Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Шешендік сөздердегі тіл көрнекілігі
Шешендік сөздердегі тіл көрнектілігі
Ана тілімізді терең меңгеріп, оның астарлы сырларына үңілемін, шешендік өнерден тәлім аламын деген оқушы қазіргі шешендер сөзімен қоса, шешендік толғаулар мен билер сөзінің көркемдігіне назар аударған жөн. Сөз өнеріне алғаш мән беріп, сөз өнері ғылымының қағидаларын түзген Ахмет Байтұрсынұлы іліміндегі терминдерді басшылыққа алып, талдар болсақ.
1. Көріктеу (эпитет)- бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқысы келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту. Көріктеудің үздік үлгілері шешендік сөздерде молынан ұшырасады.Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не қымбат, не қиын? Деген үш сұраққа жауап беріңізші» деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбектің берген жауабында мынадай өлең жолдары бар:
Алтын ұяң отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар таудай әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат («Ел ауызынан»)
Қазыбектің жауабына айтылған көріктеулер- алтын ұяң, құт берекең, асқар тауың, туып өскен, кіндік кескен. Бұлардың ішіндегі біразы (асқар тауың, туып өскен,кіндік кескен) әбден тұрақталған көріктеулер, алдыңғы екеуі- метафоралы көріктеу. Ал қалғандары (аймалайтын, өзің сүйген) жай анықтауыш болмай, көріктеу болатын себебі- бұлар қандай деген сұраққа жауап бермейді, тіркесе жұмсалып, белгілі бір ұғымды көріктеп беруге қызмет етеді.
2. Теңеу. Ахмет Байтұрсынұлы теңеудің екі түрлілігін айтады:
Әншейін теңеу, әдейі теңеу.
Бір жолы қырығыз Қызылым қарт Жиренгенше кездесіп қалып:
-Шешен, сізден сұрайын деген бір жоғым бар еді. Он бес лақ, жиырма бес серке, отыз бес орақ, қырық бес қылыш, елу бес егеу, алпыс бес арқан, жетпіс бес шідір жоғалттым. Осыған құлақдар болыңызшы,- дейді.- Жарайды дейді Жиренше шешен.
-Жоғыңыздың жөнін айтып берейін, өзіңіз тауып алыңыз.
-Он бес жас құйын қуған желмен тең, жиырма бас дауыл ұрған перімен тең, отыз бес ағып жатқан селмен тең, қырық бес аю аспас белменен тең, жетпіс бесте көңілің жерменен тең, сексенде секілдеген шал боларсың. Тоқсанда толық миың орта түсер.
Жүзде дүниеден күдеріңді үз, өлмесең де өліден кем боларсың,-дейді.
-Әттеген-ай, өзіме жиырма бестегі жігіттей едім, көңілімнің жердей болғанын қарашы, бекер-ақ сұраған екенмін, деп сонда Қызылым қарт жантая кеткен екен.
Жиреншенің қырғыз Қызылымға берген жауабында тең деген сөздің көмегімен жасалған. Жиренше теңеу етіп алған нәрсесін айшықтап көрнектеп береді (дауыл ұрған пері, ағып жатқан сел, аю аспас бел, т.б.) Көркем тілде теңеу-дай,-шы жұрнақтарымен, секілді, тәрізді, бейне, тең сөздерінің тіркесімен жасалады.
3. Бейнелеу ( метафора). Сөздердің ауыс мағынасы деп олардың ауыстырып қолданылуынан туындап тұрақтаған мағынаны айтамыз. А.Байтұрсынұлы бейнелеу деп бір нәрседе болмайтын күйді, екінші нәрседе болатын күйді көрсететін сөзбен айтуды айтады.
«Ол ауысу екі түрлі болады: 1) тіл ауысуы; 2) лұғат ауысуы;. Әдеттегі ауысу тілдік болады да, айтушының сөздігіндегі ауысу лұғаттық болады» дей келіп, тілдегі ауысуға мынадай мысалдар келтіреді: суық сөз, жел сөз, қызыл тіл, ант ұрған, ми ашылған, т.б.
Ахаң келтірген бұл мысалдар бейнелі фразеологизмдерге жатады, олай болса, тілдегі ауысу тұрақтылық сипат алады екен де, лұғаттағы ауысу бейнелі қолданыс болып қалады.Олардың ішінде тілдің даму барысында тұрақтылық сипат алатыны болады.
Шешендік сөздерді шешен көркем етіп тұрған да осындай бейнелі қолданыстар. Мысалы. Бір жылы құрбан айтында құрбан шала алмаған Байдалының бұл « айыбын» бетіне басқысы келген Таумұрын молда:
-Ауқатты ағаң, бай балаң бар, інің де отқа қарап отырған жоқ, солардан неге сұрамайсың, құдайдан қорықсаң қайтеді,- депті. Сонда Байдалы шешен молдаға:- Сөйлемесе, сөздің атасы өледі. Айтпаса естімейтін саңыраулар бар, ашпаса, көрмейтін соқырлар бар. Ағадағы мал-аспандағы мал, інідегі мал-індегі мал- баладағы мал-даладағы мал. Сұраған адам- қайыршы, ұрлаған адам-қарақшы депті.
Бейнелеудің өзі тыңдаушының көңілін қозғап, санасына сәуле түсіреді, ойына ақыл қосады. Метафора (грекше-көшіру)- ауыстыру, суреттеліп отырған затты не құбылысты өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау.
4. Алмастыру ( метамония). Арасында жақындағы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады. ( А.Байтұрсынұлы). Алмастыруда екі нәрсенің арасында белгілі бір байлныста болад. Біріншісінің орнына екінші нәрсені алмастырып айту фразеологизмдерден де байқалады: қанға тоймайды, ат қойды, атай берді, аттың жалын құшады, етек-жеңін жиынды, ауызын шалу, көз көрген т.б.Осылардың бәрінде бір нәрсенің өзін айтпай,оның орнына жақындығы бар басқа нәрсені алмастырып айту тән. Қанға тоймайды-нәрсенің орнына белгісі, ат қойды, атой берді-қимылдың орнына тәсілі, аттың жалын құшады- құбылыстың орнына құбылысы, етек-жеңін жиыну-бір іске буынып, түйінгендік, аузын шалу-қартаю, алжу, көз-көрген-таныс, біліс т.б. Немесе қолы шапшаң дегеннің орнына қаламы жүйрік, сөзуар дегеннің орнына тілі ұзын деп сөйлеу де метонимияға жатады. Бір ұғымды меңзеп, тұспалдап жеткізу-шешендік сөздердің сөйлеу үлгісіне кіреді. Мысалы. Қазыбек әкесінен рұхсат алып, біраз жолдасымен Төле бидің алдына сәлем бкріп келіпті.
- Шырағым « баз бала әкесінен өтіп туады, баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» деген. Сен соның қайсысың?» дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ай деймін,-дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым, жарайсың,-деп Төле би балаша жадырап ризалығын білдіреді.
- Алысыңыз қалай?-дейді Қазыбек те сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қалай болды?
- Тәттім шырын болды.
- Несиеңіз қалай?
- Несием шүкір, өніп жатыр.
Қазыбек ауылына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен «Балам Төле бимен не деп сөйлесті?!» деп сұрағанында:
-Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәнісіне түсіне алмадық,-десті олар. «Олары несі екен?» деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалады. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.
-Төкеңнің «Алысым жақын болды» дегені-қос жанарын айтқаны. «Тәттім шырын болды» дегені-ұйықысының қашқанын білдіргені. «Шүкір несием өніп жатыр» дегені- балаларының жақсы бағып, жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені,-дейді.
Осында Төле би мен Қазыбектің даналығы, сөзге ұсталығы, сыпайылығы көрінеді.
5. Бернелеу (символ). « Бір нәрсенің, көбінесе адамның мінезін, құлқын, ,амалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп айту-бернелеу болады. Қазақтың бернемен сөйлеп отыр дегені-осыбернелеу. Бернелеу де, бернелеуде де ұқсас нәрсенің бірін-бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып кетеді» (А. Байтұрсынұлы).
Ол бернелеу біткеннің бәрін лебіз мағынасыннан басқа астыртын мағынасы болғандықтан, бернелеу өте ұзақ болса, айтушы баяндау беретіндігін, я болмаса ұшығын көрсетіп қоятындығын, сондай-ақ, бернелеу шығарманың неғұрлым лұғаты жайнақы, ойнақы келсе, әдемі болып шығатындығын, ал жайнақылық, ойнақылық кем болса, бернелеу әдемі сөз болмай, әншейін сөзге айналып кететіндігін айтады.
Осы шарттарға лайық бернелеудің үздік үлгілерін шешендік сөздерден кездестіреміз. Байдалы шешен Шоқанның әкесі Уәлихан қайтыс болғанда, не себепті келе алмай, кешігіп келгендігін айту үшін Айғанымға былай дейді:- Ер қартайды, малтайды, екеуледі, ей ханым, қатын жалқау, ұл ынжық, төртеуледі ей ханым. Келін қатал кер болды, ағайын жат ел болды, алтаулады, ейханым. Кәрілік пен кедейлік, егіз келді ей ханым. Мұның бәрін санасаң, сегіз болды, ей ханым. Қаусаған жақ, иек бар, саудыраған сүйек бар. Ауыл алыс жер болды, тоқсан темір тор болды, оннан асты, ей ханым.Шығар жолды осыдан өзің тапшы, ей ханым.
6. Әсірелеу. Әсірелеу фольклорға қарағанда шешендік сөздерде жиі қолданылмайды, себебі фольклорда адам арманы, қиялы көрініс береді,ойдан шығарылған жайттар сөз болады, ал шешендік сөздер болмысты бейнелейді, өмірге қажетті тақырыптарды әңгіме етеді. Дегенмен, мадақтауға құрылған шешендіктің кейбір түрлерінде әсірелеу кездеседі.Бағаналы Бөрбас дейтін байдың «Шаппай бер» атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған. Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ақымет хан қара қасқаны қалап алуға көңілі кетіп, оған бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас Бала биді жұмсапты.
Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:
-Қандай бұйымтайының бар еді, сөйлей отыр?- дегенде Бала би:
-Ханнан сәлем әкелдім, бағаналы Бөрбасым. Қасым жомарт сияқты даңқың аян болғасын. Қалауын айтты қармаулы салмағы зіл қорғасын. Берсін дейді ренжімей қара қасқа жорғасын. Хан да жомарт өзіңдей, жанар таудың көзіндей. Жорғаңыз да дүлдүл ғой көздің жауын арбайтын. Жауға мініп барсаң да, Ешқандай мін таңбайтын. Шыныдай мұзға салсаң да, тас тұяғы таймайтын, құбылып басып ойнайтын....
Қара қасқа жорғаны, сыйладым деп ханыма, жөнің бар жанға байлайтын, депті. («Шешендік шиырлары»).
Бала бидің мақсатымен орындалуына оның Бөрбастың психологиясын дөп басып, ойын мадақтауға құрғандығы көмектесті.
7. Мезгеу (синекдоха). Бір ұғым орнына екінші ұғымның айтылуы мезгеу болады.
Шешендік сөздерде кездесетін мезгеу образдылыққа құрылады, даналыққа негізделеді. Мысалы. Кенже баласын үйлендіріп құда шақыру жоралғысын орындап жатқан Мөңке Сырымның «Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын» деген батасының сырын түсінбегендерге былай деп ашып береді: Екеуміздің балаларымыз қосылып, ата жолын ілгері жалғастырмақшы. Сенің балаң маған келін болып түседі. Ол үш шаңыраққа ие болады.Біріншісі-қайын жұрты, екіншісі-нағашы жұрты, үшіншісі-төркін жұрты. Сол сияқты, менің балам саған күйеу болады. Ол да үш шаңыраққа ие. Олар- өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Демек, екі бала қосылғанда алты шаңырақ шығып тұр. Осы алты шаңырақтың іргесі ажыраспаса-онда біздің ағайындылығымыздың мәңгіге кеткені. Осы аталған алты шаңырақ ажыраспаса-сол алты шаңырақты құрап отырған алты рулы елдің татулығы. « Құда-мың жылдық» деп осындай тамырлы жарастықты атаса керек. Осындағы үш шаңырақ, алты шаңырақ,алты рулы ел, құда-мың жылдық деген ұғымдар мезгеуге жатады.
8. Әсерлеу. Әсерлеу сөздің әсерін күшейтіп сөйлеуді айтады.
Әсерлеуге А.Байтұрсынұлы таныған арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кескіндеумен қоса параллелизм, аллитерация мен ассонанстар жатады. Арнаудың бір түрі сұрай арнаудағы стильдік амалдың бірі-риторикалық сұрақ.
Риторикалық сұрау жауап алу үшін қолданылмайды,шешендік сөзде айтылатын басты ойға назар аудартады, логикалық екпін түсіреді. Мысалы, « Арғымақ баптап не керек» деген шешендік үлгіде ел арасындағы кикілжің, жанжал кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті:
Арғымақ баптап не керек, жабы қуып жеткен соң.Ағайын-туған не керек, аңдысып күні өткен соң. Бес күн жалған өтеді, ажалы қуып жеткен соң, бір төбенің басына, тыға салып кеткен соң. «Сөйле, Төке» дейсіздер, жастар бар ма тыңдайтын? Бұрынғыдай жұрт қайда? Айтатын оны біз қайда?
Шешендік сөздердегі арнау көпшілікке қатысты әлеуметтік мәселелерді қамтиды және жұртшылыққа ой тастау үшін айтылады.
Шешендік сөздерде қолданылатын қайталаулар ойдың жұтандығынан немесе сөйлеудегі орашолақтықтан тумайды, белгілі бір стильдік мақсатты көздейді, шешендік сипат береді: оның үстіне айтылатын лебізді көркемдеуге қызмет етеді. Қайталанатын сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер негізгі ойға, айтылмақ нәрсеге көңіл аударып, көбірек назар салғызу үшін ой екпінін түсіреді. Шешендік сөздерде қайталаудың мынадай түрлері молынан ұшырасады: сөздің бір сөйлем ішінде не сөйлем аралығында қайталауды, анафоралық қайталау (өлең жолдарындағы бастапқы қайталаулар), эпифоралық қайталау ( өлең жолдарындағы соңғы қайталау). Мысалы,Төле бидің қойған он түрлі жұмбағына жауап берген Қаз дауысты Қазыбектің сөзі қайталауларға құрылған.
Бір дегеніміз- бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман.Үш дегеніміз-үш бұрақты шідер шошынған ат жаман. Төрт дегеніміз-төсектен безінген жас жаман. Бес дегеніміз- белсеніп шыққан жау жаман. Алты дегеніміз-асқынып кеткен дерт жаман. Жеті дегеніміз-жас келіншек жесір қалса сол жаман. Сегіз дегеніміз-серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегеніміз-торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман. Он дегеніміз-оңалмас кәрілікке дауа болмас.
Осы шешендіктің әсерлігі сөздік қайталауда ғана емес, дыбыстардың үндестігіне,сөйлеудің әуезді айтылуында. Дыбыстардың біркелкілігі арқылы сөздердің құлаққа жағымды естілуі, сөйлемдердің үндесе тізілуі арқылы сөйлеудің әуезді айтылуы-шешендер қолданған амалдардың бірі. Жоғарғыда келтірілген Қазыбек бидің сөйлеуінде әрбір жолда сөздер үндесіп келіп отырады. Сөздердің үндестігі сан есімдерді қолданудан және соған сәйкес дыбыстардың біркелкілігінен келіп шығады. Бірінші жолда б дыбысы, екінші жолда е дыбысы, үшінші жолда ү, төртіншісінде т, бесіншісінде б, алтыншысында а, жетіншісінде ж, сегізіншісінде с, тоғызыншысында т, оныншысында о, дыбыстары қайталанып отырады.
Екі нәрсені қатар қойып, қарама-қарсы суреттеу арқылы екеуінің арасында айырмашылық көзге айқын көрінеді. Сөздің әсерлілігін арттыру үшін шешен сөздерде бұл тәсіл көп қолданылады. Мұны шендестіру ( антитеза-гректің «қарама- қарсылық» сөзі) деп атайды. Мысалы, Байдалы айтыпты деген мына бір толғауда халық арасында нақылға айналып кеткен « Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген қанатты сөз жамандық-жақсылық жағынан шендестіре салыстырылып, кеңейтіліп беріледі.
Ағасы бардың, жақсы болса,жағасы бар, жаман болса, інісіне жабар жаласы бар. Інісі бардың, жақсы болса тынысы бар, жаман болса, ағасына берер жұмысы бар. Баласы бардың, жақсы болса, панасы бар, жаман болса, құдайдан берген пәлесі бар.
Пікіріңді сөйлегенде алдыңғы сөзіңнен артқы сөзіңнің қуаты асып отырса дамыту (градация-латынша «бірден-бірге күшейте беру») болады. (А.Байтұрсынұлы). Дамыту күрделі ойды беруде қолданылады, бір ойдан екіншісі туындап, бірінен екіншісі үстем болып отырады. Мысалы, «Хан табылар, қараша табыла бермес» деген мәтінде Бәймен бидің де, Арыстан деген билеушінің де сөзі дамытуға құрылған.
Бәймен би:-Иә, төрем, сіз төрелікті аққа бермейді екенсіз, қараға береді екенсіз.Қараға да бермейді екенсіз, параға береді екенсіз. Мен ел жисам да Жансүгірдей мал жимаған екенмін, мал жисам да нар жимаған екенмін, нар жисам да аң жимаған екенмін.
Арыстан билеушінің сөзі:- Биеке, ғафу ете гөр, қадірің өтті, кісіге мал серік емес, ел серік екен, елде қадіріңді білетін ер серік екен. Мен адасқан екенмін, параға қызыққаным надандығым екен, арды ойламағаным ақымақтығым екен, малдан ел қымбат екен, елде ер қымбат екен, ерден ар қымбат екен.
Шешендік сөздердің айшықтылығы-олардың қай-қайсысының болмасын параллелизмге құрылатындығына.Синтаксистік параллелизм- грекше «қатар жүру, қанаттасу», яғни екі ұдай нәрсені, құбылысты,ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Р. Сыздықова синтаксистік параллезизмге «Аз нені айтады? Көптен көрген қорлығын айтады. Көп нені айтады? Азға жасаған зорлығын айтады» деген сөйлемді мысалға келтіріп аз- көп, көрген-жасаған қорлығын-зорлығын деген тұлғалардың параллель жұмсалып тұрғанын айт ады. (« Әдеби тілдің ауызша түрі» А.. 1987,67-б).
Шешендік сөздер мазмұны жағынан да, синтаксистік құрылымы жағынан да параллель болып келеді. Параллель жасайтын элементтер-салыстырмалы ұғымдар, тұлғалас сөздер,жасалу жолы бірдей сөйлемдер, сөздік қайталаулар, ырғақ, ұйқас.
Шешендік сөздерде параллелизм, ең алдымен, ұйқасқа негізделеді.
Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқыр ар. Кісі бірге туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады, Жол қуған олжаға жолығады.Төле сен жылқыны қайыр, Қазыбек, сен жесірін қайыр!
(Әйтеке би).
Бұрынғы даналардан, билерден, шешендерден қалған сөздер ділмар сөз деп аталады. «Ділмар сөз иесінен айырылса, я тақпаққа, я мақалға я мәтелге айналып кетеді», -дейді. А. Байтұрсынұлы.
Бұрынғы шешендік сөздер мен қазіргі шешендер сөздерінің тақырыбы да, стильдік сипаты да, қолданылытын орындары да бірдей емес. Әйтсе де, бұрынғы шешендік сөздер тақырыптық- мазмұндылығы жағынан, ақылға қонымдылығы, есті тәрбиелеуге бейімділігі жағынан, тілінің қуатты, көркем, мәнділігі жағынан қазіргі шешендік сөздерден бір де кем түспейді, бұлар құнын жоймас асыл сөз қазынасы.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Асхатовна (2015-03-05) | Автор: Айгуль E
Просмотров: 3520 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru