Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Павлодар облысы, Ертіс ауданы,
«Қоскөл жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Беспаева Айсұлу Оразқызы

Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Бүгінгі таңдағы оқыту үдерісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір – көзқарастарын нақтылап, жаңа үғым – түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну (Нұсқаулық, 7 бет).
«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізіндерімен таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. Мектептегі практикада сабақтарымда кеңінен қолданған әдіс – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына тоқталғым келеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Басты мақсаты оқушыларға кез – келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Оқушылар ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім білімді беруші болса, жаңа оқыту әдісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер - оқушы. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Оқушылар өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта нашар және қимыл қозғалыстары баяу оқушылар сөйлеп, тез ойланып өз ойларын айтуға талпынды.
Мектептегі тәжірибе кезінде сабақтың жоспарына оқушылардың жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту мақсатында сұрақтарды жабық сұрақтардан ашық түріне қарай беруді тиімді деп санадым.
Өз тәжірибемде оқытудың диалогтік тәсілдерін қолдануда топтық әңгімеге басты назар аудардым. Себебі, сабақ берген сыныбымда оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге тартынып тұрды. Ал топта жұмыс істегенде оқушылар меңгеретін материалды топта талқылап, бір - біріне айтып, тілдерін жаттықтырып алады. Содан соң сынып алдына шығып сөйлейді.
Мен «Қыз Жібек» жыры бойынша шығарманың сюжетін қайталау және оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге бағыттау мақсатында ашық сұрақтарды қолдандым. Мысалы: «Егер Төлеген әкесінің Қыз Жібек еліне баруына тыйым салғанына құлақ асса, тірі қалар ма еді?» деген сұраққа оқу үлгерімі жоғары Қарлығаш «Иә, тірі қалар еді. Себебі Төлегенді жолында тосып жатқан Бекежан өлтірмес еді» деп жауап беріп, өз ойын әрі қарай өрбітті. Оқу үлгерімі орташа Темірлан: «Жоқ, ол бәрібір тірі қалмас еді. Өйткені ол Қыз Жібексіз өмір сүре алмайды», - деді. Ал бұл сауалға үлгерімі төмен Наурызбай қысқаша ғана «келісемін» деді. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрдым.Сондай-ақ, «Сен мысал келтіре аласың ба?» деген сияқты сауал қойып, оқушыны ынталандырып, бағдар беріп отырдым.
Топтық жұмыс жүргізу арқылы байқағаным: оқушылар сабақты өз еріктерімен қажеттілік ретінде қабылдады. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. Алдағы уақытта да топ мүшелері топ ережесін ұстанып, жұмыс істеуге тырысып отырды. Мен өз тарапымнан ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруға ықпал етіп отырдым. Мен оқушыларымның мінез - құлқының ерекшеліктерін жақсы білемін. Сондықтан маған сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру айтарлықтай қиындық туғызбады. Сыныбымдағы тәртіп ережелері мен нормалары сақталды. Оқушылар бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезінді. Олар топта, жұпта тапсырмаларды талқылау кезінде әңгімелесуге құлықты болды.

«Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша алған мәліметті тұжырымдамалық картаға салу кезінде оқушыларға тақырыпқа байланысты түрткі сұрақтар беріп отырдым. Мысалы: «Шешендік сөздердің ерекшеліктері қандай?», «Шешендік сөздер қандай түрлерін білесіздер ?»
Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.
Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:

Еркін жазу әдісін сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдаландым. Оқушыларға сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым. Жазуға уақыт бердім. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырды. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқыдық. Оқу деңгейі жоғары Қарлығаш өз ойын еркін жеткізе алса, оқуы орташа Темірлан қысқаша сабақта өткен тақырыпты жазып, нені әлі де біле түсу керектігін жазған жоқ. Білім деңгейі төмен Наурызбай ауызша жауап бергенде белсендірек болса, жазба жұмыстарында қиындық көреді. Ол өз ойын бір, екі сөйлеммен қорыта салады.
Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен « Менің оқушыларым не істей алады?» - деп ойланып аламын. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін-өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушыларымыз мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі жолы жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Бағалау кезінде өздері туралы көп ойланды, өздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде өзін-өзі реттеу әрекеті де көрініс тауып жатты. Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен , «үнсіз» оқушының сөйлегенінен , топтағы рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жатты. Жалпы мектептегі тәжірибеден кейін формативті бағалауды жүргізу нәтижесінде бұрынғы бағалау дұрыс болмағандығына көзім жетті. Оқушылардың бағалауға тікелей қатысуы олардың әдебиет сабағына деген көзқарастардың өзгеруіне оң әсер етті. Алдағы уақытта бағалаудың кейбір кемшілік тұстарына өзіндік талдау жасап, түзетуге әрекет жасауым керек. Сонда жоғары нәтижелерге жетемін деп сенемін.

Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ – ны қолдануды әр сабағымда ескердім. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр (Нұсқаулық, 61 бет). Осы курсты өтпес бұрын АКТ-ны қолдануды жаңа бастаған едім және оны өз пәнімде барынша қолдануға тырысатынмын. Бұл сабақ үстінде оқушылардың білім игеруіне көп септігін тигізетінін сол кезде түсінген едім. АКТ- ны бұрын көбінесе экран түрінде қолданымғанымды бетпе-бет кезеңінде теориялық материалды өтуде түсіндім. Ал сабақ үстінде АКТ-ны қолдану дегеніміз оқушының онымен тікелей жұмыс істеуі еді (флипчартта сызу, жазу сияқты). Мектептегі тәжірибеде мен АКТ-ны дұрыс, тиімді пайдалануға тырыстым. Мысалы, бірінші сабағымда тақырыпқа шығу үшін слайдтарды реттеуде интербелсенді тақтаны пайдаландым, сонымен қатар сергіту сәттерін ұйымдастыруда, бейнеклиптерді көрсету үшін экран ретінде қолданғаным тиімді болды. Сонымен қатар, сабақ үстінде электрондық оқулықпен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттыруға, қабылдау ерекшеліктері әртүрлі оқушылардың барлығын бір уақытта қамтуға мүмкіндік берді. Оқушылардың электрондық оқулықты қабылдауы да, жай оқулыққа қарағанда жоғары болды. Оқушыларға , әсіресе, жаңа мағлұматты интернеттен тауып алу қызықты болды. Мәселен, «Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығы», «Төле бидің өмірі мен шығармашылығы» сабақтарында оқушылар билер жайында қосымша мәліметті интернеттен тауып оқыды.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырғанғн байқадым. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылды. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады.
Оқушының оқу үдерісіндегі жетістігінің бірден – бір өлшемі бағалау болып табылады. Мектептегі тәжірибе кезінде сабақтың жоспарына оқушылардың өздерін дұрыс бағалай білу дәрежесін көтеру мақсатында оқыту үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдандым.
Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болатын барлық бағалау қажеттілігін талап етеді.
Бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін бес қарапайым фактор бар:
1. Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату.
2. Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру.
3. Оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату.
4. Оқу табыстылығының негізгі факторлары болып табылатын оқушылардың ынтасы мен өз қадір-қасиеттерін сезінуді дамытудағы бағалаудың мәнін түсіну.
Өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне білу (Оқу үшін бағалау: Қара жәшіктен тыс, 1999).
«Қыз Жібек» жыры тақырыбына өткен сабағымды ұйымдастыру кезінде айтарлықтай қиындықтарға тап болған жоқпын. Тек қана оқушылардың бір-бірін бағалау кезінде мен берген критерийлерге сүйенбей, өздерін көтермелеп бағалағаны қиындық туғызды. Олар өз пікірлерінде тұрып, менің дәлелдемелерімді тыңдағылары келмеді. Мен оқу үшін бағалауды дұрыс ұйымдастырмағаныма көзім жетті. Бұл қателігімді түзету үшін келесі сабақтан бастап оқушыларыммен бірлесіп, бағалау критерийлерін жасауды жоспарладым. Бұл әрекетім өз жемісін берді. Келесі сабақтардан бастап оқушылар өздерін бірігіп құрған бағалау критерийлерге сүйеніп, бағалай бастады.

Бағалау критерийлерін қолдану арқылы оқушылар өздерін дұрыс бағалауын үйренді. Сабаққа өзгерістер енгізу мақсатында мен суреттер арқылы бағалауды да ұсындым. Әр топтағы топ басшылары әділ және шынайы бағаларын қоюды үйрене бастады.

7 модулды қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жолымдағы белсенділігім арта түсті. Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты.
Қорытынды: өзімнің іс – тәжірбиемді қорыта келіп, мынадай түйін түйдім.
1. Сабақтарымды бағдарламаның жеті модулін ықпалдастырып өткізгенім кәсіби шеберлігімді жетілдіруге септігін тигізді.
2. Шығармашылық тапсырмаларды оқушының жас ерекшелігіне сәйкес бейімдеп қолданудан оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті арта бастады.
4. Оқушыларым өздерін, бірін - бірі бағалауды үйрене бастады.

Келесі қадамымды қалай жоспарлаймын? Оқушылармен топтық жұмысты жалғастырамын деп жоспарлап қойдым. Негізінен топтық жұмыс тек оқушыларға ғана емес, маған да оң әсер етті. Сабақ сайын мен оқушыларымның бұрын білмеген жақтарын көре білдім. Өзіме сын көзбен қарауға да үйрендім. Оқушылардың орнына өзімді қоюға, оларды түсінуге тырыстым. Алайда, бұл толық жүзеге асты деп айта алмаймын, сабақтың кейбір тұстарында менің тарапымнан қолпаштау, мадақтау аз болғанын өзім түсіндім. Сондықтан болашақта сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да оқушыларға сенімділік артып, олардың көзқарастарын, қызығушылықтарын ескеру қажеттілігін одан әрі дамыта түсуім қажет. Оқушының білім алуына келтіретін кедергілерді анықтап, сол кедергілерді жаңа педагогикалық технологияларды сабаққа ендіру арқылы жою. Сонымен қатар, оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді меңгеруге, ізденуге, зерттеу жүргізуге бет бұруым қажет. Бұл үшін педагогикалық, технологиялық және мазмұндық білімді бірге алып жүру маңызды. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Мен әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына көмегімді тигізуімді қалаймын.
Сонда ғана мен қазіргі заман талабына сай, жаңа формация мұғалімі боламын деген қорытындыға келдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Flavell, J.H., (1976). Metacognitive aspects of problem solving. [Проблеманы шешудің метакогнитивті аспектілері]. in: Resnick, L.B. (Ed) The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, Erlbaum).
Flavell, J.H., Green, F.L., and Flavell, E.R., (1995). Young children’s knowledge about thinking. Monographs of the Society for Research in Child Developmen. [Кішкентай балалардың ойлау туралы білімі]. 60 (1, Serial No,243) Forrest-Pressley, D.L., MacKinnon, G.E. & Waller, T.G. (eds) (1985) Metacognition, Cognition & Human Performance, New York: Academic Press.

Alexander, R.J., (2001). Culture and Pedagogy: International comparisons in primary education. [Мәдениет және педагогика: бастауыш білім берудегі халықаралық салыстыру]. Oxford, Blackwell Publishers.
Alexander, R. (2004). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту жағы: сыныптағы әңгімені қайта ойластыру]. Cambridge: Dialogos UK.
Alexander, R.J., (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk. [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау]. 4th edition, York, Dialogos.
Dewey, J., (1910). How We Think. [Біз қалай ойлаймыз?] London: Harrap.
Mercer, N., (2000). Words and Minds. [Сөздер мен ойлар]. London, Routledge.
Pollard, A., (2012). ‘Curricular Concepts’. [Оқу тұжырымдамасы]. Reflective Teaching. Online at http://www.rtweb.info/content/view/434/123/ (accessed February 19, 2012).
Schön, D., (1983). The Reflective Practitioner. How professionals think in action. [Рефлексивті практик: кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады?] London: Temple Smith.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ajsbespaeva (2015-02-27) | Автор: Беспаева Айсулу Оразовна E
Просмотров: 4923 | Комментарии: 2 | Теги: есеп, айсулу, рефлексивный | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-17, 2:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru