Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ.
«№42 орта мектеп» КММ
Аманжолова Тана Тастанқызы
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі

Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғам-ның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек.
Тәрбие - отбасынан басталады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дейді халқымыз. Сондықтан баланы байсалдылық, тілалғыштық, ұғымпаздық қасиеттерге тілі шыға бастаған кезден баулыған жөн.
Бүгінгі ұрпақ - біздің келешегіміз. Бүгінгі таңда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз алдында да үлкен жауапкершілікті қажет ететін міндет тұр. Қоғамымыздың ілгері дамуының өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылымқызметкерлері-нің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелген міндет өте ауыр», - деген болатын.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкер
лерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-ана-
лармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің мектепте ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда. Мектепте ата-аналар бұрышы жасалған. Онда «Білгенге маржан», «Қауіпсіздік ережесі», «Ата -аналарға
кеңес» деген бұрыштар бар.Әр ата-ананың мектептегі болып жатқан іс-шара-
ларға деген қызығушылық білдіруі де әр қалай. Ата-аналарға арналған «Менің Қазақстаным», «Жаңа жыл мерекесі» , «Аялайық ананы!» аналарға,
әжелерге арналған мерекелік шаралар өткіземіз. Ата-аналар сынып жетек-
шісінің басты көмекшісі деуге болады. Балалардың жасалған жұмыстарынан «Отбасы» , «Денсаулық», «Табиғат – ортақ үйіміз» т.б тақырыпта көрмелер ұйымдастырылып тұрады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты. -деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Соңғы кезде бала тәрбиесінің мәні төмендеген сияқты. Дөрекі сөйлеу, ата-ананы тыңдамау, үлкенді сыйламау сияқты жағымсыз қылықтар орын алуда. Баланың басты ұстазы –ата-ана. Қазіргі кезде ата-аналары балаларына көп көңіл бөле бермейді. Оның түрлі себептері бар:
1.Тіршілік қамын ойлап, уақытты күнкөріс жолына бағыттау
2. Ананың ақ сүтіне қанбау, ана әлдиін естімеу
3. Толық қанды отбасында тәрбиеленбеуі
4. Тым еркіндік беруі
5. Ата-ананың маскүнемдікке салынуы
6. Нашақорлықпен әуестенуі
7. Бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау.
Осының бәрі ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін төмендетеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Ана да, әке де бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Тәрбиенің негізі «ананың әлдиінен» басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды таратады.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағы-
лымдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс. «Қатты тәртіп көрсе бала түбінде қуантады.
М.Әуезовтың: «Ел болу үшін бесігіңді түзе» деген сөзінің мән-мағына-
сына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен. Кейбір ата-ананың «бала жас, әлі ешнәрсені білмейді, өсе келе бәрі түсінеді», – деп қарауы – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» делініп, ұрпақ тағдыры айтылады. . Бала тәрбиесі – әр
ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшелік-
терімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгер-
шілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ана-
ның балаға деген қатынасында орын алады.
Егер балаңызды жақсы көргіңіз келсе...
1- кеңес. Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала елден ерек екенмін деген сезімде болмауы, басқыларды құрметтеуді ұғынуы жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.
Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз. Бала бір үйлі жан өзімнің соңымнан шырық үйірледі дейтін сезімде болмауы керек. Көзінше дәріптеп, мадақтауға болмайды.
2-кеңес. Баланың ырқына жүгіре бермеңіз. Бала не талап қойса да елпілдеп, айтқанын да, айтпағанын да алып беруге болмайды. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет, қайсысының қажет емес екенін айтып, түсіндіріп қоюы қажет. Өйтпеген жағдайда бала ысырапшылық әдетке дағдыланып қалады да, басқалардың еңбегін қадірлеуді білмейтін болады.
3- кеңес. Баланың дербестігін тартып алмаңыз. Оның ана ісіне де, мына ісіне де алаңдап қолынан келетін істеуге болатын істерінің бәріне араласа беруге болмайды. Ондай бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын жалтақ болып қалады.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп түсінемін .
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1238888 (2015-02-07) | Автор: Тана E
Просмотров: 3337 | Комментарии: 1 | Теги: Тастанқызы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 10:28 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru