Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ғасыр ақыны - Мұқағали Мақатаев
І Слайд. «Қарасаздан ұшқан қарлығаш»
/Баяу музыка ойналады/
Ғасыр ақыны


Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда


Гүлжан: Армысыздар! Абылайдай көсем, Абайдай дана, Төледей шешен, Мұқағалидай ақын ұлын тәрбиелеген Қазақ елі! 9-ақпан Мұқағали Мақатаевтың туған күні! Поэзия әлемінің бірегей тұлғасы Мұқағалидың туған күніне орай өткізіліп отырған жыр кешімізге қош келіпсіздер!
Абззат: Армысыздар, Тәуелсіз елдің ұландары! «Ғасыр ақыны» атты әдеби сазды жыр кешімізге бастауға рұқсат етіңіздер!
Гүлжан: Мұқағали Мақатев – қазақ жырының Хантәңірі атанған ақиық ақын, біртуар талант иесі. Мұқағали өмірдің ащы – тұщысын көп тартқан, өмірдегі бар жұбанышы, қызығы ұл – қыздары мен жүректен шыққан жауһар өлеңдері болған, қазақ баласына бұйырған ақиық ақын еді. Өкініштісі оны өлім бізден ерте алып кетті. Бірақ бізден Мұқағалиды алып кеткен өлім, өлеңдерін алып кете алмады. Ендеше атамыздың бізге қалдырған өлеңдерінің бірін өз дауысында тыңдап көрейік. Экранға назар аударыңыздар!

ІІ Слайд «Өмір жайлы» /М. Мақатаевтың өз дауысында «Өмір жайлы» өлеңі тыңдалады/

Абззат: Ақын өлеңдерін тыңдаған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Бүгінгі кеште әлі сан ұрпақтың шөлдегеніне сусын, шаршағанына – сая, дертіне – шипа, шалдыққанына – демеу болатын Мұқағали ақынның жырларын мектебіміздің оқушылары орындайды.

«Бүгін менің туған күнім»
1 - Ислам
2 - Бурханидин
3 - Азиз

«Менің анкетам»
1- Дильназ
2 - Ильхам

Ән «Қарасазым» - Гүлжан Мұратбайқызы.

Абззат: Мұқағали атамыздың балалық шағы Қарасазда өткені баршамызға мәлім. Балалық шағы соғыспен тұспа – тұс келген ақын өлеңдерін 10-11 жасынан – ақ жаза бастады. Бала Мұқағалидың өлеңдерін тыңдап көрейік.
«Әкеме» - 6 А сынып оқушысы Дильдара
«Шеше сен бақыттысың» ГүлжанМұратбайқызы /үнтаспадан күй орындалады./

Абззат: Мұқағали әр күн, әр сағатта халықпен бірге жүрді. Халықтан үйренді, халқын сүйді, оның әрбір сөзін алтынға бағалады.
Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,
Сұрамаймын алтын менен көп жақұт.
Бір өзіме жетеді маған берсе де,
Халық, Отан, Тіл дейтұғын үш бақыт


«Үш бақытым»
6 А сынып оқушысы - Азиза
«Отан»
6А сынып оқушысы - Фируза

«Туған өлке»
4 А сынып оқушысы - Айсұлу
«Қарасаз»
6 А сынып оқушысы - Азиза
Гүлжан:
Қарсы алмаса, құрысын,
Қарсы алмаған.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған!
Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатсын ұйып жапанда дел сал далам.
Абззат:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені,
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын,
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.
«Наурыз думан» әнімен 10 сынып оқушысы Оразбекова Динараны қарсы алыңыздар!

Гүлжан:
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне сыр жасырмай!
Мұқағали Мақатаевтың мұңын шағып, сырласқан жақын адамдарының бірі қазақтың ақын қызы – Фариза Оңғарсынова. Ақын қыз өзінің бір сөзінде: «Мұқағали – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен – ақын. Қазақ жырының құдіреті» деген екен.

«Фариза»
6 А сынып оқушысы - Ильяр

«Арулар»
6 А сынып оқушысы Дильдара


«Сенің көзің» 8А сынып оқушысы Кан София

2-жүргізуші:
Бұл – қапас қуыста демің тарылғанда төбедегі нүктедей тынысыңды кеңейтер таза ауа секілді құдірет. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Бұл поэзия құдіреті».

«Поэзия»
6 А сынып оқушысы – Анар

«Ей, өлең»
6 А сынып оқушысы Анастасия

1-жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында.
Қазақ биімен алдыларыңызда 6А сынып оқушылары Фируза және Азиза

2-жүргізуші: Ақын күнделігінен /Күй орындалады. /
«Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар!
Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды...
Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...»

«Бұлқынып жатыр»
/Мұқағалидың өз дауысында үнтаспадан қойылады/

«Әлди»
6 А сынып оқушысы - Дильназ


«Дәрігеріме» Абззат Оралбекқызы /үнтаспадан күй орындалады

Гүлжан: Белгілі композитор Нұрғиса Тілендиев өз естелігінде: «Бірде Мұқағали екеуіміз оның ауылына демалып барған едік. Жайлауда демалып жатқанымызда малшы ағасы: Екі бірдей тамаша талант иесі жайлаудың төрінде отырсыңдар. Бірің – атақты композитор, екіншің – мықты ақын. Неге мына жасыл жайлау туралы ән шығармасқа? Нағыз Сарыжайлау деген мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе? – деп қалған. Осы сөз талай уақыт есімнен кетпеді. Күндердің күнінде осы ой жүзеге асып Сарыжайлау әні дүниеге келді» дейді. Ендеше 6 сынып оқушыларының орындауындағы Сарыжайлау әнін қабыл алыңыздар!

ІІІ Слайд. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абззат: Тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік ақынның жаралы жанын кім түсінген? Тірісінде қара өлеңнің қаймағын бұзбаған ақиық ақынның айбынды бейнесі, асқақ жырлары күллі Алаш жұртының көкейінен өшпек емес.
Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек...
Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.
Гүлжан:
Осымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Ғасыр ақыны» атты әдеби –сазды кешімізді аяқтаймыз! Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Муратбаевна (2015-03-02) | Автор: Гульжан E
Просмотров: 1038 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru