Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

А. Сейдімбек «Әйел-Ана»
Сабақтың тақырыбы: А. Сейдімбек «Әйел-Ана»
Сабақтың мақсаты:
1. Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. «Әйел-Ана» ертегісінің мазмұнын меңгерту, ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру.
2 Ертегі бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3) Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,топтық жұмыс.
Көрнекілігі: А.Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы бойынша слайд,
өлең жолдары, мақал- мәтел, суреттер,мәтін, плакат.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ә.Тәжібаевтің «Толағай» ертегісі бойынша «Елімнің толағайлары» деген тақырыпта жазған шығармаларын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Оқушыларға слайд арқылы Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылы -ғы жайлы түсінік беру.
Ол 1942 жылы 22 желтоқсанда Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында дүниеге келген. 1963-1968 жылдары ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. 1968-1975 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, 1975-1976 жылдары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, 1976-1983 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.
1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА-ның М.О.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1997 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры, 1998 жылы Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының президенті болып тағайындалды.
1999 жылы ҚР Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2000 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде еңбек етті.Ақселеу Сейдімбек 8 монографияның, бірнеше ғылыми еңбек пен оқу құралдардың және 400-ден астам мақаланың авторы.

ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.
«Әйел- ана» ертегісін өтпес бұрын «Ана» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді?( оқушыларға күннің шапағы таратылады, оқушылар ана бойындағы жақсы қасиеттерді жазып, тақтаға іледі ) .
V. «Әйел- ана » ертегісі бойынша әр топқа мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды. Мазмұнын меңгереді. Әр топтан бір оқушы шығып, ертегінің мазмұнын айтады.
VІ. Шығармашылық тапсырма.
І- Топ
«Әйел-Ана » ертегісіндегі анаға ақ тілек.( Әр оқушы анаға арнап тілек жазады).
ІІ-топ
«Ана» туралы мақал- мәтелдер таратылады. Оқушылар берілген мақал- мәтелдерді өз орнына қойып, құрастырады.
1.Мейірімі мол ананың,
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның,
Жүзі жылы, жолы кең.
2.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды.
ІІІ- топ
Өлең құрастыру.Өлең жолдары жазылған қима қағаздар таратылады, оқушылар өлең жолдарын өз орнына қойып, орналастырады.
Асыл анам нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.

Қорытынды.
Әр топқа плакат пен суреттер беріледі. Оқушылар ертегі желісі бойынша суреттерді орналастырады. Орналастырған суреттерін әр топтан бір оқушы шығып, қорғайды.
«Асыл ана» әні орындау.
Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
«Жүрегімнің жарық жұлдызы» тақырыбында эссе жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мака (2015-02-26) E
Просмотров: 2022 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru