Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ілияс заман құрсағында мәңгі жырланатын ақын
Ілияс жансүгіров заман құрсағында мәңгі толғатқан ақын....

Кеңпейіл қазақ қоғамының арманы мен мұраты қатар жүрген заманда өзгерістер мен өткелдер көптен кездесіп тұрды. Бір жағаға толқын ұрып шығарса, бір жағадан шағала шарықтап келіп іліп алып кетіп жатты. Ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып, азаттық ұлттық ұрандар мен қазақ жастарын баурап, өздеріне тартып, серік қылған еді. Сол себепті де қазіргі қоғамның жастары Ілиястай алыпқа серік болып қанша жаз бен көктемде, қыс пен күздерде оның өлеңімен сырласын, шығармашылығын ой санасынан өткізеді. Осы салада Ілиястың бір тамшысы болсада оқушы жүрегіне себелеп жүрген ұстаздар ақынның шығармашылығына арналған үйірмелер мен оқуларды жүргізіліп, ақын мұрасына талай рет республика көлемінде танытуда. Осындай ұлы ақынның өмірі ұлы поэма дейтін болсақ, сол поэмада заманның торқауы мен толқынына төтеп беріп, өзінің жан қилы өміріне ерекше сезіммен із қалдырған құлагер ақын Ілияс Жансүгіровке 120 жыл толып отыр. Ақын шығармашылығы ұлы рух пен тәрбиеге толы. Педагогика саласы үшін негізі бағыттағы тәрбие көзі фелетоны еді. Сол фелетондары арқылы оқушы жүрегінің әртістік тұрғыда ойнап соғуы ерекше бір өзгерістің белгісі ретінде қаралып жүр. Жансүгіров шығармашылығын мектепте оқыту бойынша әр сыныптардың жыл бойғы өтіп, атқарылатын шараларына байланысты оқуға дайындау, мектепішілік байқауын өткізіп облыс көлеміндегі нәтижелі жұмыстармен жалғасуда. Биыл Ілияс оқуының 120 жылдығы қарсаңында «Ілияс Жансүгіровтың оннан аса ұйымдастырылып келе жатқан оқуы жалғасын табуда. Бұл байқуада Республиканың түпкір- түпкіренен келген балғындар Ілияс шығармаларын дәріптеп өз шамалары бойынша сынға түспек. Ол әрине Ілиястың туған жерінде өзінің аунаған топырағында шырағын жағады. Жетісу жерінің құнарлығы мен оның таза ауасы, мөлдір суы, шұрқырай аққан жеті өзені ақынның қан тамырларына ағыстай болып ағып, таза ауасымен желдей есіп, жүрегіне өлең дейтін құрақты жасыл желкелі жапырақты сыйға тартқан екен. Сол жапырақтары қанша жаңбыр менен қанша әппақ ақ ұлпа қарменен бірге келіп жайқалып, мәңгілік өмірге айналуды. Жеті өзеннің бойымен бойлай аққан ағынды сулар маңындағы халыққа өзінің ағынды жырлары арқылы сусып отырған халықтың шөлін басқан. Өз бақшасын жайқалтып кеткен еді. Сол бақшада бүгінде қаншама жаыл желекке бөленген балғындар жүр. Өз елінде қаншама халық Ілиястың мұраларын көзінің қарашығындай сақтауда. Шынымен де, дүрбелеңге толы өмірде аядай ғана ауылдан арынымен ақталып шыққан ақынның қайраты жігерлі рухы биік елі асқақ.
Ілиастың «Өз елін, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алар кемегерді!!!» деген ұлы сөзі ұлылыққа саяды. Жасындай жарқ еткен өмірде артына жалынды жыры мен жарқын бейнесін қалдырған ақынның жауыннан кейінгі шыққан саңырауқұлақтай қаптан інілері, балалалары келе жатыр. Өз ерлерімізді ескеріп, өз еліміздің нақты мәселесін талқылауда кеменгер ақынның ұлы тұлғасын жетісу жері ұмытпауда. Өзінің туған жерінде Ілияс Жансүгіровтың құрметіне үлкен шара болып өткені осыған куә. Өйткені, үш ауданның Ілиясқа арнаған компазициялары мен арнаулар Ақсу жерін әуелі жырға бөледі. Осындай игі шаралар жиірек ұйымдастырылса аққудың қанатына жазылған Мұқағалидың жыры секілді, Құлагердің жалындай болып желпір ме еді?!
Білім саласында ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты әр түрлі бағытта сағат сандары белгінеген. Ұлы тұлғаның 5 - сыныптар ақын екенін танып, оның патриоттық тұрғыдаға «Ағынды ақсу» , «жетісу сертері» секілді өз табиғаты мен туған жерін аялап сүюді дәріптесе, 6 – сыныпта берілсе, 7 – сыныпта ақынның өмірінің негізгі кезеңдері Ілиястың жалынды жастық шағымен тұспалданған. 8 - сынып халықауыз әдебиеті мен ежелгі дәуір әдебиетінің бағыттарымен кетіп, ақын шығармашылығы берілмеген. 9 – сыныпта ақынның шығармаларын «Құлагер» аттың нақты желісі мен шабысын береді де, ақының өмір майданында бел шеше кірісіп, алашшылардың арынынмен репрессия жылдарымен ұштастырады. 10 сыныптарда Ілиястың мұралары берілмеген. Бұл сыныпта тек қана әнші сазгерлер мен зар заман ақындары бейнелсе, 11 – сыныпта оқушылардың ой – өрісі мен мақамын, зердесін кеңейту мақсатында өз туған елінің Құлегін таныуға ықпал жасауда. Оқушыларымыз үнемі осы сағаттар барысында көптеген өлең жолдары мен арнаулар құрастырып өз талабын ақын өлеңдері арқылы шыңдауда. 9 сынып оқушысы ақнның атына «Ақын арыны» атты арнауын былай келтіреді:
Ақының арыны жалынды еді,
Жүрген қадамы арынды еді.
Жалынмен бірге өртенді де,
Су болып оны сөндіріп еді.
Міне, сондай ақыным жалынды еді. Деп қайталама ұйқас арқылы өз лебізін білдірсе, 11 сынып оқушысы________________
«Ақтарылды ақ сандықтан жыр үміт,
Болғандай боп жүрегімде бір күдік.
Сол күдікті сейілтетін жалғанда,
Ілияс атамнан ұлы жыр көрдік» Деп өз жүрегінің үнін білдірсе, 9 сынып оқушысы_______________________ «Ақынға арнау» жазып:
Мен ақынмын ата!!!
Алаштың үнін жалғаған.
Күнде де түнде, өлең жайлы толғанам.
Ер жетіп, елім жырдан түңілсе,
Сіздей болып қаламымды қолға алам!!!! дейді де, жыр қайратын дамытып, оны шыңдай түседі. Ал, 11 сыныптың оқушысы_____________________________ «Ақынның шығармалын туралы зерттеу жұмысы» ізденіп тауып, өз білімін ақынның шығармаларымен толықтыра түскен. Әр тарауларында ақынның алғашқы өлеңге келуі, оған себеп болған жағдайлары туралы көптеген мәліметтер келтірген. Шығармашылығының ұлы дүрелеңмен бірге келген уақыттағы қиын қыстау шақты бүге-шүгесіне дейін зерттеп оны талдаған. Міне, осындай жалынды, дарынды оқушылардың жүрек үнінен шыққан тамаша зерттеулер мен арнауларды ақынның мұрасы ретінде жалғастырып оның жеке архивін салуда десек қателспеген болары едік. Ақынның шығармашылығын келте болып жатқан тұстары да жетерлік, өйткені кейбір жерлерде ақынның шығармашылығы дұрыс та дәріптеліп жатқан жоқ. Тек қана арнайы келген бұйрықтар арқылы оның міндет ретінде қарап ұстаздар ол жарысқа бір немесе екі күн қалғанда әйтеуір әупірімдеп баланы шала-пұла дайындап шығарады. Ал, ол бала белгілі қазылардың алдына барғанда өзінің білгенін ұмытып, ақынның өлеңіне деген құрметтен айырады. Біріншіден баланың сағы сынады, екіншіден құлагер ақынның қандай өлеңін алып шыққанын білмей қалады. Бұл да болса ақын жырының дұрыс дәріптелмеуінің себебі десек қателеспеген болар едім. Тағдырына ауырпашылықты орната отырып қазақ деген мелекетке ұлы әдеби мұраны сыйлап оның дамуына үлес қосқан жерлес ақынымыздың еңбегін бір-ақ сәтте жоққа шығару ол қазақ тілі мамандары мен оның айналасындағы адамдарға үлкен сын болар еді. Кезінде Мұқағали «бір күні шаң басқан архфивтерден табылармыз...» деген жүрек жалыны осы кезде орындалып жатқан да секілді. Басқа ақындарды қоя тұрып, өз жерлесіміздің шығармаларын білмей қалып жататн кездер де кездеседі. Шынымен де Ілияс мұраларын еске түскенде шаң басқан архивтерден тауып алып оның дәріптеп жатамыз бұл дұрыс емес дүние. Бұл ұлттық құндылық. Сол себепті де қосымша сабақтардың көбірек болуы өз шәкірттеріміздің патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу, Ілиястың тек бір ғана «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін оқу, оны жаттап алып біреу сұрағанда «Міне, менің осындай ақыным бар, осындай жерден келдім» деп мақтанышпен айтып тұрса қандай тамаша болар еді. Осының нәтижесінде мектебімізде әр сыныптардағы арнайы ұйымдастырылған қосымша сабақтар нәтижесінде әр оқушыға әр қаны бойынша арнау шығару тапсырмалары беріледі. Сол тапсырмалар нәтижесінде оқушылар ақынның шығармашылығы мен оның өнерін таныстырып шығады. Жыр ұшқындары аспан төрінде қалқып ақынның шабысына шабыс қосып жатқан балғын балалардың бал тілді өлеңдері өзегіңді өртемей қоймасы анық. Деген менде заманның тыныштығы құшағыңа зор үміт мен мақтаныш сыйлайды. Әлемдегі дүрбелең мен дүмпулерден ада Қазақстанды Ілиястай дараларымыз бізге сыйға тартып кетті. Өздерінің өлеңдері арқылы өз өмірлерін тәуекелге байлады. Қоғамдық өзгерістер мен өмір өткелдерінің арасынан суырылып шығып, жан айқайын салды. Жүрек тұсына қадалған қанжарды жалаңаш қолмен сурып, одан аққан қанды тап таза мөлдір сумен жуды. Осындай ұлы дүрбелеңнен жыры арқылы халықтың жүрегінде қалған ақынды өз ұрпақтары елеп, оның жырларын дәріптесе жақсылықтың белгісі емес пе?! Оқушылар арасында осындай талантқа ие балғындар жетерлік. Себебі, әр жыл сайынғы Ілияс оқуының үлкен көлемде өтіп оған әр өңірден жалынды жастарымыз бен балғын шәкірттеріміз қатысып өр рухты ақынның шығармаларын зерттеуінше зерттеп, өз мүмкіндігінше жыр додадан үлестерін жеңіп алып жүр. Міне, осындай өлеңдер арқылы оқушылардың жүрек үнін естуге болады. Бұл өлеңдерден қазақ қоғамының өркениеті мен өрісін білуге де болады. Өйткені, ғасырлар бойғы шүберекке түйіліп, түйінін шешілмей жатқан толғаныстарды, толқынмен бірге тербетіп аққу болып әнін салып, ақындық рухмен құлагеріне шабыс қосуда. Жетісу жерінің саф ауасы Ілиястай ақынды тудырды, оның ақындық жолына мұрат берді. Сонмен бірге Ілиястай қаншама қандардың тұсауын кесіп өмірге жол ашты. Қаншама балғын өз жырларымен елінің патриоттық намысын оятты. Қаншама жанұя Ілияс арқылы махаббаттың ыстығын сезінді. Қаншама жаз бен күз Ілиясқа арнау шығарды. Қаншама дарындылар Іиястың мұратын зерттеп, Тұрсын Жұртпай Абайды зерттегенде айтқандай: «Ілиястың клеткасына кірді.» Мағжанның «Толқынды толқын қуады, толқынан толқын туады» деген жолдары мін, бүгінгі күнге, біздің заманымызға тура келгендей. Толқынды толқын қуды, толқыннан толқын туды. Жыр елі, жетісу өз ақынының арынын болашақ деген ұрпаққа мәңгілікке сыйлады.Осындай ұлы елі барда ақынның ұлы мұраты жалғаса бермек! «Ілияс ана құрсағында тоғыз ай толғатса, өмір құрсағында мәңгі толғатпақ...»

Источник: http://adil_bope_jan@mail.ru
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: adil_bope_jan (2015-02-14) | Автор: Сыздыкбаев Адилжан Махмутжанович E W
Просмотров: 1326 | Теги: 11111111 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 2:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru