Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Павлодар облысы Ақсу қаласы
Қызылжар орта мектебінің

Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА
БАУЛЫП, ДАРЫНДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН
АРТТЫРУДАҒЫ ҰСТАЗДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ

Номинация атауы: Шеберлік, танымал болу

Жұмыстың авторы: Асен Аманжол

Қызылжар 2014 жыл

Ақсу қаласы Қызылжар орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Асен Аманжол
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТЫП,
ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ
Болашаққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» –деп атам заманнан бері айтылып келе жатқан халық даналығы да осының айғағы іспетті. «Надан жұрттың күні - қараң , келешегі -тұман» деген М.Дулатовтың киелі сөзі де бар. Егеменді еліміздің болашағы тұман болмасын десек, бүгінгі ұрпақты білімді етіп, жан-жақты дамыта тәрбиелеу тәуелсіздік еліміздің әрбір азаматының алдына қойған мақсаты болу керек.Кез келген мемлекеттің рухани және әлеуметтік экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланған. «Қазақстан ұлы держава болу үшін бізге күш - қуаты, қажыр – қайраты мол ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» деген ел басымыз Н. Назарбаев қазақстан халқына арналған Жолдауында . Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ендеше сол жас ұрпақты терең білімді, ой- өрісі мен таным - түсінігі биік, халқын ардақтай алатын, Отанын қадірлеп қастерлейтін ұрпақ етіп тәрбиелеу -бүгінгі ұстаздың абыройлы борышы деп білемін.
Заманға сай білім беру саласында адамның ақыл – ой шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар күн сайын артуда. Мектеп

құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалы оқытуға көшу сияқты мәселелер ұстаздардан шығармашылық, бастамалық жұмыстың жоғарғы сапасын және кәсібилікті талап етуде. Бүгінгі мектеп мұғалімінің міндеттері: озық технологияларымен қаруланып, оқушының білім деңгейін көтеру, шығармашылық деңгейін дамыту, ұлттық салт – дәстүрлерді өз бойына сіңірген, рухани дүниесі бай мәдениетті оқушы тәрбиелеу; ұлттық санасының негізін қалыптастыру, заман талабына сай әлемдік білім кеңістігінен қалыспау; үздік мектептердің озық тәжірибелерін үйрену, оқушыны дамыту үшін жаңа нәтижелі технологиялар, оқыту әдістемесін, тәрбие әдістемесін жасау. Сондықтан бүгінгі жаңа заман мұғалімі жаңаша жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман иесі болуы қажет.
Шығармашылық тұлға қалыптастыру қазіргі оқу процесінің ең басты талаптарының бірі . Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен нақты, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Бүгінгі күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыларда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, ойландыруға тиіс. Сондықтан мен жұмыс тақырыбымды: «Сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыта оқытып, оқушыларды шығармашылыққа баулу»

деп алдым. Шығармашылықтың негізгі мақсаты - оқу -тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлаудың қолайлы, ұтымды әдіс- тәсілдерді пайдаланып, жекеленген, өзіндік, ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардың түрлерін қолданып шығармашылыққа баулыдым. Оқушыларды жаңашыл, ізденпаздыққа жетелеп, жаңалық ойлап табуға , өз идеясын жүзеге асыруына көңіл бөлемін. Әрбір сабақты ұтымды, жүйелі өткізуге мүмкіндік жасаймын. Сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыта оқыту технологиясы - оқушының танымдық белсенділігін арттыруда, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруда зор екенін тәжірибеден көрдім. СТО дың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға баулыды. СТО ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оған қарсы өз ойын қоя білу, салыстыра алу, тепе –теңдікті ұстау, сеніммен қарау деген сөз. СТО – ол сынау емес, ол шыңдалған ойлау. СТО боғдарламасының ішкі құрылымында 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйрету моделі бар. Олар: қызығушылықты ояту ( топтау, түртіп алу, ойлану, жұпта талқылау, болжау, әлемді шарлау). мағынаны ашу ( инсерт, білемін, білмеймін, мен үшін жаңа, таңғалдым), ой толғаныс ( бес жол өлең, венн диаграммасы, еркін жазу, тест, карта). Бұл технологияны бастауыш сыныптан бастаған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, орта, жоғарғы сыныпта жалғастыруы

белгілі нәтижеге жетіп, оқушы танымын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, белгілі бір жетістіктерге жетті. Оған дәлел оқушыларым Қасым Ж, Қабдылқақ А, Әсет Н, Қабдымалиева А, Кабышева А, Майтах К, Жахсыбай О, Ерғали Н, Еркен А, Мектепхан С, Хуантхан Н қалалық, облыстық, республикалық әртүрлі сайыстарға, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысып жүлделі орыннан көрінді. Мұнда мұғалімнің ролі - оқушыға серік болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсететін ұйымдастырушы . Ой толғаныс кезеңінде оқушылар бір – бірімен ой алмастырып, өз шығармашылығын (өлең жазу, эссе, мақала жазу, зерттеу, ғылыми жұмыс т.б) көрсете алады. Шығармашылыққа баулу үшін мынандай алғы шарттар орындалуы тиіс. Олар: 1.Әрбір сабақтан қолдануға икемдеп, уақыт бөлу. 2. Оқушыларға ойланып –толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат мүмкіншілік беру. 3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді, ұсыныстарды қабылдау, құрметтеу. 4.Оқушы сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. Сонымен қатар шығармашылыққа әдістерді қолдану арқылы мынандай мақсат –міндеттер шешіледі:
1. СТО кезеңдерін қолдану арқылы теориялық әдістерін шығармашылыққа айландыра алады.
2. Шығармашылық арқылы эстетикалық білім алады.
3. Талантын, ақындық өнерін дамытады.
4. Өзіндік ой прікірге, өзіндік ұстанымға сенетін болады.

5.Қоғаммен еркін тіл табысуға мүмкіндік туады.
СТО негізгі мақсаты біріншіден , ұстаз шеберлігіне ықпал жасаса, екіншіден, шәкірттердің ойлау қабілетін дамытып, білім алуға деген қызығушылығын арттырып, өздігінен ізденуге, талпынып жұмыс жасауға, шығармашылық тұлғасын қалыптастырады.
Тиімділігі :
Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетімен білім алу, шығармашылығын қалаптастыруға ықпал ету, пәнге деген қызығушылығы арту, білім сапасының көтерілуі, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуы, тілге деген шанашырлығының қалаптасуы, ана тілін құрметтей білуі.
Күтілетін нәтиже:
Пәнге деген қызығушылығы, жан – жақты іздемпаздық, шығармашылық қабілеттері, іскерлік дағдылары, дарыны ашылып, талантары дамиды. Қоғамда, ортада өз ойын жеткізе білетін, өзінің қоғамның бір мүшесі екеніне сезініп өз пікірін, ойын айтуға үйренеді. Кез келген олимпиада, сайыстарда өзін үздік жақтарымен көрсетеді Ақындыққа деген таланты ашылады. Басқаның пікірімен санасып, құрметтеуге, сыйлауға, мейірімді, кішпейіл болуға үйренеді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Ашок8400 (2015-02-10) | Автор: Асен Аманжол E
Просмотров: 1253 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru