Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ӘДІС-ТӘСІЛ ЖҰМЫСТАРЫ»
Бүгінгі күні біз жаңа дәуір – жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болмақ. «Баланы тәрбиелеушінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай ұрпақ тәрбиесі – ел алдындағы маңызды міндет болып табылады. Еліміздің қоғамдық-экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты, парасатты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, мұғалімдер қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Қазақстан Республикасы Президентінің ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай: Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Жалпы білім беру мектептеріне заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептердегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Осы мектеп оқушыларының ішінде қазіргі заман талабына сай, ой - өрістері кең, дарынды, шығармашылық қабілеттері бар оқушылар көп.
Қазіргі заманға сай жеке тұлға қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол – жаңашыл, шығармашыл мұғалім. Мұғалімнің шығармашылығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу мен жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады. Әрбір жеке тұлғаның бойында өнерге, шығармашылыққа,спортқа деген ынтасы, дарыны болады. Ал, оқушы бойындағы дарындылықты байқап, әрі қарай шыңдау мұғалімнің шеберлігі. Мұғалім дарынды балаларды анықтаған кезде - өз алдына және оқушының алдына мақсат, міндет қоя білу керек.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Менің ойымша дарынды оқушы ол:
 Қазіргі озық технология негізінде әлемдік ақпараттан хабардар болуы;
 Алған мәліметтерді өз ой- елегінен өткізіліп, қабылдауы;
 Ғылыми – әдеби шығармашылықпен айналасуы;
 Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы;
 Толыққанды ой-санасы артқан тұлға;
 Өзіндік ой-пікірі қалыптасқан оқушы;
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында: ақпараттық – комуникативтік, модульдік, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану оқушылардың білімдерін шыңдап, дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түседі деп ойлаймын.
Менің тәжірибемде ақпараттық – технологияларды қолданудың тиімді жақтары:
 Ақпараттық технологияны қолдану мұғалім үшін тиімді;
 Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады;
 Білім сапасын арттыра алады;
 Оқушының білімін кез-келген уақытта бағалай алады;
Ал ақпараттық жаңа технологияны қолдану оқушыға не береді?
 Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігінің өсуімен қатар шығармашылық
шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
 Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады;
 Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі;
 Уақытты үнемдейді;
 Қайталау мүмкіндігі кеңейеді;
 Орындаған жұмыстарының қателіктерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызып, шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек деген оймен толық келісемін.
Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
Дарынды оқушының бойындағы шығармашылықты дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыруға болады:
 жеке жұмыс;
 әр шығармашылығына көңіл бөлу;
 әдеби шығармалар бойынша эссе жазу;
 ақын-жазушылар туралы мәлімет жинау, талқылау;
 шығарманы өз бетінше аяқтау;
 мектепішілік, қалалық, облыстық сайыстарға қатысу;
 сабақ тақырыбына байланысты кездесу ұйымдастыру, мұражай, көрмеге,
ескерткіштерге саяхат жасау;
 ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулу;
 шығармашылық ойлауын дамытатын ойындар өткізу, сайыстар ұйымдастыру және
тағы басқалар.
Жеке жұмыс — оқушылардың сабақта немесе үй тапсырмасын өз бетімен орындау кезінде орындалады. Оқушы берілген тапсырманы орындайды, ал мұғалім тексеріп бағыт-бағдар береді.
Мақсаты: баланың сөздік қорын, логикалық ойлау деңгейін, себеп-салдарлық байланысты білуге құмарлығын анықтау.
Мысалы, мынадай тапсырмалар беріледі.
Өткізілу барысы: балаға келесі ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру ұсынылады:
- Алтын сақа –жалмауыз кемпірге
- Тазша бала- тазша балаға
- Үш жетім зерек бала –үш балаға
- Хан мен құмырсқалар-ханға
- Мақта қызбен мысық-мақта қызға
Мақсаты: баланың сөздік қорының көлемін анықтау.
Өткізілу барысы: балаға келесі сөздер айтылады, ол оның бірнеше орыс тілінде баламасын, берілген уақыт ішінде айтуы керек: әдемі, жалқау, еңбексүйгіш, жақсы, жаман, терең, және т.б.
Мақсаты: баланың дос туралы түсінігін және қарым-қатынас деңгейін анықтау.
Өткізілу барысы: балаға белгіленген уақытта келесі сұраққа жауап беру ұсынылады. Әр сұраққа жауап беру 15 секунд уақыт беріледі.
1. Сенің ең жақын досың бар ма?
2. Сенің досың бір іспен айналысса, сен де сол іспен айналысар ма едің?
3. Сен досыңа ұнамайтын нәрселерді жасап көрдің бе?
4. Егер жасасаң соңында не болды?
5. Сыныптағы бірге оқитын немесе жақын достарыңның сені ұнатпайтын кездері бола ма? Болса, себебі неде деп ойлайсың?
Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: директор1730 (2015-02-17)
Просмотров: 1613 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru