Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
7 сынып Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есімшенің сөйлемдегі қызметі жайлы түсіндіру. Сабақтың міндеттері: 1.Есімшеден алған теориялық білімдерін практикада қолданады. 2.Оқушылардың ойлау қабілеттері, қиялдары дамиды, ептіліктері ұшталады. 3.Достыққа, бірлікке, ұлттық дәстүрді қадірлеуге тәрбиеленеді. Сабақтың типі: Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау. Әдісі: Сабақта қолданылған стратегиялар : “Дөңгелек стол” “Өзара оқыту” “Араласқан кезеңдер” “Автор орындығы” Көрнекіліктер: плакат, сызба, ақ парақтар, мәтіндер, маркерлер. Сабақтың жүру барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Үй тапсырмасын сұрау 198 – жаттығу “Әдептілік әліппесі” Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Осы мерекеге байланысты сендердің қандай дайындықтарын бар? (Әр топтаң 2 оқушы өлең оқиды) I Қызығушылықты ояту. “Дөңгелек стол” стратегиясын пайдалана отырып, есімше туралы не білетінімізді қағаз бетіне түсіріп, соңғы оқушы оқиды. II Мағынаны ашу. “Өзара оқыту” стратегиясы бойынша берілген сызбаны қолдана отырып, берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды. Сөйлемдер таратылған ақ парақтарға жазылып, талданады, спикер қорғайды. Сергіту сәті “Орамал тастау” ойыны. III Ой толғаныс. Бөліктерге бөлінген мәтіндер таратылады. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы бойынша бөліктерді біріктіреді, мәтін құралады, мәтінге ат қояды. Мәтін ішінен есімшелі сөздерді теріп, тақтада орындайды (Автор орындығы). Үй тапсырмасы : Ереже , 201 – жаттығу Оқушылар білімі бағаланады. Қорытынды : Сабақ Жүсіп Баласұғыннын “Біле бер қанша білсен, тағы тіле. Жетерсің мақсатына біле-біле” деген нақыл сөзімен қорытындыланады. «№26 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Қазақ тілі Тақырыбы: ”Есімшенің сөйлемдегі қызметі” 7Ә-сынып Сламбекова А.А Семей 2014 жыл | |
Просмотров: 1508 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|