Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
білімділік – оқушыларға сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту;
дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту, өз бетінше әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік – оқушыларды ұжымдасып еңбектенуге, жаттығулар орындата отырып әділдікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: талдау, сұрақ – жауап, жаттығу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар,сызбалар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
59-жаттығу
Сұрақ –жауап әдісі

1.Сын есім дегеніміз не?
2.Негізгі сын есім дегеніміз не?
3.Туынды сын есім дегеніміз не?
4.Сапалық сын есім дегеніміз не?
5.Қатыстық сын есім дегеніміз не?
6.Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Қалай жасалады?
7.Күшейтпелі шырай дегеніміз не? Қалай жасалады?
8.Сын есімнің емлесін айтыңдар
Сын есімнің анықтамасын,сұрағын өздері түйіндеу

ІІІ.Жаңа сабақ
Топтастыру

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сөйлем мүшелері Ережесі Мысалдар
Бастауыш Зат есімнің орнына жүріп,зат есімнің қызметін атқаратын заттанған сын есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, бастауыш болады. Жақсы –ісімен жақсы
. Көп қорқытады, терең батырады.
Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.Ақ- әдемі түс.
Анықтауыш Сын есім негізінен анықтауыштың қызметін атқарады
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын . Бораш бір ақ құбалау бала екен.
Толықтауыш Сын есім табыс (кімді ? нені?),барыс (кімге ? неге?) жатыс (кімде? неде?), шығыс(кімнен? неден?,көмектес (кіммен ? немен?) септіктерінде келіп заттанып, толықтауыш та болады. Білімдіден үйрен.Аққа құдай жақ. Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.
Пысықтауыш Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп қалай? деген сұраққа жауып беріп пысықтауыш та болады Аяулым бұл сөзді жақсы естіді. Асан анасын көрген сәтте қатты қуанды. Гүлнұр бөлмесін таза ұстайды. Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
Баяндауыш Сын есім жіктік тұлғада тұрып,сөйлемнің соңында баяндауыш та болады
Ол мұны көрмегені жақсы.Айнала күндізгідей жап-жарық.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
Жаттығумен жұмыс.
60-жаттығу
Сын есімдерді тауып, сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын табу.
1.Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш.
2.Ақ үйдің төрінде астына қабат-қабат көрпе төсеп, жан-жағына үлкен ақ жастықтар қойып Аймен отыр. Үйге қызылды-жасылды киім киген бір топ жігіт кірді.3. Екі иығына ,омырауына мұп-мұздай қорғасын тамшылары тамып-тамып кетеді.4.Қалаға лезде келіп кірген торы жорға атты шана аңқып жатқан түп-түзу көшемен зулап келеді. Алматының бүгінгі аспаны да өркеш-өркеш ауыр сұр бұлттармен қапталған.

61-жаттығу.
Әңгімені дауыстап оқып, мазмұнын айтып беріңдер.құрамындағы сын есімдер сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын сұрақ қою арқылы ажыратыңдар.

Әдеп
Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып , сөйлесіп тұрғанда , қасынан бір жарлы мұжық өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім онан да төменірек бас иіп сәлем алады.
Қасындағы бай:
-Тақсыр , осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз . Қайдағы бір мұжыққа неге сонша иілдіңіз? –деп сұрапты.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде ,мен онан әдепсіз болып қалайын ба ?-депті.

62-жаттығу
Мақалдарды оқып шығып, зат есімнің қызметін атқарып тұрған сын есімдерге назар аударыңдар. Қай септіктерде тұрғанын, қандай сөйлем мүшесі екенін айтыңдар.

1.Сыпайы сырын сақтар,
Әдепті арын сақтар.
2.Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
3.Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
4.Жаманға еткен жақсылығың,
Жатқа кеткен малмен тең.
5.Ашулыдан алты табан қашық тұр.
6.Жақсыға барсаң ,жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың
7.Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.
8.Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа

Шығармашылық жұмыс:
Бір сын есімге көп зат есім тауып жазыңдар.

Қызық Жақсы

Бір зат есімге көп сын есім тауып жазыңдар.

V.Сабақты бекіту
Сәйкестендіру тесті

Бастауыш Жақсы сөз жан семіртеді.
Баяндауыш Жақсыдан –шарапат,жаманнан-кесапат
Анықтауыш Айжан сабақты жақсы оқиды
Толықтауыш Жақсы көпке ортақ
Пысықтауыш Бәріміз бір кімінің баласындай татумыз

(Жаңа сабақ бойынша сұрақ- жауап)
VІ.Үйге тапсырма беру
63-жаттығу. Ережелерді жаттау
Оқушыларды бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Inarabulatova (2015-02-11) | Автор: Секенова Аягуз Майрашовна E
Просмотров: 2171 | Рейтинг: 4.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru