарға жауап береді (бағалау парағының ережесі түсіндіріледі)
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі – табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын және адамның демалуына, сергуіне әсерін тигізеді. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.
Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» кітабында жақсы жазылған.
Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған. Ол – тоғызқұмалақ спорты бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы.
Жер шарында бұл ойын кең тараған. Әр ел өзінше атау берген, бірақ ойнау ережесі бір-біріне өте ұқсас
Мысалы Африка бұл ойынды МАНКАЛА десе, Марокко жері СИГ дейді, Либерия ПОО десе, Сенегали жері КАПО –КУНГО дейді екен.

Жеке жұмыс

Әр оқушыға мәтін бойынша 2 сұрақтан беріледі, жеке отырып жауап береді.
1. Ойлауға үйрететін спорт ойынының түрлерін ата
2. Тоғызқұмалақ қандай ойынға жатады?
3. Бұл ойын қалай ойналады?
4. Тоғызқұмалақ адамды неге үйретеді?
5. Тоғызқұмалақтың бір ойыны қанша уақытқа дейін созылған?
6. Қазақ халқының қай ұлы ақыны тоғызқұмалақ ойынының шебері болған?
7. Абай Құнанбаев пен тоғызқұмалақ ойыны туралы не айтар едің?
8. Қазір тоғызқұмалақ ойыны кеңінен тараған ба? Сен осы ойынды білесің бе?
9. Республика чемпионы болған атақты ойыншы кім?
10. Әбілда Ақшораев неше рет республика чемпионы болған?
11. Біздің мектепте осы ойынды ойнаушылар бар ма?
12. Жер шарында осыған ұқсас ойындар туралы не айтар едің?

Жұппен жұмыс.
1. Сұрақтары мен жауаптарын қасындағы жұбына оқиды, бірін- бірі тексереді, бағалайды.
2. Мәтін үш бөлімге бөлінеді, осы бөлім бойынша белгілі уақытта сұрақ құрастырады.
3. Құрастырған сұрақтарға келесі жұп жауап береді.
4. Келесі жұп диалог ретінде осы сөйлемдерді оқиды.
Бірін- бірі тексеріп, бағалап отырады.
Топпен жұмыс.
Екі топқа тапсырма

Белгілі уақыт ішінде берілген сұрақтарға жауап беру және презентация жасау.
1-топ: Тоғызқұмалаққа ұқсас басқа халықтарда қандай ойындар бар екен?
2- топ: Халықаралық мәдени қауымдастық дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Қорытындылау:
«Спорт – салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесің?

Тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіру, жұппен ойнау

Бағалау: Бағалау парағы арқылы (ұпай сандарын санап қорытынды баға қойылады). Қалған уақытта Тоғызқұмалақ ойынын ойнау.

Рефлексия: Сабақ саған түсінікті болды ма? Жұмыс барысында өзіңді қалай сезіндің?

Бағалау парағы арқылы. Максимум 21 ұпай
№ Тапсырмалар 1 2 3 4 5 Барлығы
1 Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеу
Бірінші сұрақтың жауабы (3)

Екінші сұрақтың жауабы (3)

2 Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қою және жауап беру (екі сұрақтан)
Бірінші сұрақты құрастыруы және берілген сұраққа жауап беруі
(3)
Екінші сұрақты құрастыруы және берілген сұраққа жауап беруі
(3)
3 Топпен жұмыс. (Концепция мен берілген ақпараттарға талдау жасау
(4)
4 Әр презентация кезінде сөйлеу ырғағы, дұрыстығы, оқушы
белсенділігі (5)
Бағалау өлшемдері 0; 1-5 / 2; 6-14 / 3; 12-17/4; 18-21/5
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Рабига (2015-02-03) | Автор: Мухамедина Рабига Нуржановна E
Просмотров: 385 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 4:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1475]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1140]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3910]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [281]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru