Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиеті (сайыс сабағы)
Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиеті
(сайыс сабағы)
Мақсаты:
1. Білімділік: талантты ғалым, публицист әдебиет зерттеушісі, ер жүрек саясат-географ Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, өз білімдерін өмірде қолдану дағдысын дамыту.
3. Тәрбиелік: ұлы ғалымның өмірін өнеге тұту, оқушылардың бойына білімге құштарлық сезімін сіңіріп, оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шоқан Уәлихановтың портреті, қосымша әдебиеттер, плакат.
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Мұғалім: Сонау бір тарихтың елең-алаңында бұдан 175 жыл бұрын қазақ даласында қазіргі ғылым, мөдениет және қоғамдық өмірдің көптеген салаларының тұңғыш бастаушысы болған бала дүниеге келді. Баланың есімі Мұхамедханафия еді, бірақ ол әлемге Шоқан есімімен әйгілі болды.
Ұлы қазақ ғалымы және әдебиетші Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов найзағайдай жарқ еткен өте қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды оқиғаға толы ғұмыр кешті. Сол себептен біз “Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиеті” атты тақырыпқа сайыс ұйымдастырып отырмыз. Сайысқа 2 топ қатысады.
1 топ: “Білімділер” (10 “А” сынып оқушылары).
2 топ: “Білгіштер” ( 9 “А” сынып оқушылары).
2. Әділқазылар алқасын сайлап алайық:
1. Оқу ісінің меңгерушісі: Бекіш Ғалия Орынбайқызы
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Секенова Аягөз Майрашқызы
3. Кітапханашы:Әбішова Күләйім Балтабайқызы.
3. Сайыстың шартымен таныстырып кетейік:
І кезең : «Кім көп біледі?» (Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі бойынша).
ІІ кезең: «Бәйге». Сұрақ-жауап. (Әр топқа он сұрақтан қойылады).
ІІІ кезең: «Топтастыру» әдісі. (Шоқан Уәлиханов кім?) Жауапты ауызша дәлелдейсіздер.
ІV кезең: Үй тапсырмасы:
1-топ. «Білімділер». Плакат арқылы оқушылар Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Сырымбет ауылындағы «Айғаным қыстағы» мұражайы туралы таныстырады.
2-топ. «Білгіштер». Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен шағын көрініс.
Сайысымызды бастамас бұрын «Шоқан Уәлиханов» туралы электрондық оқулықты тыңдайық. Сөз кезегін кітапханашыларға берейік. (Кітапханашылар сөйлейді).
Іске сәт, - деп І кезеңді «Кім көп біледі?» (Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі бойынша) бастайық:
1. Өмірі мен қызметі.
Шоқан (Мұхаммедқанпия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысындағы белгілі қоғам қайраткер, үлкен ойшыл ғалым, демократтық-ағартушылық мәдениеттің негізін салған қазақ зиялыларының бірегейі еді. Оның қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен алатын орны ерекше. Өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғылымы мен мәдениеті дәстүрінде терең білім алған Шоқан Уәлиханов философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрапия, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы жайында және тағы басқа ғылымның әр саласы бойынша көптеген құнды еңбектер қалдырды.
Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген,балалық шағын Сырымбетте өткізген.
Әкесі Шыңғыс- Абылай ханның немересі, орысша білім алған, полковник, екі рет Петерборға патша алдына барған,аға сұлтан болған адам. Осындай отбасында тәрбие алған Шоқан да жасынан білімге құштар болады.
2. Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
Шоқан (Мұхамедқанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы.
1835 жылы қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде, аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.
Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таниды. 1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды. Зерттеушілік қабілеті осы оқу орнында оқып жүргенде оянған. Сабақтан тыс уақыттарында көп оқып, саяхатшы болуды армандайды. 1853 жылы 18 жасында кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалдырылады. генерал-губернатор Гасфоттың адъюданты болып тағайындалады. Әскери қызметте жүріп, Орта Азия Халықтарының тарихы мен әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын, жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.
3. 1855 жылы Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды.
1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыз халқының “Манас” жырын бірінші рет баспаға ұсынып, жоғары баға береді.
1857 жылы 2 ақпанда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады.
1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқария саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүниежүзілік ғылымға қосқан зор үлесі болып табылады.
1859-1861 жылдары Петербургте шығармашылық қызметпен айналысады, Петербург университетінде дәрістер тыңдайды.
1861-1863 жылдары денсаулығы нашарлаған Шоқан елінде болады.
1863-1864 жылдары Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан «Сот реформасын» дайындау ісіне қатысады.
1865 жылдың сәуірінде Алтынемел тауының баурайында, Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
4. Шоқан Уәлиханов әр алуан ғылым саласын меңгерген энциклопедист ғалым еді. Оның жағрафия, әдебиет, этнография, тарих, экономика, құқық, дін, т.б. саласында құнды-құнды еңбектері бар.
5. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың кіндік қаны тамған Құсмұрын бекінісінің ескі жұрты қазіргі Қостанай облысы, Семиозер ауданы. Шоқанның анасы Зейнеп қазақша хат таныған, өз заманының көзі қарақты, адамгершілігі мол жан еді. Әжесі – Айғаным парасатты, терең ойлы, әрі көреген, білімді адам болған.
6. Арғы атасы Абылай хан (1711-1781) – қазақ халқының саяси-әлеуметтік өміріне қырық жылдан астам уақыт ықпал етіп, билігін жүргізді.
7. Атасы Уәлихан – Абылайдың үлкен баласы, орта жүздің соңғы ханы. Абылай өлгеннен кейін 1782 жылы қазақ дәстүрімен ақ киізге салып хан көтереді.
8. Әкесі Шыңғыс Уәлиханов (1857-1853) Аманқарағай округінің аға сұлтаны, кейін Құсмұрын атанған бұл округке қатарынан бес рет аға сұлтан болып сайланады. Шыңғыс ғылым мен ағарту ісінің қазақ даласындағы қамқоршысы. Петербург пен Мәскеудегі география және антрапология қоғамдарына танымал болған.
9. Айғаным Сарғалдаққызы (1783-1853) – Уәлидің кіші әйелі, Шоқанның әжесі. Айғаным балаларының білімге, ғылым жолына түсуіне ықпал еткен.
10. Шоқан-әдебиетші-ғалым.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов- заманының жан-жақты білімдар ғалымы, ізденімпаз саяхатшысы болумен бірге, туған елінің әдебиеті мен мәдениетінің тарихын тұңғыш зерттеушісі де. Ол қазақ, қырғыз халықтары туралы елеулі еңбектер қалдырды. Қазақ елін, мәдениетін орыс жұртшылығына танытуда олардың маңызы орасан зор. Ең алдымен, Шоқан қазақтың ертеден келе жатқан халықтық мәдениеті мен ерте танылған басқа елдердің әдебиетімен салыстыра қарады. «Біздің халқымыздың көркемдігі жағынан қалыспайтын өскелең әдебиеті бар. Бұл әдебиет шығыс халықтарының өлең-жырларынан гөрі, индо-герман өлең жырларына жақынырақ»,- дейді ол.
Ол халық аңыздары мен ертегілерінің негізін де өмірмен, шындықпен байланыстырады. « Егер Гомердің поэзиялық аңыздарынан, Герододтың ел ауызынан жинаған ертегілерінен аздап болса да тарихтық қасиет тапсақ, егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір ертегінің негізінде шындық жатады десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-бабаларының тарихы мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек»,- деп жазды.
11. Шоқан Уәлиханов және қазақ әдебиеті.
Шоқан алғашқы әдебиетке араласқан сәтінен бастап-ақ қазақтың бай ауыз әдебиетінен сусындап өсті. Жай ғана сусындап қоймай,ол осы қазынаны орыстарға, ары қарай әлемге танытушы да болды. Шоқан «Қозы Көрпеш-Баян-Сұлу» жырын хатқа түсіріп, Н.Ф.Костылецкий ұсынса, аталмыш ғалым бұны И.Н. Березинге береді. Шоқан Уәлиханов жазып алған жыр аса көркемдігіменен, ескі және көнеден жеткен айшықтармен ерекшеленеді.
12.Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде қайтыс болды.
ІІ кезең. Сұрақ-жауап.
1. Шоқан Уәлихановтың шыққан тегі кім?
2. Шоқан Уәлиханов қай жерде туды?
3. Шоқан қай жылдары Омбы кадет корпусында оқыды?
4. Шоқанның ұстаздары кімдер болған?
5. Шоқанның орыс достары кімдер?
6. Шоқан қазақ халық поэзиясын неше топқа бөледі?
7. Шоқанның атасы кім?
8. Шоқанның әжесінің аты кім?
9. Шоқанның анасының аты кім?
10. Шоқанның әкесі кім?
11. Шоқанның ескерткіші бар қалалар?
12. Шоқан қайда саяхаттар жасады?
13. Шоқанның шын аты.
14. Шоқан жазып алған қырғыз жыры.
15. Шоқан оқып, білім алған қала.
16. Шоқанның ауыз әдебиеті жөніндегі зерттеулері.
17. Шоқан туралы қандай шығармаларды білесіздер?
18. Шоқан басқа жолдастары үшін де, мен үшін де «Европаға қараған терезе болды», - деген кім?
19. 1854-1855 жылдары қай жерлерді Шоқан Уәлиханов аралады?
20. Шоқан Уәлиханов қай жылы қайтыс болды?
ІІІ кезең. «Топтастыру» әдісі.

тарихшы әдебиетші зерттеуші

адал дос публицист

Шоқан Уәлиханов

саяхатшы ғалым

этнограф суретші философ

IV кезең. Үй тапсырмасы:
1-топ:
Плакат арқылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Сырымбет ауылындағы «Айғаным қыстағы» мұражайы туралы таныстырады.
Плакатты дайындағандар: 10 «А» сынып оқушылары: Сералиева Салтанат Қайратқызы және Тасмағанбетова ардақ Сержанқызы.
2-топ:
Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен (шағын көрініс).
Шағын көріністің қойылымға дайындаған 9 «А» сынып оқушысы: Әскеров Әкежан Қонысбайұлы.
Бала Шоқан
Мысық әртүрлі ойыншықтарымен жерде отырады. Құнанға мініп Шоқан келеді.
1.Шоқан: - Ей, Мысық, аман ба? Мына ойын шықтары кім істеді?
2.Мысық: - Өзімдікі, өзім істедім.
- Иә, бермеймін.
3.Шоқан: - Ей, Мысық немене, өзің сонша қорқақсың? Алмаймын, көрейін.
4.Мысық: – Жоқ сенің құнанның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын. Кеше әлгі 1 тентек бала өзімді сабап кетті. Сен тимейсің бе?
5.Шоқан: -Жоқ, мен алып қашпаймын. Тек көремін.
- Тек көремін.
- Сен, немене, мені жатырқап қалғансың ба?
- Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
6.Мысық: - Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың.
7. Шоқан: - Қорықпа, мен тимеймін. Кәне, көрсетші, өзің ұстасың ғой. Ақысына не аласың, маған ана балшық атыңды берші?
8.Мысық: - Не бересің ,бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?
9.Шоқан: - Беремін, сен маған ойыншығыңды бер. Біздің үйге жүр, апаннан көп қант, бауырсақ әперемін.
Мысық ойыншықтарын береді, екеу шығып кетеді.
Мұғалім:
Сөз кезегін әділқазыларға береміз. (әділқазылар сөйлейді).
Мұғалім:
Тәрбие сағатымызды Шоқан Уәлихановтың сөзімен аяқтағым келеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек».
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kalieva (2015-02-16) | Автор: Жанар E
Просмотров: 2082 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 8:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru