Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Коучинг сессия
1-бөлім.Тақырыпты негіздеу.
Ғылым мен білім қарыштап дамып жатқан заманда ақпараттық құралдардың игерілуі өте маңызды болып отыр. Соған байланысты әр сала мамандары осы тұрғыдан ақсап қалып жатқаны рас. Дегенмен де, менің жұмыс атқаратын мектебімнің аудан бойынша мәртебесі жоғары болғандықтан ақпараттық құралдарды пайдалану да соғұрлым сұранысқа ие. Мектеп негізінен (орыс қазақ) аралас. Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы. Гимназияда жоғары білімді мамандар мен қатар тәжірибелерін енді бастаған жас мамандар да жұмыс атқарады. Мектепте 90 мұғалім қызмет етеді, оның 21 жоғары, 27 екінші дәржелі, 16 бірінші санатты мұғалімдер жалпы санатты 26, жоғары білімді 80. Осы тұрғыдан жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың арасындағы байланысты нығайту барысында мектептің жас ұстаздарымен байланыс орнату маңыздыболды. Осы уақытқа дейін бұл ұстаздар қарапайым тәлімгер ұстаздарымен, ескінің методикасымен жұмыс атқарып жаңа ақпараттарға қызығушылығы орташа болған. Сол себепті жас мамандарға ақпараттық құралдарды пайдалануда оқушы зейініне оң әсер бере алатынын ұғындыру менің басты мәселем болды. Ал, қалғаны «оның тілін білмеймін» деп бор мен тақтаны серік етіп жұмысын бір қалыпты жүргізе береді. Осындай көңіл қынжылтатын жайттар менің “ Мұғалімдерге АКТ ның әдіс –тәсілдерін үйрету ” тақырыбымды таңдауыма түрткі болды. Бұл менің мектебім мен болашақ үшін маңызды. Ақпарат жинау арқылы оқушының да өзінің де білім көтеретініне көзім жетті. Соның нәтижесінде жаңа ақпараттық құралдарды меңгеруге ынтасы мол жастарды осы сессияма қатыстырдым.
2 бөлім. Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау Коучинг сессиямның негізгі мақсаты «Мұғалімдерге АКТ элементтерін пайдалану арқылы жаңа үдеріске үйрету, жақсы нәтижеге бағыттау». Сол арқылы жаңа иновациялық пікірлерін түсіну. Осы мақсаттың нәтижесінде сабағыма 6 ұстазды қатыстырдым. Сессиям сергіту сәттерінен басталды. Яғни, мектепке осы деңгейлік оқудың 2 деңгейін алғаш оқып келген ұстаз болғандықтан сабаққа қатысушыларға міндетті түрде коуч пен тәлімгердің айырмашылығын ажыратып коучинг туралы түсіндіріп өттім. Сабағымның басын сергіту сәті «Холодильник» әуеніне билеуден бастадым.Соның нәтижесінде «Коуч пен тәлімгердің айырмашылығы» тақырыбындағы бейнежазбаны көрсеттім. Ұстаздар бейнежазба арқылы алғаш көргенде түсінбеді. Бірақ осы бейнежазбаны өзім түсіндіріп өттім. Ұстаздар екеуінің ара жігін ажыратып алғаннан кейін топқа қиындылар арқылы бөліп, оны құрастыруды ұсындым. Бірінші топқа Пернетақтаның суретін екінші топқа тышқанның сұлбасын құрау керек болды. Топтар анықталғаннан кейін ұстаздарға миға шабуыл әдісін қолдандым. «Банк тонау еш қарусыз, ешкімді зардап шеккізбей, тонаған ол банкті қалай тонаған ». Ұстаздар оны электронды әдістер арқылы хаккерлер тонаған деп жауап берді. Соның нәтижесінде мен сабағымның тақырыбын айтып. Негізгі жұмысқа кірістім. Ұстаздарға АКТ құралының алғаш шыққан тарихы туралы бейнежазба мәлімет бере отырып оларға осы тақырыпқа байланысты білетіндерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым.
Екі топ жұмыс жасау барысында ерекше идея айтып, соған ұйытқы болып отырған бір ұстазға смайлик беріп оны ынталандырып қойдым. Яғни, мен бұл жерде бағалау жүйесін жүргізіп кеттім. Соның нәтижесін мұғалімдер постерлерге Компьтердің шығу тарихы мен оның қазіргі жеткен жетістіктері туралы «Аялдама» әдістері арқылы бір –біріне түсіндіріп, сұрақтар қойып шағын «Дөгелек үстелге» ұласты. Нәтижесінде жақсы нәтижеге жеткен мұғалімдерге смайликтер таратып бердім. Мұғалімдер өз постерлерін «Ақпарат бар жерде білім бар» деген «Ақпараттық құндылық басты байлық» деген тақырыптар қойып, оның тарихына ерекше тоқталып кетен. Сонымен қатар қазіргі кездегі электронды порталдар мен сайттар туралы ұстаздарға түсіндіріп кеттім. АКТ ны пайдалануда мұғалімдердің назарын тағы бір бейнежазбаға аудардым. Яғни, алғаш кітап шыққандағы «Ой, қиыны –ай!» деген тақырыптағы бейнежазбаны көрсеттім. Осы бейнежазбаны көрсетудегі менің мақсатым проблема көтеру еді. Яғни мен мұғалімдер тарапынан жасалған жұмыстар арқылы мақсатқа жеттім. Олар, бейнежазбадан кейін біріншіден сергіп алды екіншіден зерттеу жұмысын жасады. Топ мүшесілерінің ұсынысы бойынша. Бірінші топ «мектеп мұғалімдерінің комьютерлік сауаттылығы тақырыбында» екінші топ «Копьютермен сабақ берудің тиімді әдістері» осы екі тақырыпта ұстаздар зерттеу жұмысын жүргізіп постерге салу арқылы қорғап берді. Осы орайда мұғалімдерге трениг жүргіздім. Яғни «Айнаға қарап өз келбетіңді анықтау» мұғалімдер өздерінің беттеріне түскен әжімдердің сипатынан хабардар болып, жақсы нәтижеге бағытталды. Жалпы коучинг сессиядағы айтылған тақырыптар мен көрсетілген бейнежазбалар арқылы туындығын түйінді ойларды бір арнаға тоғыстыру үшін ойды тұжырымдау керек болды. Мұғалімдерге жаңа дәуірдегі дамғын технологилар мен сабақ үдерісінде оқушылармен өткізілген сабақтарды көрсету арқылы тұжырымдамалық карта жасауға нұсқау бердім. Ұстаздар тұжырымдамалық карта жасап. Болашақтағы дамуын туралы әңгіме қозғап. Дарынды балалар мен талантты балалардың осыған икемді екеніне тоқталып өтті. Нәтижесінде мұғалімдер «Білім ағашын тұрғызып» әр жапырақтарына «Мен сабақты қалай өткізем?!» деген тақырыпта өз ойларын жазып ілді. Сабағымды Эдвардо Де Бонаның «Алты қалпақ» әдісін пайдалану арқылы рефлекция яғни кері байланыс жасадым. Әр ұстаз өз пікірін айтып, өз ойларымен бөлісті.
Коучинг сабағымның жақсы тұстары өте көп болды. Сабағым басталғаннан ұстаздардың жаңалыққа деген құлшынысы маған сабақ өткізуге септігін тигізді. Бейнежазбаларды көрсету арқылы интерактивті тақтамен жұмыс жасау арқылы өз ойларын, пікірлерін білдіріп шағын дебаттар мен дөңгелек үстелдерге айналып кетіп отырғаны мен үшін бір жақсы нәтиже болды. Әр пікір құнды. Ұстаздар пазлдар арқылы жұмыс жасауға өте қызықты. Сонымен қатар осы сабағымда сәтті болған ол әрине Трнениг өткізуім. Бұл жаңалық болды мұғалімдер үшін. Өзімде бар тренигтердің барлығын ұстаздар алып өздері пайдалуда. Сын болмай мін болайды. Сын айтатын тұстарым да болды. Оның бір қыры сергіту сәтінде. Олар ниетпен қарамады. Билегілері келмей кішкене қынжылтты. Осы жері сәтсіз болды. Қалған уақыттарда өте белсенділік пен мұғалімдер қатысып олардың да арасынан талантты анықтауға болатынына көз жеткіздім.
3 –бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Коучинг сессиямның соңында мұғалімдерге сауалнама жүргізіп соның нәтижесінде нені игергендігі туралы мәліметтер алдым. Яғни, 6 ұстаздың барлығы дерлік оң пікірде, тіпті оқуға да барғылары келетіні туралы жазған. Бұл сабақ бойынша ұстаздар біріншіден кез –келген сабақта АКТ құралдары арқылы тиімді сабақ беруге болатындықтарын игерді. Смайликтер арқылы бағалауда оқушы қызығушылығын артыруға болатынын айтып өз сабақтарында пайадлануға ұсыныс жасады. Ең бір ұтымды тұсы ұстаздардың игергені ол әрине топқа бөлу. Осы әдіске ерекше қызығушылығын аударып өз сабақтарында қолданып жатыр. «Балалардан сабақ сұрау кезінде аялдама әдісі өте тиімді екен»деген тілек айтып жақсы көңіл-күйде болды. Сабағымның соңында бағалау үдерісінде кері байланыстан кейін конфеттер арқылы бағаладым. Яғни бес түрлі конфеттер алып соңында мұғалімдерге жақсы жауаптары мен белсенділігі және белсенді болса да жауабы орташа мұғалімдерге конфеттерді бердім.
Осы коучинг сессияда мұғалімдер көптеген нәрселерді игерді. Соның ішінде сайттар арқылы мәліметтер алу. Іздеу құрылғыларының атаулары. бейнежазбаларды көшіру әдістері туралы мәліметтерді алып өз тәжірибелерінде қолдана білудің негізін игрді.
Мен болашақтар осы тамаша әдіс –тәсілдерді пайдаланудың иновациялық ұялы телефондар арқылы коучинг сессиямды «Дарынды мен талантты оқушыларды» оқыту тақырыбында жалғастырамын. Соның нәтижесінде сыныбымда жаман оқушы дегенді жойямын. Осы сессиямнан кейін болашақта:
1. Ұялы телефондарда желілер арқылы үй тапсырмасын беру
2. Планшеттер мен Интернеттер арқылы үнемі шығармашылық байланысты орнату.
3. Сыныбымның жеке блогын ашу;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Мұғaлiмгe apнaлғaн нұсқayлық ІІ деңгей
2.«Қaзaқcтaн Pecпyбликacы педaгoг қызмeткepлepiнiң бiлiктiлiгiн apттыpy кypcтapының Бaғдapлaмacы,eкiншi дeңгeй» 2012
3.Мeктeптeгi тәжipибe кeзiндeгi тaпcыpмaлap
4.Интepaктивтi oқытy әдiciн қoлдaнып сaбaқты жocпapлay жәнe бacқapy. Aлмaты,2014.

Источник: http://Adil_bope_jan@mail.ru
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: adil_bope_jan (2015-02-14) | Автор: Сыздыкбаев Адилжан Махмутжанович E W
Просмотров: 1176 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 8:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru