Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ Мақал-мәтелдер
Сабақтың тақырыбы : Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Халқымыздың асыл қазыналарының бірі – мақал- мәтелдердің ерекшеліктерін аңғарту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сабақта білімі мен белсенділігін арттыру, мақал-мәтелдерді ауызекі сөйлеу тілдерінде қолдана білуде сөйлеу мәнеріне көңіл бөлу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, суреттер, кадаскоп, көрнекілік әдісі.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі мен әдебиеті.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Жаңа сабақ түсіндіру

1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Жаңа сөздермен таныстыру
Халық даналығы –народная мудрость
Көрген-білгені – все, что увидел
Ереже – правила
Сынайды – критикует
Тәрбиелейді – воспитывает
Мағына – значение
(Тақтада келесі кесте)

Мақал-мәтелдер

Аз сөзбен көп мағына береді

Халық ауыз әдебиетінің бір түрі Жақсылыққа тәрбиелейді

Жамандықты сынайды
Ойда тез,жеңіл сақталады

Көлемі қысқа
Мұғалім сөзі: Мақал-мәтелдер ұрпақтан-ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, біздің заманымызға жеткен. Мақал-мәтелдерде халқымыздың талап-тілегі, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, үміті шебер кестеленген.
М: Мал баққанға бітеді деген мақалдан қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғанын білеміз.
Мақал- мәтелдер адамды оқу-білімге, еңбек етуге, жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.
1. Оқу – инемен құдық қазғандай
2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
3. Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

Сонымен қатар жаман қасиеттерді сынайды:
Жаманға айтқан ақылың, далаға атқан оқпен тең.
Өз елін, жерін сүюге, қорғауға насихаттайды:
1. Отан – оттан да ыстық.
2. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Мақал- мәтелдерде метафора, антитеза,антоним сөздер көп кездеседі:
М: «Аз сөз – алтын, көп сөз – күміс» деген мақалда аз сөзді – алтынға, көп сөзді күміске балап тұр (метафора ).

Келесі мақал-мәтелдерден антоним сөздерді табыңдар :
1. Ер ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
2. Дос сыртынан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Антонимдер кездесетін мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріңдер:
Сандықшадағы қиықшамен 2-ге бөлінген, мақал-мәтелдердің жалғасын табу .
1. Отансыз адам ормансыз бұлбұл
2. Денсаулық зор байлық
3. Кітап алтын қазына
4. Туған жер алтын бесік
5. Өмір үлкен мектеп
6. Мектеп – кеме білім – теңіз
7. Татулық табылмас бақыт

Келесі мақал-мәтелдерді қазақ тіліне аударыңдар:
1.Любовь к Родине зарождается у семейного очага.
2. Родины тепло – огня жарче.
3.Родная земля – золотая колыбель.
«Шын» немесе «Жалған» ойыны. Дұрыс және бұрыс сұрақтар қою арқылы оқушылардың сабақтағы білімдерін тексеру,өз ойларын дәлелдеу: Кадаскопта көрсетілген сөйлемдер:
1. Мақал-мәтелдер – халық ауыз әдебиетінің бір түрі
2. Мақал-мәтелдер адамды жамандыққа тәрбиелейді
3. Мақал-мәтелдер ойда тез және жеңіл сақталады
4. Мақал-мәтелдердің көлемі өте үлкен
5. Мына мақал Отан туралы :
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
6. Мақал-мәтелдер жамандықты сынайды.
7. Мақал-мәтелдер аз сөзбен көп мағына береді

«Концептуалдық кесте» толтыру.

Мақал-мәтелдер Тақырыптары
1. Денсаулық-зор байлық . . .
2. . . . Өнер - білім
3. Досы көпті жау алмайды . . .
4. . . . Еңбек
5. Ырыс алды – ынтымақ . . .

Көп нүктенің орнына не мақал, не тақырыбын жазады.
Сабақты қорытындылау: Мақал-мәтелдер туралы түсінгендеріңді айтыңдар
Үйге тапсырма :21-22 б. мазмұндау, жаңа сөздерді жаттау :туған жер, Отан туралы өздерің мақалдар шығарып келіңдер.
Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульнар64 (2015-02-14) | Автор: Гульнар E
Просмотров: 1387 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:59 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru