Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

М.Жұмабаев «Түркістан»
ШҚО Тарбагатай ауданы
КММ К.Нұрбаев атындағы орта мектебі
Тундикбаева Анар Амангелдиновна-қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Түркістан»
Сабақтың мақсаты: М.Жұмабаевтың «Түркістан»өлеңімен таныстырып, өлеңнің құрылысы мен көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Әрбір адам-Туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ-Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің- Тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің-Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады. Жаралдым топырағыңнан, сен – түбім,
Жалғаны жоқ бәрі сенен жан – тәнім.
Сенен басқа жерде мәңгі қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Күнім.
ІІІ. Жаңа сабақ. Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі өтетін сабағымыз – «Түркістан –ер түріктің бесігі ғой» деп аталады. Бұл тақырып аясында біз ақынның «Түркістан өлеңімен танысып, олардың мазмұны, құрылысы, көркемдік ерекшеліктеріне тоқталамыз.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң,
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген.
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
(Топтарға тапсырмаларды тарату. 4 топ ) «Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі. М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын. Түркістан қаласы тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі.
(тарихпен кіріктіру) -Түркістан туралы не білеміз?
-Түркістанның ескі атаулары қандай?
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
1-топ. 1.«Түркістан» өлеңінің жекелеген шумақтарын мәнерлеп оқыңыздар, өлеңнің тақырыбы не?
2.Өлеңдегі географиялық атауларды ата. 3.Өлеңдегі тарихи тұлғалардың атын ата. 4.Өлеңдегі қайталау түрлеріне мысал келтір. Дәптеріңізге жазып алыңыз.
Көркем тіл. Қайталаудың түрлері: 1. Жай қайталау. 2. Анафора. 3. Эпифора.Мысалдар келтіру.
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған. Ақын «Түркістан» өлеңінде Орта Азия алабының табиғи ерекшеліктерін жер – су қасиеттерін ерекше тебіреніспен суреттейді.
(Тянь-Шань тауы суреті) Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Жейхун, Сейхун екі өзеннің Сырдария, Амудария екеніне сурет арқылы түсінік беру.
Өлеңде келтірілген басқа да географиялық атауларды атайықшы.(Арал теңізі, Ыстықкөл, Хантәңірі, Тарбағатай , Памир, Алтай таулары)Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді.
Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
2-топ.1. «Өткен күн» өлеңін қысқаша мазмұндап беріңіз. 2. Аты мәлім қандай тұлғалардың аты аталған. Өлең жолдарынан үзінді келтіре отырып айтыңыз. 3. Осы өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, ақынның сезімі туралы айтып беріңіз. 4. 1 шумақ өлең құрылысына талдау жасаңыз. Дәптерлеріне жазып алу.
Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. (Тарихпен кіріктіру. Алаш, Алаш ардақтылары, Алашорда)
IV. Сабақты қорытындылау .
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2015-03-01)
Просмотров: 1607 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 6:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru