Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мақатаев оқуы
Әдебиет сабағы 7 сыныпта
Мектептік Мақатаев оқулары
Жүргізуші: Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер өнер сүйер, оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!
жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.
Жүргізуші:
Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен.
Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі кешіміз Мұқағали ақынға арналмақ.
Бүгінгі Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
- оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.
Сайысымыз 3 бөлімнен тұрады.
1 бөлім «Менің пірім-Мұқағали»-өлеңді жатқа оқу.
2 бөлім «Мен Мұқағалиды білем бе?»- сұрақ –жауап.
3 бөлім «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»-өлең шығару

«Менің пірім - Мұқағали» оқушылар Мұқағалидің бір өлеңін жатқа оқиды, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс.

Мұқағали оқуларына қатысушы оқушыларды таныстырып өтейін. (Аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келуі керек.)
1.Сартаева Рания- «Елім барда»
2.Тлейхан Махаббат- « Қара өлең»
3.Жанакулова Нуршапағат-«Мен таулықпын»
5.Набиева Динара- «Фантазия»
6. Кунжаксина Адина-«Өзіммен өзім»
7.Искаков Диас- «Алматының аспаны»
8.Гаивбек Аманбол-«Отан»
9.Амырканова Камила- «Асығып алыс кундерде»
10.Шокыбаев Санжар-« Халық үні »
11. Досмағамбетов Жандос- « Ү ш бақытым»
Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы оқушылар барлығыңызға сәттілік тілейміз.
Әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
1. Бейсекеева С.А.- оқу ісінің меңгерушісі.
2. Зиябай Бахытбек- қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Жүргізуші:
Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын.
1 бөлім « Менің пірім –Мұқағали»
Жүргізуші:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»- деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.
2 бөлім « Мен Мұқағалиды білем бе?»-сұрақ –жауап
1.Мұқағалидың азан шақырып қойған аты? (Мұхаммедқали)
2.Мұқағалидың анасының аты? (Нағиман)
3.Мұқағалидың әкесінің аты,қандай соғысқа қатысты?(Сүлеймен)
4.Мұқағалидың әжесі. (Тиын)
5.Мұқағалидың жары. (Лашын) шын есімі (Ләсима)
6.Мұғағалидың поэмаларын ата?
7.Мұқағалидың неше баласы бар?(барлығы алтау,қазір төртеу. Ұлдары –Жұлдыз,Айбар, қыздары-Алмагул,шолпан.)
8. Ақынның «Фариза қыз»өлеңі кімге арналған?(ақын Фариза Оңғарсыноваға)
9.Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты?(сергей Есенинді)
10.Мұқағали ағамыздың өлеңдерін ең көп жазған сазгер кім?(Нұрғиса Тілендиев «Сарыжайлау»,»Дариға,домбырамды берші маған»т.б)
Смагулова Арайдың орындауында-« Поэзия» өлеңі
3 бөлім »Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»-өлең шығару ( 5 минут)
Өз мәресіне жақындады әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.
М.Мақатаев әні-тыңдалады.
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды:
Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Мұқағали оқуларына қатысқан оқушыларға көптен-көп рахмет.
Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы, болсын.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Aina0508 (2015-03-07) | Автор: Аксеитова Айнаш Балтабаевна
Просмотров: 316 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 8:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru