Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Туған күніңмен, досым!
«Бөбек» ҰҒПББСО,
«Өзін-өзі» гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Шайкулова Меруерт Алшынбайқызы
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Туған күніңмен, досым!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам баласының дүние есігін ашып, өмірге келген туған күн мересіжайлы түсінік беру
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру, қазақ тіліне тән әріптер мен дыбыстарды сауатты жазуға төселдіру.
Тәрбиелік:Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге, достықты қадірлеуге, бағалай білугетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер,
тірек сөздер, плакат,қима қағаздар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
- Бүгінгі сабағымызды әдеттегідей тыныштық сәтімен бастаймыз!
Тыныштық сәті. (баяу әуен орындалып тұрады)
Тыныс алуға зейін қою
Аяқ-қолдарыңды айқастырмай, түзу отыруларыңды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойғанда біздің миымыз тынығады. Ауаны ішке жұту арқылы тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Қане балалар, көзімізді жұмамыз... денелеріңді тік ұстаңдар, қолдарыңды партаға не тізеге қоюға болады.
1 дегенде дем аламыз, 2 дегенде шығарамыз...1,2 , 1, 2 (5-6 рет)
Рахмет балалар, көздеріңді ашуларыңа болады.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ. Бізге бүгін мектебіміздің ұстаздары қонаққа келіп отыр.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Зат есімнің тәуелдік жалғаулары (ереже жаттау)
«Әке, ана» сөздерін тәуелдеп келу керек болатын.(аралап тексеру)

ІІІ. Жан-жақты тексеру.
Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Олар қандай жалғаулар?
Соның ішінде біздің танысып жатқанымыз қандай жалғау?
Жауаптарыңнан сендердің өткен сабақты жақсы меңгергендерің көрініп тұр.
ІV. Мақсат қою. Бүгінгі сабақта «туған күніңмен досым» атты мәтінді оқып туған күн иесі туралы ұғымдарымызды толықтырамыз.
V. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе бөлімі.Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мына сөзжұмбақты шешіп көрелік. Мұнда сөздер берілген. Сендердің міндеттерің осы сөздерді дұрыс аудару. Ал,ендеше бастайық!
Т
У
Ғ
А
Н

К
Ү
Н
1.Дружный 3.Ученый 5. Точка 7. Дом
2.Время 4. Столица 6. Просторный 8. Хлеб
Ерекше жолақтағы сөзді оқиық. (хормен оқиды). Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған күн» деп аталады.

Енді сабағымыздың дәйексөзімен танысып алайық:
Сабақтың дәйексөзі:
«Адам боп оңай туғанмен, адам боп қалу – көп қиын»
Қадыр Мырза Әли
(1 ұл балаға, 1 қыз балаға оқыту , топқа оқыту. Мағынасын, мазмұнын сұрау.)
Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар, шыр етіп дүние есігін ашқан соң, адам деген атқа лайықты болып өмір сүруіміз керек, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, сүйіспеншілік, ақиқат, ішкі тыныштық сияқты рухани адамгершілік құндылықтар бізді ізгілікке, бақытқа бастайды. Мен де сендердің осы құндылықтарды бойларыңа сіңіріп еліміздің мақтанышы болар азаматтар болып ержетулеріңе тілектеспін.
Туған күн барлығымызға жақсы таныс мереке. Жыл сайын біз бір жылғаесейіп, айтулы күнді қуанышпен атап өтеміз.Кең дастархан жайып, қонақ күтеміз. Туған күн иесіне жақсы ниетпен ізгі тілектер айтып, сыйлықтар тарту етеміз.Мұның барлығы да сүйіспеншілікпен жүзеге асады. Туған күнде ән айтып, би билейміз.

1. Кітаппен жұмыс. Мәтінді оқыту. (Оқылым)
Бүгін - менің туған күнім. Менің туған күніме көп қонақ келді. Олар: атам, әжем, көршілер, достарым, сыныптастарым. Атам мен әжем компьютер сыйлады. Мен рақмет айттым.
Сергіту сәті.
Кел, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып,
Қазақ үйді құрайық.
2. Қима қағаздармен жұмыс.
Кім тапқыр? ойыны .
Туған күнге не сыйлауға болады? Балалар сыйлықтардың атын атап, оны кімге сыйлауға болатындығы туралы айтып береді.
Кәмпит, гүлшоғын қыз балаға, ұстазға, анаға сыйлауға болады.
Кітап, гүлшоғын мұғалімге сыйлауға болады.
Досыңа кітап, ойыншық сыйлауға болады.
3. Өз туған күнің немесе досыңның туған күні жайлы әңгімелеп бер. (Айтылым)
VІ.Жаңа сабақты бекіту.
Қ-Ғ, П-Б, К-Г
СЫЙЛЫҚ КІТАП ЖҮЗІК сөздерін тәуелдеу арқылы жаңа сабақты пысықтап, бекіту. (Жазылым)
Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындату. Ой қорыту.
Сонымен балалар туған күнге қандай тілектер айтамыз.
Зор денсаулық тілеймін!
Озат оқушы бол!
Ата-анаңның ақ үмітін ақтай бер!
Жетістіктерге жет!
Бақыт тілеймін!
Отбасыңның амандығын тілеймін!
Туған күнге ізгі тілектер айта отырып,бір-бірімізге сыйластық танытамыз, мейірімді болуды үйренеміз.
Олай болса балалар, үйде дайындап келген ашықхаттарыңа сабағымызға
қатысқан ұстаздарға жылы лебіздеріңді жазып ұсыныңдар.
Мұғалімнің сөзі: Әр жыл сайын есейіп, өмірлік бағыттарың айқындала түседі. Әл-Фараби атамыз: «Дұрыс – әрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады» – деген болатын. Өмір жолында дұрыс әрекет арқылы сендер ақиқатқа қол жеткізіп, елдің сүйіспеншілігіне бөленесіңдер. Әрекеті дұрыс адам ешқашан қиянат жасамайды, өзгеге қиянат жасамайтын адамның ішкі тыныштығы салтанат құрады.
Сондықтан да балалар әрбір істеріңе – дұрыс әрекет тілеймін, бір-біріңе деген сүйіспеншіліктерің арта берсін.
VI. Үй тапсырмасы. Ал, енді, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын
жазып алыңдар.«Менің туған күнім» тақырыбына шағын әңгіме жазып, өздеріңе ұнайтын сыйлықтың суретін салып келіңдер.

VIIІ. Бағалау. Бүгінгі сабақта барлығың өте жақсы, белсенді қатысып отырдыңдар. Барлығыңа алғысымды білдіремін. (оқушылырға бағаларын айта отырып қою)

Топпен ән айту. «Құтты болсын туған күнің» әні. Бота Бейсенова.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2015-03-04) | Автор: Шайкулова Меруерт Алшынбайқызы E
Просмотров: 1909 | Теги: Подарки, праздник, Радость | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru