Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Менің педагогикалық еңбегімдегі Сәбит Мұқанов шығармаларының орны.
Менің педагогикалық еңбегімдегі Сәбит Мұқанов шығармаларының орны.
Киелі туған жерімде,
Жаманшұбар елінде,
Дос көлінің төрінде,
Жаратқан ием Сәбеңді,
Данышпан қазақ тегіне.
Ертегі толып жатыр өткен-кеткен,
Өтірік-шынды әңгіме бізге жеткен.
Жаз айы Жаманшұбарда
Сәбеңнің той асы өткен.
Той десе қалмайтын,
Алдына жан салмайтын,
Сол қазақтың қызымын
Куәгер, той жырының бірімін.
Сәбеңнің толды жүзге жасы
Берілді құтты ұяда киелі асы.
Жиылып әр тараптан сан халық,
Өтпекші дәстүрлі айтыс, бәйге жарысы.
Сәбең аға елеулі еңбек етті,
Елі үшін адал терін төкті.
Бүгінде аруағына бас иіп,
Таланттар өнерін әлемге жыр етті.
Сонау Алматыдан
Мұхтар, Әбіш ағалар да келіпті,
Соңдарынан Айнұр, Бекарыс
айтыс ақындары да еріпті.
Қалың қазақ қошемет көрсетіп,
Сый-сияпат, жоралғысын беріпті.
Сәбит Мұқанов біздің жерлес жазушымыз. Өзі өлсе де, артында із қалдырған жазушы есімі мәңгі халық жүрегінде. Сәбең туралы көрікті ойлар балаға мектеп табалдырығынан құлаққа сіңеді. Өзімнің педагогикалық тәжірибемде Сәбеңнің шығармаларының орны ерекше. Оқушыға жазушы тағылымын үлгі ету арқылы өнерге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту мақсатын жүзеге асырамын. Жазушы қаламынан туған құнды еңбектерінің идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеймін. Орыс мектепте
рінде өзге ұлттың баласына қазақ тілінде сөздің мәнін түсіндіру күрделі үрдіс. Сондықтан да сабақтағы тиімді әдістің бірі түсіндірмелі жұмыс. Мысалы, С.Мұқановтың «Каронмен күрес» шығармасы бойынша
- Палуан-зор денелі, нар тұлғалы алып күш иесі. (Человек крепкого
телосложнение огромной силы)

- «Бағы ел ішінде құстай ұшты» - барша жұртқа танымал болды деген мағынаны білдіреді. (прославился на славу, его уважал весь народ)
- «Тал бойынан мін тапқан жоқ» -кемшіліксіз(безупреч) т.б сөздердің
мағынасын түсіндіру арқылы қазақтың белгілі балуаны Нұрмағамбет Баймырза-
ұлын танытамыз. Сол сияқты дайын мәтінмен жұмыс істеу кезінде шынайы өмір айнасын ұсыну оқушыны адамгершілік қасиеттерге бейімдеуде өте тиімді үлгі деп танимын. Себебі, ақиқат – әділдік пен шындық көзі екенін ұмытпағанымыз абзал. Мысалы: «Балуан Шолақ - Нұрмағамбетұлы»
Ол – әнші, ақын, сазгер, өнерпаз спортшы. Екі өнерді қоса дамытады. (спорт және музыка өнері)
Жетісуда туғанмен, Көкшетауда ер жетті. Оның «Ғалия» әні республикаға кеңінен белгілі.
Балуан Шолақ мінезі ақжарқын, сөзшең, ойшыл кісі болған.
Шын мәніндегі әдеби шығарма игі ниетті халықтарды бір-бірімен таныстыратын көркемдік дәнекер. Қоғамда ешнәрсе қарама-қайшысыз өмір сүрмейді. Табиғат болмысында адам бойында түрлі қасиеттер қатар кездесіп жатады. Не бірыңғай жаман, не бірыңғай жақсы адамдар болуы мүмкін емес. Адам бойындағы осы қасиеттерді бағалайтын халық болмақ. Ал халық атынан сөйлейтін оның асыл перзенттері – ақын-жазушылар. Адам табиғатындағы осы қасиеттерді ашуда Сәбит те өзгелерден ерекшеленеді. Мысалы: «Ботагөз» романындағы Итбай бейнесі:
«Асқарда менімен белдесетін не шама бар... Білімді былай қойғанда мен оны қалтаммен ұрып жықпаймын ба?» - деген ойы арқылы өмірде адамгершілік , парасаттылық мінезімен емес, қалтасы қалыңдар өмірдің тұтқасын ұстайды деген түсінікте сипатталуы оқушы көңіліне жағымсыз сезімдер ұялатады.
- Егер, ..... Сағит степендияға ілігіп, қалалық оқуға түссе, түбінде ғылым иесі,
адам болып кетер еді. Мен мұның ілгері барып оқуына көмектесуім керек,-деген Асқар ойы оның үлкен адамгершілік қасиетін ашады. Жақсы мен жаманды айыра білетін , әділдікке жүгінетін адал тұлға. Ол жаман салқынынан қорыққан да, үріккен де жоқ. Еңбекші езілген таптың мүддесін қорғаған жағымды бейне.
Жазушылық өнер - көркем өнер, киелі өнер.Кез келген халықтың әдебиетінде жазушылықты жоғары бағалап, киелі санап, оған құрметпен қараған. Сондықтан жерлес жазушымыз Сәбеңніңде есімін аялау артық емес. Сәбит Мұқанов еңбектері тек қана мерейтойда ғана емес, әркезде өз жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар еді. Сөз соңында айтарым:
Шәкірт жанын толтырған жылылыққа
Бас иемін сіздегі ұлылыққа.

Аманжолова Тана Тастанқызы
«№42 орта мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1238888 (2015-02-07) | Автор: Тана E
Просмотров: 1220 | Комментарии: 1 | Теги: Тастанқызы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru