Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Статья
ШҚО, Семей қаласы
«35 ЖОББМ» КММ
Қазыбаева Ж.К.
«Қазақ тілі сабақтарында денсаулық сақтау технологиясын қолдану»
Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында оқытуды ізгілендіру мақсатында заманауи педагогикалық технологиялардан жиі пайдаланатыным: модульдік оқыту технологиясы, БиС технологиясы, оқытудың ойын технологиясы, ақпараттық компьютерлік технологиялар, деңгейлік оқыту технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы және т.б.
Педагогикалық технологиялардың басты мақсаты оқушыларға қажетті оқу материалдарын жеткізу ғана емес, сонымен қатар оқушының психологиялық дамуы, тәрбиеленуі, тұлға ретінде қалыптасуы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.
Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында қимылды ойын технологиясын қолдану өте тиімді. Сергіту сәттерінде көзге, саусақтарға, мойынға арналған және тыныс алу жаттығуларын жасату бала денсаулығына пайдалы деп санаймын. Сондай-ақ, оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша алған тілдік және танымдық біліктіліктерін жетілдіру, сөйлеу әрекетін қалыптастыру мақсатында қосымша тіл дамыту мәтіндері бойынша жұмыс жүргіземін.
Мәтінмен жұмыс. 1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, аудар. Сөйлем түрлерін анықта.
ДЕНСАУЛЫҚ – БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ.
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ. Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау – адамдардың өз қолында. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу қажет. Денсаулықтың нашарлауына көңіл-күйдің де әсері зор. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір сүру салтын ұстануымыз қажет.
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.
1. Өмірдің шаттығы мен қызығы неге байланысты?
2. Денсаулықтың нашарлауына ненің әсері зор?
4. Денсаулықты қалай сақтау керек?
5. Сен қысқы демалыста қайда барасың?
6. Семейде қандай демалатын орындар бар?
7. Қарағайлы орманға кіммен бірге барасың?
8. Шана, шаңғы тебуді ұнатасың ба?
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жаз.
Салауатт… өмір сүр…ен адамны… денсаулы…ы өте тамаша болады, ұза… өмір сүред… және ол адамның жүр…с-тұрысы жарасымды, сымбатты көр…неді. Тәннің ләззаты – саулы…ында, жанның ләззаты – біл…мде.
Мәтінмен жұмыс. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудар.
ТҰМАУ.
Тұмау – ауа арқылы берілетін инфекция. Егер тиісті ережелерді сақтамасақ, әсіресе, инфекцияның жаппай таралуы кезінде тұмаумен ауырмай қалу мүмкін емес. Ауру адам түшкірген, жөтелген, сөйлескен кезде вирусты өзін қоршаған ауаға, айналадағы заттарға шашырату арқылы сау адамға жұқтырады.
Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының жоғарылауы, мазасыздық, бас ауру біліне салысымен үйге дәрігер шақыру қажет. Ауруды оңашалаған жөн. Оны күтушілер мұрны мен аузын жауып тұратын төрт қабатты дәкеден жасалатын маска киіп, қолдарын жиі сабындап жуып тұрғаны дұрыс. Ауру жатқан бөлмені жиі желдетіп тұру керек.
Сөздік

Жаппай тарату-распространить повсеместно
Түшкірген кезде-во время чихания
Шашырату-брызгать, здесь распространять
Оңашалау-отделить

Сілекей-слюна
Мазасыздық-беспокойство
Белгілері-признаки
Дәке-марля
Керек-жарақ-необходимое


2-тапсырма.. Мәтін бойынша диалог құрастыр.
3-тапсырма.. Берілген сөздерді құрамына талдап, әр грамматикалық формаға сипаттама бер, аудар:

Беру
берген
Берілді
берілетін
бермеді
берілмейді

Шашу
Шашырату
Шашырады
Шашыратты
Шашырамайды
Шашырамаған

Таза
Тазалық
Тазала
Тазалау
Тазалайды
Тазаламаған

4-тапсырма.. Көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жаз.
1.Тұмау - ... арқылы берілетін инфекция
А. зақымдайды
В. жер
С.ауа

2.Ауру адам түшкірген, жөтелген, кезде вирусты айналаға шашырату арқылы сау адамға...
А.зақымдайды
В.жұқтырады
С.шалдықтырады
3. Ауру жатқан бөлмені жиі ... керек.
А. желдетіп тұру
В. шектеу
С. жауып тұру
Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аудар.
ТЕМЕКІ.
Темекі - адамның көз жанарына зиян. Көп жылғы зерттеулерге қарағанда темекі түтініндегі никотин, көмір қышқыл газы, цианид, күкірт қышқылы, күкіртті сутегі, тағы басқа зиянды заттар көздің көру қабілетін жойып жібереді екен. Амблионияға ұшыраған адамға қызыл түс анық көрінбей, ақшыл болып көрінетінге ұқсайды.
Темекінің адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, жылдамдығын тежейтін де зияны бар екен.
Сөздік
Көз жанарына-на зрение
Түтініндегі-в дыме
Тежейтін-затормаживающий
2-тапсырма..Сұрақтарға жауап бер
1. Темекінің зияндығы қандай?
2. Зерттеулер қорытындысы нені байқатады?
3. Қандай адам түстерді ажырата алмайды?
3. Темекі тартатын адам тақырыбы бойынша ассоциация жаса.
3-тапсырма.. Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Темекі адамның көз жанарына зиян. Темекінің адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, жылдамдығын тежейтін де зияны бар екен.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Дастан (2015-03-10) | Автор: Қазыбаева Жанат Какимовна E
Просмотров: 678 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru